
102
• Құралдарды ағынды су астында 2 минут бойы жақсылап шайып алыңыз.
Саңылаулар мен қуыстардың ағынды сумен бірнеше мәрте толтырылып,
қайта босатылуын қамтамасыз етіңіз.
• Соңғы рет шайғаннан кейін құралдарды дереу кептіріңіз. Температураны
140 ºC-тан (285 ºF-тан) асырмаңыз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТАЗАЛАУ
• Жабысып қалған кірді кетіру нәтижелерін жақсарту үшін, автоматты
түрде тазаламас бұрын, аспаптарды қолмен тазалау керек болуы мүмкін.
Аспаптарды ферменттік тазалау ерітіндісіне салып, металл емес қылшақпен
тазалаңыз.
• Аспаптарды, олардың жарықтарынан, жіктерінен, тегіс емес жерлерінен,
саңылауларынан және қуыстарынан су ағып шыға алатындай қылып
салыңыз.
• Аспаптарды автоматты түрде тазалауға арналған және рН мәні бейтарап
тазалау бұйымымен (мысалы, Getinge ферменттік тазалағышымен)
бекітілген зарарсыздандыру және тазалау құралында «Аспаптар»
циклымен тазалаңыз. Тазалау циклы құрамында алдын ала шаю (кемінде
3 минут), жуу (кемінде 14 минут), шаю (кемінде 7 минут), термиялық шаю
(200 ºF / 93 ºC-та кемінде 1 минут) және кептіру қадамдары болуы тиіс —
алайда температура 140 ºC-тан (285 ºF-тан) аспауы тиіс.
• Ферменттік ерітінді орнына немесе оған қосымша түрде Serchem pH Plus
тазалағышы сияқты рН мәні 13,2 дейінгі сілтілі тазалау ерітіндісін пайдала-
нуға болады.
ТАЗАЛАҒАННАН КЕЙІН ТЕКСЕРУ
• Аспап беттерінде ластанған жерлердің болмауын қамтамасыз ету үшін
аспаптардың барлығын зарарсыздандырудан немесе сақтап қоюдан бұрын
тексеріп алыңыз.
• Аспаптарды көзбен тексеріп шығыңыз. Оларда әлі де ластанған жерлер
болған жағдайда, оларды қайтадан тазалаңыз.
• Кабель тозбаған және зақымданбаған қалыпта болғанын тексеріп алыңыз.
Сонымен қатар кабельде, сынып, жыртылып немесе басқа түрде зақымда-
нып қалған жерлерінің болмауына көз жеткізіңіз.
• Толқын арнасында сызықтар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Зақымданған жерлер анықталған жағдайларда, осылар туралы LOTUS
өкіліне хабарлаңыз.
ҚАПТАУ
• Жергілікті процедуралар әдістемелеріне сай қос қаптамалы түрде қаптап,
қаптау барысында ANSI / AAMI ST46-1993 нормасында сипатталғандай
стандартты процедуралық қаптама әдістемелерін ұстаныңыз.
• Қапталған науа ішіндегі заттардың тізімін кетпейтін маркермен немесе
зарарсыздандыру үшін лайықты басқа белгілеу жүйесімен жазыңыз.
ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ
• Түрлендіргіштерді ең көбі 50 рет автоклавта өңдеуге болады.
• Зарарсыздандыруды ота жасаудан бір күн бұрын өткізген жөн. Дегенмен
жабдықтың салқындауын және тұрақтануын қамтамасыз ету үшін зарарсы-
здандыруды отадан кемінде бір сағат бұрын жасау керек.
• Салқындатуды тездету үшін түрлендіргіштерді суға батыруға БОЛМАЙДЫ.
• Генераторды зарарсыздандыруға БОЛМАЙДЫ.
• Осы құрамдас бөлшектер вакуумдық автоклав ішінде төмендегі әдіспен
зарарсыздандыру үшін лайықты деп тексеріліп бекітілген. Ол үшін қолда-
нылатын параметрлер: 134 – 137 ºC (270 – 277 ºF) температура аумағында
кемінде 3 минут және ең көбі 4 минут ұстау, сондай-ақ 5 минуттық кептіру
циклын қолдану (ұлттық стандарттарда автоклав ішінде ұстау уақыты 18
минутқа дейін деп белгіленген жағдайларда, мұндай мерзімді қолдануға
болады, дегенмен қолданбаған жөн).
САҚТАУ
• Зарарсыздандырылған қалыпта қапталған аспаптарды шаң, ылғал, жәндік,
зиянкестер және температура мен ылғалдықтың экстремалдық мәндерінен
қорғалатындай қылып сақтау қажет.
Summary of Contents for CV3-400
Page 87: ...87 3 LOTUS LOTUS 4 1 2 3 4 4 LOTUS 5 6 4 LOTUS 5 5 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 LOTUS 12 13 14 15...
Page 91: ...91 20 50 C 0 100 500 1060hPa 8 9...
Page 94: ...94 13 14 15 16 17 18 LOTUS Series 4 19 20 5 2 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 5 3 LOTUS 4 6 LOTUS 50...
Page 97: ...97 7 10 50 C 0 100 810 1060 20 50 C 0 100 500 1060 8 9...
Page 103: ...103 LOTUS 7 10 50 C 0 100 810 1060 20 50 C 0 100 500 1060 8 9...
Page 109: ...109 810 1060 20 50 C 0 100 500 1060 8 9...
Page 114: ...114 LOTUS 7 10 50 C 0 100 810 1 060hPa 20 50 C 0 100 500 1 060hPa 8 9 USA...
Page 119: ...119 LOTUS 7 10 C 50 C 0 100 810 1060hPa 20 C 50 C 0 100 500 1060hPa 8 9...
Page 129: ...129 9...
Page 130: ...130...
Page 131: ...131...