
7, 13
Бұл құжат тек басып шығарылған күні ғана жарамды. Басып шығарылған күнін білмесеңіз, IFU соңғы
нұсқасының пайдалануына көз жеткізу үшін қайта басып шығарыңыз (www.e-ifu.com сайтында бар).
Ең соңғы жаңартылған IFU пайдаланылатынына көз жеткізу үшін пайдаланушымен хабарласыңыз.
операцияға, жұлын-ми сұйығының кемуіне немесе
фистулаға және менингитке әкелуі мүмкін.
14. Жағымсыз ткань реакциясы. Цементтің ықтимал ұзақ
мерзімді күйі нашарлауынан болатын ықтимал жергілікті
немесе жүйелік кері реакциялар. Механикалық үйкелу тозу
қалдықтарын тудырады.
15. Хирургиялық жарақат пен жабдықтың болуына байланысты
тамырлы зақым. Тамырлы зақым өте көп мөлшерде
немесе өлімге әкелетін қан кетуіне әкелуі мүмкін. Үлкен
күре тамырлар немесе көк тамырларға жанасатын дұрыс
орнатылмаған имплантаттар осы тамырлардың эрозиясына
және отадан кейінгі кезеңде өте көп мөлшерде қан кетуіне
әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, цементті пайдалану нәтижесінде
жергілікті тамыр эрозиясы және бітелуі орын алуы мүмкін.
16. Сөл тамырларының зақымдалуы және/немесе сөл
сұйықтығының бөлінуі.
17. Жұлының соғылуы немесе зақымдануы.
18. Сүйек құрылымдарының сынуы. Қосылған омыртқа
деңгейлеріне жанасқан сегменттердегі сыну, дегенеративті
өзгерістер немесе тұрақсыздық.
19. Өлімге себеп болуы ықтимал өкпе эмболиясы. Цемент,
май немесе ауа эмболиясы.
20. Анафилаксия. Аллергиялық безгек.
21. Қан қысымының уақытша төмендеуі. Гиперсозылу немесе
гипосозылу.
22. Тромбофлебит.
23. Қан құйылуы және гематома.
24. Жүрек аритмиясы.
25. Гетеротопиялық сүйек құралуы.
26. Гипоксия.
27. Бронхоспазм.
28. Ауыру және/немесе функцияны жоғалту. Цемент
полимеризациясы кезінде шығатын жылуға байланысты
аурудың уақытша артуы.
29. Герматурия немесе несеп шығарудың бұзылуы.
30. Қуық жарасы.
31. Жергілікті невропатия.
32. Сүйек цементінің мақсатты қолдану аумағынан асып
кетуіне байланысты нервтің қысылуы және дисфагия.
33. Адгезияларға байланысты ішек өтпеуі және полимеризация
кезінде шығатын жылуға байланысты бүйір ішектің
тарылуы.
Цементті пайдалану нәтижесінде орын алатын жағымсыз
оқиғалар туралы ақпаратты CONFIDENCE SPINAL CEMENT
SYSTEM, CONFIDENCE Spinal Cement, V-MAX араластыру және
жеткізу құрылғысы, VERTEBROPLASTIC рентген сәулелерін
өткізбейтін шайырлы материалы және VERTECEM V+ Cement
жинағы қаптамаларының қосымша беттерінен қараңыз.
ЕСКЕРТУЛЕР
1. EXPEDIUM омыртқа жүйесін пайдаланумен байланысты
ескертулерді EXPEDIUM омыртқа жүйесі орамасының
кірістірмесінен қараңыз.
2. Пайдаланылатын цемент түріне қарай, пайдалану
нәтижесінде орын алатын жағымсыз оқиғалар туралы
ескертулер тізімін CONFIDENCE SPINAL CEMENT SYSTEM,
CONFIDENCE Spinal Cement, VERTEBROPLASTIC рентген
сәулелерін өткізбейтін шайырлы материалы немесе
VERTECEM V+ Cement жинағы қаптамаларының қосымша
беттерінен қараңыз.
Қолданылатын цементті араластыру,
жеткізу уақытының және оның қамтылу уақыты
температуралары диаграммасын басшылыққа алыңыз.
3. EXPEDIUM омыртқаға арналған тесіктері бар бұрандаларын
викортикалдық түрде ОРНАЛАСТЫРМАУ керек. Цементтің
ретроперитонеалдық кеңістікке шығып кетуін болдырмау
үшін, доға қабырғасын немесе омыртқа денесінің
алдыңғы қыртысын бұзып алмау өте маңызды. Бұл өте
ауыр асқынуларға, соның ішінде, цементтің құйылуына,
эмболияға немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін, әсіресе
цемент кездейсоқ бұранда ұшы арқылы жеткізілсе.
4. Сәйкес ораманың қосымша бетіндегі жеткізу жүйесінің
нұсқауларына ерекше көңіл бөліңіз. Цементті күшпен енгізу
цементтің ағуына немесе құйылуына әкелуі мүмкін.
5. Доғаны дайындағанда, бұранда өлшемін таңдағанда
және орналастырғанда дәлдікті сақтау керек, сондай-ақ,
цементті қауіпсіз әдіспен жеткізу керек. Бұранда ұзындығы
омыртқа денесі үшін тым қысқа болса немесе артық
цемент көлемі омыртқа денесіне айдалса, доғаға цемент
шығу қаупі жоғары болады.
6. Кейбір кітаптарда цементтің құйылу жағдайларын азайту
үшін әр доғаға жеткізілетін цементтің көлемі 2 см 3-тан
аспауы керектігі, әрі цементтің үлкенірек көлемін жеткізу
бұранданың тартып шығаруды немесе басқа нәтижелерді
міндетті түрде жақсартпайтыны айтылады. Кейбір
кітаптарда PMMA цементін пайдаланып енгізілген
цементтің жалпы көлемі айналым асқынуларына әкелуі
мүмкін екені айтылады.
2018-03-09 04:03:33