![Vitek VT-2430 Manual Instruction Download Page 15](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-2430/vt-2430_manual-instruction_1035871015.webp)
15
ҚАЗАҚША
ТІГІНЕН БУЛАУ
Үтікті тігінен киімнен 10 -30 см қашықтықта ұстаңыз және
бу жіберу пернесін (3) басыңыз.
Маңызды!
–
Тігінен булау процедурасы аяқталғаннан кейін
үтікті тігінен ұстаңыз, бу беру пернесін (3)
босатыңыз және үтіктің табанының тесіктерінен
будың шығуының тоқтауын күтіңіз, содан кейін
үтікті көлденең күйге келтіріп, оны алаңшаға
(8) орнатыңыз. Олай болмаған жағдайда, үтікті
көлденең күйге ауыстырған кезде үтіктің
табанындағы қалған ыстық су бу саңылаулары
арқылы сыртқа төгілуі мүмкін.
–
Тігінен булау кезінде үтікпен күрт қимылдар
жасамауға тырысыңыз.
–
Будың шығуы тоқтағаннан кейін, тігінен
булағаннан кейін, бу жіберу пернесін (3) қолдана
отырып, көлденең үтіктеуді бастауға болады.
Маңызды ақпарат:
–
Синтетикалық маталарды тігінен булауға болмайды.
–
Ешқашан адамға кигізіліп қойған киімді буламаңыз,
өйткені шығатын будың температурасы өте жоғары,
ол үшін киім ілгіштерді пайдаланыңыз. Буды адамға,
жануарға, өсімдікке немесе ылғалдан бүлінетін
заттарға бағыттамаңыз.
ҚҰРҒАҚТАЙ ҮТІКТЕУ
–
Үтіктің табаны (1) белгіленген температураға дейін
қызған кезде, индикатор (2) тұрақты жанып тұрады,
үтіктеуге кірісе беруге болады.
–
Үтікті тұтқадан (4) ұстап тұрғанда, бу жіберу пернесін
(3) баспаңыз.
АВТО ТҮРДЕ АЖЫРАТУ ҚЫЗМЕТІ
–
Егер 10 минут бойы құрылғыны пайдаланбаған
болсаңыз (ешбір батырманы баспасаңыз, бу жіберу
пернесін (3) баспасаңыз) немесе құрылғыны «құрғақ
үтіктеу» режимінде пайдалансаңыз, дыбыстық белгі
шығады, таңба (20) жыпылықтайды да, қыздыруы
автоматты түрде сөніп қалады.
–
Құрылғыны қосу үшін кез келген батырманы (2, 3
немесе 15) басыңыз, табанның (1) қызуын күтіңіз
және жұмысты жалғастырыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құрылғыны тазалау алдында электр желісінен ажыра-
тып, оның толық суығанын күтіңіз.
Әр пайдаланғаннан кейін
Суға арналған резервуардан (13) суды ағызып
тастаңыз.
–
Суға арналған суқойманы (13) шешіп алыңыз, ол
үшін тұтқадан (12) ұстаңыз және суқойманы (13)
өзіңізге қарай тартыңыз.
–
Қақпақты (11) ашыңыз және суға арналған резерву-
ардан (13) суды төгіп тастаңыз, одан кейін резерву-
арды орнына орнатыңыз.
Мезгілімен тазалау
–
Бу станциясы мен үтік корпусын сәл дымқыл мата-
мен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
–
Үтіктің табанындағы (1) минералды шөгінділерді
су-сірке су ерітіндісіне малынған матамен сүртіп
тастаңыз, содан кейін табанның бетін құрғақ матам-
мен сүртіңіз.
–
Бу станциясы мен үтіктің корпусын тазарту үшін
абразивті тазартқыш құралдар мен кез келген
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Өздігінен тазару режимі
–
Суқойманы (13) толтырыңыз және оны орнына
орнатыңыз.
–
Үтікті алаңшаға (8) қойыңыз.
–
Желілік бау ашасын электр розеткасына сұғыңыз,
дыбыстық белгі естіліп, батырманың (15) жарық инди-
каторы жанады.
–
Батырманы (2 немесе 15) басып, 2 секундтан артық
ұстап тұру арқылы құрылғыны қосыңыз, дыбыс
белгісі шығады, осы ретте батырманың (2) индика-
торы жанады және жыпылықтап тұрады.
–
Үтік табанын(1) қыздырғаннан кейін үтіктегі индикатор
(2) үнемі жанып тұрады.
–
Өздігінен тазарту режимін қосу үшін батырманы (2)
және (3) 3-4 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз,
осы ретте өздігінен тазарту режимінің таңбасы (19)
жанады.
–
Үтікті қолжуғыш үстінен көлденең орналастырыңыз,
содан кейін бу жіберу пернесін (3) басыңыз және
басылған күйіне бекітіңіз. Пернені (3) басылған
күйінде бекіту үшін, оны басыңыз да оған бекіткішті
жылжытыңыз.
–
Өзін-өзі тазарту режимінде су шығудың жоғары
қарқындылығы қосылады.
–
Ыстық су минералды шөгінділермен бірге үтіктің
темір табанының тесіктерінен (1) шыға бастайды.
–
Су суқоймадан (13) шығып жатқан кезде, үтікті алға-
артқа аздап шайқаңыз.
–
Сұйыққоймада (13) су біткеннен кейін бу шығару
пернесінің бекіткішін (3) кері бағытқа жылжытыңыз да
пернені босатыңыз.
Ескертпе: Егер 10 минут бойы бу шығару пернесін (3)
баспаған болсаңыз, автосөндіру қызметі іске қосылады,
дыбыстық белгілер естіледі, таңба (20) жыпылықтайды
және қыздыруы автоматты түрде сөнеді. Жұмысты
жалғастыру үшін бу шығару пернесін (3) басыңыз.
–
Үтікті негізіне (6) қойыңыз және оған толық
салқындауға уақыт беріңіз.
–
Үтіктің табаны (1) толық суып болғаннан кейін, оны
құрғақ мата бөлігімен сүртіңіз.
–
Үтікті алаңшаға (8) орнатпас бұрын, үтіктің табаны (1)
құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
–
Батырманы (2 немесе 15) басып, ұстап тұру арқылы
құрылғыны өшіріңіз.
–
Желі бауының ашасын электр розеткадан суырып
аласыз.
САҚТАУ
–
Құрылғыны сақтауға алып қоймас бұрын құрылғының
толық суығанын тексеріп алыңыз.
–
Резервуардағы (13) су қалдығын төгіп тастаңыз.
–
Құрылғыны тазалаңыз.
–
Үтікті алаңшаға (8) орнатыңыз және оны пернесін
(10) басу арқылы бұғаттаңыз.
Summary of Contents for VT-2430
Page 1: ...VT 2430 3 8 14 20 26 31 Steam station...
Page 2: ...1 13 14 18 19 20 2 3 8 9 10 11 4 15 17 16 5 12 7 6...
Page 7: ...7 VT 2430 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 30...
Page 8: ...8 www vitek ru 1 1 1 2 9 1 1 13 13 12 13 11 13 11 13 13 1 3 18 13 15 7 11 13...
Page 12: ...12 VT 2430 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 30...
Page 13: ...13 www vitek ru 1 1 1 2 9 1 1 13 13 12 13 11 13 11 13 13 1 3 18 13 15 7 11 13 13 MAX...
Page 16: ...16 5 14 1 1 1 220 240 50 60 2200 2400 220 5 5 1 5 info vitek ru 3 i i i i i i i i i i i i...
Page 17: ...17 I VT 2430 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 30...
Page 18: ...18 www vitek ru 1 1 1 2 9 1 1 13 13 12 13 11 13 12 13 13 1 3 18 13 15 7 11 13 13 MAX...
Page 21: ...21 13 8 10 5 14 1 1 1 220 240 50 60 2200 2400 220 5 5 1 5 info vitek ru 3 2014 30 2014 35...
Page 22: ...22 VT 2430 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 30...
Page 23: ...23 www vitek ru 1 1 1 2 9 1 1 13 13 12 13 11 13 11 13 13 1 3 18 13 15 7 11 13 13 MAX...
Page 26: ...26 220 240 50 60 2200 2400 220 5 5 1 5 info vitek ru 3...