
30
ҚазаҚша
МУЛЬТИПICIPГIШ-НАН ПIСIPETIH ПЕШ 5G
Тағам әзілеудің 83 бағдарламасы бар әмбебап мультипісіргіш. Тағам әзірлеудің
негізгі бағдарламалары – мультиаспаз, нан пісіру, фритюрде қуыру, йогурт
немесе ірімшік әзірлеу.
Сипаттама
1.
Фритюрде қуыруға арналған себет
2.
Нан пісіруге арналған пішін
3.
Қалақты алып шығуға арналған ілгек (4)
4.
Қамыр илеуге арналған қалақ
5.
Мультипісіргіш корпусы
6.
Дисплей
7.
Басқару панелі
8.
Қақпақты ашатын перне
9.
Қақпақ
10.
Қарау терезесі
11.
Бу қақпақшасы
12.
Бу шығуына арналған саңылау
13.
Конденсат жинауға арналған контейнер
14.
Жылытқыш элемент
15.
Температура тетігі
16.
Желілік сымды қосуға арналған ұя
17.
Қорғаныс экранның бекіткіші
18.
Қорғаныс экран
19.
Тостағанды алып шығуға арналған қысқыш
20.
Тостаған
21.
Тостаған қақпағы (20)
22.
Нан пісіргішке арналған өлшеуіш ыдыс
23.
Мультипісіргішке арналған өлшеуіш ыдыс
24.
Өлшеуіш қасық
25.
Ожау
26.
Күрекше
27.
Желілік сым
28.
Буда әзірлеуге арналған тартпа
29.
Ірімшікті сүзуге арналған тор
Басқару панелі
30.
«МУЛЬТИАСПАЗ» нүктесі
31.
«МУЛЬТИПІСІРГІШ» нүктесі
32.
«+» - бапталатын мәнді ұлғайту нүктесі
33.
«-» - бапталатын мәнді кішірейту нүктесі
34.
«НАНПІСІРУ» нүктесі
35.
«БАСТАУ/ТОҚТАУ» нүктесі
36.
«МӘЗІР» нүктесі
37.
«ОК» нүктесі
Назар аударыңыз
!
Қосымша қорғаныс үшін мультипісіргіштің қуат көзі тізбегіне 30мА аспайтын
номиналды жарамсыздану тогымен қорғаныстық сөну құрылғысын (ҚСҚ)
орнатқан дұрыс, ҚСҚ орнату үшін маманмен хабарласыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Мультипісіргішті пайдаланар алдында осы пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде қолдану үшін
сақтап қойыңыз.
Мультипісіргішті осы нұсқаулықта баяндалғандай, тікелей тағайындалымы
бойынша ғана пайдаланыңыздар. Құрылғыны дұрыс қолданбау оның сынуына
әкелуі, пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.
• Құрылғыны пайдаланар алдында желілік сымды және құрылғының
корпусында орналасқан желілік сымды қосатын саңылауды мұқият қарап
шығыңыз, олардың зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Желілік сым немесе
желілік сым саңылауы зақымданған жағдайда, құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны қосар алдында электр желісіндегі кернеудің құрылғының жұмысшы
кернеуіне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
• Желілік шнур «еуроашамен» жабдықталған; оны жерге тұйықталуы сенімді
электр розеткасына қосыңыз.
• Құрылғыны электр желісіне қосқанда жалғастырғыш тетікті қолданбаңыз.
• Желілік сымның құрылғының корпусындағы саңылауға және электр
розеткасына нығыздалып салынуын қадағалаңыз.
• Жеткізу жинағына кіретін желілік сымды ғана қолданыңыз, басқа
құрылғылардың желілік сымдарын қолданбаңыз.
• Жеткізу жинағына кіретін алынбалы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
• Құрылғыны тегіс, жылуға төзімді бетте, ылғал, жылу көздері немес ашық
жалыннан алыс жерге орналастырыңыз.
• Аспапты бөлмеден тыс жерде қолдануға тыйым салынады.
• Құрылғыны электр розеткасына қолжетімділік үнемі еркін боларлықтай етіп
орналастырыңыз.
• Құрылғыны желденуі жақсы жерлерде қолданыңыз.
• Құрылғыны тікелей күн көзінің әсеріне қалдырмаңыз.
• Құрылғыны қабырға мен жиһазға тікелей жақын жерге оналастырмаңыз.
Мультипісіргіш корпусынан қабырғаға дейінгі немесе жиһаз заттарына дейінгі
қашықтық 20 см-ден кем болмауға тиіс, мультипісіргіш үстіндегі бос кеңістік
30-40 см-ден кем болмауға тиіс.
• Желілік сымның ыстық беттер мен жиһаздың өткір жиктеріне жанасып кетуіне
жол бермеңіз. Желілік сымның оқшаулануының зақымдануына жол бермеңіз.
• Желілік сымды және желілік сым ашасын дымқыл қолмен ұстауға тыйым
салынады.
• Құрылғыны электр желісінен сөндіріп жатқанда ешқашан желілік сымнан
тартушы болмаңыз, желілік ашаны ұстаңыз және оны розеткадан ақырын
ғана алып шығыңыз.
• Құрылғыны, желілік сымды және желілік сым ашасын суға немесе өзге кез-
келген сұйықтықтарға батырмаңыз.
• Егер құрылғы суға түсіп кетсе, желілік ашаны электр розеткасынан тезарада
алып шығыңыз, тек осыдан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға болады.
Құрылғыны болашақта пайдалану мәселесі бойынша авторластырылған
сервистік орталыққа жүгініңіз.
• Бөгде заттарды бу шығатын саңылауға қоймаңыз және бөгде заттардың
мультипісіргіштің қақпағы мен корпусының аралығына тұрып қалмауын
қадағалаңыз.
• Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз, құрылғыны үнемі сөндіріп отырыңыз және
егер оны қолданбасаңыз, электр желісінен ажыратып отырыңыз.
• Күйіп қалмас үшін, бу шығатын саңылаудың үстіне еңкеймеңіз. Тағамдарды
әзірлеу үстінде және тікелей әзірлеп болған соң мультипісіргіш қақпағын
ашуда өте сақ болыңыз.
Буға күйіп қалу қаупі бар!
• Құрылғы «Қуыру» бағдарламасында жұмыс жасап тұрғанда ыстық май
шашырандыларына күйіп қалуды болдырмас үшін, бупісіргіштің тостағанының
үстіне еңкеймеңіз.
• Бу қақпағын тазалықта ұстаңыз, ластанған жағдайда оны тазартып отырыңыз.
• Құрылғыны орнатылмаған тостаған, қорғаныс экраны және бу қақпағынсыз
пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Сондай-ақ мультипісіргішті
тағамдарсыз немесе тостағандағы жеткіліксіз мөлшердегі су немесе маймен
қосуға тыйым салынады.
• Мультипісіргішті қорғаныс экранының зақымдалған силиконды төсемесімен
қолдануға тыйым салынады.
• Құрғақ өнімдер мен сұйықтық мөлшері бойынша нұсақамаларды сақтаңыз.
• Құрылғы жұмыс жасап тұрғанда тостағанды алып шықпаңыз.
• Пісіргілерге арналған пішінге және тостағанға бөгде заттарды салуға және
сақтауға тыйым салынады.
• Құрылғыны басқа тұрмыстық аспаптарға орнатпаңыз.
• Жұмыс кезінде мультипісіргішті жаппаңыз.
Назар аударыңыз!
Буда тағам әзірлеуде
тостағандағы сұйықтық деңгейін
қадағалап отырыңыз, тостағанға суды қажеттілік мөлшері бойынша үстемелеп
отырыңыз. Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз!
• Жұмыс жасап тұрғанда құрылғының орнын ауыстыруға тыйым салынады.
Мультипісіргішті алдын-ала электр желісінен ажыратып алып тасыңыз,
тағамдар салынған тостағанды алып шығыңыз және мультипісіргіштің
толықтай суынуын күтіңіз.
• Мультипісіргіш жұмыс жасап тұрғанда үстіңгі қақпақ, тостаған, сондай-ақ
корпус бөлшектері ысып кетеді, оларға қолыңызды тигізбеңіз, ыстық
тостағанды алып шығу қажет болғанда тостағанды алып шығуға арналған
қысқышты немесе асүйлік қолғаптарды қолданыңыз.
• Жұмыс кезінде ыстық бетке қолыңызды тигізбеңіз.
• Жұмыс кезінде жұмысшы камера ішіне қолыңызды түсірмеңіз.
• Дайын нанды алып жатқанда, пісірмеге арналған пішін тұтқасынан ұстаңыз
және тұтқыштарды немесе қызуға шыдамды асүйлік қолғаптарды қолданыңыз.
• Пісірмеге арналған пішіннің күюге қарсы жабындысын зақымдап алмас үшін,
нанды алып жатқанда өткір немесе металл заттарды пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны дұрыс қолданбаған жағдйда (берілген басшылықтың тармақтарын
орындамағанда, немесе әзірлеу уақытын асырып жібергенде) нанның күйіп
кетуі және түтін шығуы мүмкін. Бұл жағдайда құрылғыны сөндіріңіз, желілік
сым ашасын розеткадан алып тастаңыз. Пісірмеге арналған пішінді алып
шықпастан бұрын құрылғының толығымен суынуын күтіңіз.
• Мультипісіргішті фритюр пісіретін тәртіпте қолдануда, тостағандағы майдың
деңгейінің «1 L» белгісінен төменде болмауын және «2 L» белгісінен
жоғарыда болмауын қадағалаңыз.
• Тағамдардың максималды салмағы 700 грамнан аспауға тиіс.
• Ыстық маймен жұмыс жасағанда жылуды оқшауландырғыш тұтқалы ыстыққа
шыдамды асүй құралдарын ғана қолданыңыз.
• Майды ыстық күйінде ешқашан құйып алушы болмаңыз, алдымен суытып
алыңыз.
• Мүмкіндігінше тостағанға құрғақ өнімдерді салуға тырысыңыз, себебі ыстық
майға сәл ғана мөлшердегі ылғалдың түсіп кетуі майдың шашырауына алып
келеді.
• Құрылғыға өнімдерді шектен тыс асырып салмаңыз. Бұл олардың жанып
кетуіне әкелуі мүмкін.
• Май жана бастаған жағдайда, тезарада құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз және мүмкіндігінше тығыз, жанбайтын матамен жабыңыз.
Отқа ешқашан да су құюшы болмаңыз!
• Қуыруға арналған май толығымен суығанша құрылғының орнын
ауыстырмаңыз.
• Құрылғыны үнемі тазартып отырыңыз.
• Балалар қауіпсіздігі үшін, орама ретінде пайдаланылатын полиэтилен
пакеттерді қараусыз қалдырмаңыз.
VT-4209_A4_NEV.indd 30
18.11.2013 9:42:57
Summary of Contents for VT-4209 BW
Page 2: ...1 2 5 6 7 9 10 11 12 13 14 15 16 18 19 17 8 3 4 VT 4209_A4_NEV indd 2 18 11 2013 9 42 52...
Page 3: ...21 22 28 30 32 33 36 37 35 34 31 23 24 25 26 27 29 20 VT 4209_A4_NEV indd 3 18 11 2013 9 42 52...
Page 28: ...28 7 7 7 16 5 5 9 4 2 30 01 rr 2 VT 4209_A4_NEV indd 28 18 11 2013 9 42 56...
Page 37: ...37 01 rr 2 VT 4209_A4_NEV indd 37 18 11 2013 9 42 58...
Page 72: ...2013 GOLDER ELECTRONICS LLC 2013 VT 4209_A4_NEV indd 72 18 11 2013 9 43 03...