
36
ҚазаҚша
кейінге қалдыру үшін 3 секунд бойы (
35) «БАСТА/ТОҚТАТ» басқышына басып
оны басулы күйі ұстап тұру керек
.
- Температураны ұстап тұру тәртібін өнімдерді жылыту үшін қолданбау
керек.
–
Пісіру бағдарламасы біткен соң, розеткадан желілі сымның айырын ажыратып
желілі сымды мультипісіргіштің корпусында (5) орналасқан ұяшықтан (16)
ажыратып алу керек.
–
(8) басқышына басу арқылы қақпақты (9) ашу керек.
–
Ыстықтан қорғайтын асханалық қолғапты киіп алып, үлгіні тұтқасынан (2)
ұстау керек, оны сағат тіліне қарсы бұрап сыртқа алып шығу керек.
–
Үлгіні 10 минут бойы салқындатып алу керек.
–
Күйіп кетуден қорғайтын жабыны бар асхана қалағын пайдаланып, пісірмені
үлгінің(2)түбі мен қабырғаларынан ажыратып алу керек.
–
Пісірілген нанды алып шығу үшін үлгіні (2) аудару керек және оны мұқият
сілку керек.
–
Ілмектің (3) көмегімен наннан қалақты (4) алып шығу керек және 10 минут
бойы нанды суытып алу керек.
–
Нанды өткір нан кесетін пышақпен кесу керек.
Пісірудің пайдаланушы тәртібін баптау
1.
(34) «НАН ПІСІРГІШ» басқышына басу керек, дисплейде «Нан»
бағдарламасының индикаторы пайда болады.
2.
(34) «НАН ПІСІРГІШ» басқышына тағы басу керек, дисплейде бірінші
пайдаланушы бағдарламасының «bp1» белгісі пайда болады.
3.
(36) «МӘЗІР» басқышына басу арқылы, бағдарлама нөмірін таңдауға болады
(«bp1», «bp2»… «bp5»).
4.
Таңдалған бағдарламаны баптауға өту үшін (34) «НАН ПІСІРГІШ» басқышын
3 секунд бойы басулы күйі ұстап тұру керек, дисплейде
(алдын ала
қыздыру) белгісі мен осы кезеңнің уақыты пайда болады.
5.
(32) «+» мен (33) «-» басқыштарымен алдын ала қыздырудың қажетті уақытын
белгілеу керек.
6.
(36) «МӘЗІР» басқышына басу керек, дисплейде графикалық белгі мен
дайындаудың келесі кезеңінің ұзақтығы бейнеленеді(«Пайдаланушы тәртіптің
кезеңдерін» қараңыз).
7.
Дайындаудың қалған кезеңдері үшін 4-5 қадамды қайталау
керек(температураны ұстап тұрудан өзге).
8.
Дайындау кезеңінің ұзақтығын баптау арқылы, тұрғызу уақытында жұмысшы
камераның ішіндегі температураны баптау керек(дисплейде
белгісі мен
температура (°) көрсеткіші пайда болады).
9.
(32) «+» мен (33) «-» басқыштарымен қыздыру температурасын орнату керек,
(36) «МӘЗІР» басқышына басу керек.
10.
(32) «+» мен (33) «-» басқыштарымен пісіру уақытындағы қыздыру
температурасын орнату керек ( белгісі).
11.
3 секунд бойы (37) «ОК» басқышын басулы күйі ұстап тұру арқылы
бағдарламаның баптауларын сақтау керек.
Ескерту: Егер де сіз бағдарлама баптауларын сақтағыңыз келмесе (37)
«ОК» басқышын басулы күйі ұстап тұрудың қажеті жоқ.
12.
Дайындауды іске қосу үшін (
35) «БАСТА/ТОҚТАТ» басқышына басу керек
Ескерту: -
Ертеректе берілген баптауларымен бағдарламаны іске қосу үшін
1-3 мен 12 тармақтарында сипатталған әрекеттерді орындау керек.
МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР
Қоспалар
Ұн
Ұнның қасиеті оның сұрыпталуымен ғана емес, сонымен қатар астықтың
өсірілген жағдайымен, оны өңдеу мен қалай сақталғандығымен анықталады.
Әртүрлі өндірушілердің дайындаған ұндарынан нан пісіріп көру арқылы өзіңізге
қажетті ұнның түрін таңдап алыңыз. Нан пісірілетін ұнның негізгі түрлеріне бидай
ұны мен қара бидан ұны жатады. Бидай ұны аса кең қолданылады, өйткені
бидай ұнынан пісірілген өнімдер жағымды дәмдік сапа мен жоғарғы тағамдық
құндылыққа ие.
Наубайхана ұны
Астықтың ішкі бөлігінен ғана тұратын наубайхана (тазартылған) ұны, нанның
басылып қалуын болдырмайтын және жұмсағының иілгіштігін қамтамасыз ететін
көп мөлшердегі ұлпалардан тұрады. Наубайхана ұнынан жасалған пісірмелер
аса үлпілдек болады.
Бүтін астық ұны (қара бидай)
Бүтін астық (қара бидай) ұнын қабығымен бірге бидайдың бүтін астықтарын
тарттыру жолымен алынады. Ұнның мұндай сұрпы жоғарғы тағамдық
құндылыққа ие. Бүтін астықты нан негізінен шағын көлемді болып келеді.
Нанның тұтынушылық қасиеттерін жақсарту үшін бүтін астықты ұнды көбінесе
наубайханалық ұнмен араластырады.
Жүгері және сұлы ұны
Нанның құрылымын жақсарту үшін және оған қосымша дәмдік қасиеттер беру үшін
бидай немесе қара бидай ұнын жүгері немесе сұлы ұнымен араластыру керек.
Қант
Қант нанға сары рең береді де пісірмелерге қосымша дәмдік қасиеттер береді.
Қант ашытқының өсуі үшін қоректендіргіш орта болып саналады. Пісірмеге тек
қана тазартылған емес, сонымен қатар қоңыр қант пен қант ұнтағын қосу керек.
Ашытқылар
Ашытқының өсуі нанның саңылауларының пайда болуына мүмкіндік беретін
көмір қышқыл газын бөлуімен көрініс береді. Ұн және қант ашытқының өсуі үшін
қоректендіргіш орта болып табылады. Балғын сығылған немесе жылдам әрекет
ететін құрғақ ашытқыны қосу керек. Балғын сығылған ашытқыны жылы суда
еріту керек(суда, сүтте және т.с.с.), жылдам әрекет ететін ашытқыны ұнға қосу
керек (ол алдын ала белсенді етуді қажет етпейді, яғни су қосуды қажет етпейді).
Қаптамадағы нұсқаулықтар мен мына төмендегі сәйкестіктерді сақтау керек:
1 шәй қасық жылдам әрекет ететін құрғақ ашытқы = 1,5 шәй қасық балғын
қысылған ашытқы.
Ашытқыны мұздатқышта сақтау керек. Жоғарғы температура ашытқыны өлтіреді,
және қамыр жылдам көтерілмейді.
Тұз
Тұз нанға қосымша түс пен дәм береді, бірақ ол ашытқының өсуін баяулатады.
Тым көп мөлшердегі тұзды пайдаланбау керек. Әрдайым ұсақ тұзды пайдалану
керек (ірі тұз үлгінің күйіп кетуден сақтайтын жабынына зиян келтіруі мүмкін).
Жұмыртқа
Пісірменің құрылымы мен көлемін жақсартады, қосымша дәм береді. Қамырға
салмас бұрын мұқият оны көпіршіту керек.
Малдың майы мен өсімдік майлары
Малдың майы мен өсімдік майлары пісірмені жұмсақ етеді және оны сақтаудың
мерзімін ұзартады. Сары майды қоспас бұрын оны шағын текшелерге кесіп алып
сәл еріту керек.
Наубайхана ұнтағы мен ас содасы
Ас содасы мен наубайхана ұнтағы (қопсытқыш) қамырдың көтерілуі үшін қажетті
уақытты қысқартады. Ас содасын алдын ала лимон қышқылымен және шағын
мөлшердегі ұнмен араластыру керек (5 г ас содасы, 3 г лимон қышқылы мен 12
г ұн). Ұнтақтың осындай мөлшері (20 г) 500 г ұнға есептелген. Ас содасын өшіру
үшін сірке суын қолданбау керек, бұл нанның жұмсағын біртекті етпейді де ол
аса ылғал болып кетеді. Наубайхана ұнтағын (қопсытқышты) рецепт бойынша
көрсетілгендей үлгіге себу керек.
Су
Нан пісіру кезінде судың температурасы маңызды роль ойнайды. Судың ең
тиімді температурасы 20-25°С, Сіз судың орнына сүтті пайдалана аласыз немесе
табиғи шырынның бірнеше мөлшерін қосып нанның дәмін байыта аласыз.
Сүт өнімдері
Сүт өнімдері нанның дәмі мен қоректендіргіш құндылығын жақсартады. Нанның
жұмсағы аса көркем болып тәбетті ашатын болады. Балғын сүт өнімдерін немесе
құрғақ сүтті пайдалану керек.
Жемістер мен жидектер
Тосапты пайдалану үшін тек балғын және сапалы жемістер мен жидектерді
пайдалану керек.
МӨЛШЕРЛЕУ
Нанның жақсы болуының құпиясы оның құрамына ғана емес, сонымен қатар
ондағы мөлшерді сақтауға да байланысты болмақ.
–
Ас үй таразысын немесе өлшеу ыдысын (22) және жеткізілген жинақтамаға
кіретін қасықты(24) пайдалану керек.
–
Өлшеу ыдысын (22) тиісті белгіге дейін сұйықтықпен толтыру керек. Өлшеу
ыдысын (22) тегіс орынға қою арқылы мөлшерін тексеру керек.
–
Сұйықтықтың өзге түрін өлшеу алдында өлшеу ыдысын (22) тазалап алу
керек.
–
Өлшеу ыдысына (22) құрғақ қоспаларды салу кезінде тығыздамау керек.
–
Таразылау алдында ұнды ауамен толтыру үшін оны себелеу керек, бұл пісіру
кезінде жоғарғы нәтиже береді. Үйіндіні пышақтың көмегімен алу керек.
ҚОСПАЛАРДЫ САЛУ
–
Қоспаларды салудың ұсынылатын жүйелілігі(егер де рецепт бойынша өзгесі
келтірілмесе): сұйықтық (су, сүт, май, көпіршітілген жұмыртқа және т.б.) пісіруге
арналған ыдыстың (2) түбіне құйылады, кейін оған құрғақ қоспалар салынады,
ең соңында құрғақ ашытқы салынады.
–
Ұнның толығымен сулануын болдырмау керек, ышытқыны құрғақ ұнға ғана
салу керек. Ашытқы тұзбен бірге араласпауы керек, өйткені тұз ашытқының
белсенділігін төмендетеді.
–
Кейінге қалдыру қызметін пайдаланып, үлгіге (2) жылдам бұзылатын өнімдерді
салмау керек, мысалы: жұмыртқаны, жемістерді, сүтті.
Назар аударыңыз!
Барлық рецепттер нұсқаулықтар сипатында берілген, өйткені рецепт
үшін қажетті көлемдер мен қоспалардың ара қатынасы теңіз деңгейінің
биіктігі мен өнімнің аймақтық ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі
мүмкін.
ҚОСЫМША МҮМКІНДІКТЕР
ЖАДЫ
–
Жұмыс барысында электр энергиясы апаттық өшірілу жағдайында жады
қызметі 7 минутқа дейін ұзақтықпен белсенді болады.
–
Электр қуат көзі қалпына келген кезінде 7 минут бойы құрылғы тоқтатылған
уақыттан бастап берілген бағдарламаны орындауды жалғастыра береді.
–
7 минуттан астам электр қуаты болмаған жағдайда өнімдерді қайтадан салу
керек және құрылғыны бағдарламалау керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
–
Жұмыс аяқталған соң құрылғыны өшіру керек, розеткадан желілі сымның
айырын ажырату керек және мультипісіргіштің (5) корпусында орналасқан
ұяшықтан (16) желілі сымды ажырату керек.
–
Корпусын (5) және қақпағын (9) сәл ылғал матамен сүрту керек, осыдан кейін
құрғатып сүрту керек.
–
Барлық алынбалы салмалы бөлшектерін бейтарап жуу құралы қосылған
жылы сумен жуу керек.
VT-4209_A4_NEV.indd 36
18.11.2013 9:42:58
Summary of Contents for VT-4209 BW
Page 2: ...1 2 5 6 7 9 10 11 12 13 14 15 16 18 19 17 8 3 4 VT 4209_A4_NEV indd 2 18 11 2013 9 42 52...
Page 3: ...21 22 28 30 32 33 36 37 35 34 31 23 24 25 26 27 29 20 VT 4209_A4_NEV indd 3 18 11 2013 9 42 52...
Page 28: ...28 7 7 7 16 5 5 9 4 2 30 01 rr 2 VT 4209_A4_NEV indd 28 18 11 2013 9 42 56...
Page 37: ...37 01 rr 2 VT 4209_A4_NEV indd 37 18 11 2013 9 42 58...
Page 72: ...2013 GOLDER ELECTRONICS LLC 2013 VT 4209_A4_NEV indd 72 18 11 2013 9 43 03...