
KZ
- 164 -
камерасының (2) ішінде орналасуы тиіс.
7. Вакуум қақпағын (1) жабыңыз. Енді құрылғы
вакуумдау процесіне автоматты түрде кіріседі.
Жарықдиодты дисплейдегі (12) сан алдын ала
белгіленген вакуумдау уақытынан 0-ге дейін
қарай кері қарай саналады.
8. Вакуумдау процесі аяқталғанда, құрылғы
автоматты түрде орамды бітеу процесін
бастайды. Жарықдиодты дисплейдегі (12) сан
алдын ала белгіленген орау уақытынан 0-ге
дейін қарай кері қарай саналады.
9. Ауа вакуумдау камерасына (2) шығарылады
да, вакуумдық пакет өнімнің айналасына
жиырылады. Құрылғы дыбыстық сигнал
бергенде процесс аяқталады. Жарықдиодты
дисплейде (12) «CLO» пайда болады. Енді
вакуум қақпағын (1) ашуға болады.
10. Вакуумдық пакетті тексеріңіз:
• Вакуумдау:
Өнімнің айналасындағы пакеттің
нығыздығын тексеріңіз. Ішінде ауа қалғанын
байқасаңыз, вакуумдау уақытын 5 секундқа
көбейтіп, қайта тексеріп көріңіз.
• Орам кенересі:
Орам кенересін
тексеріңіз; дұрыс орам кенересі анық болады.
Егер орам кенересі теңбіл немесе толық
жабылмаған болса, орау уақытын 1 бірлікке
арттыңыз. Егер орам кенересі ақ немесе
бұлдыр болса, орау уақытын 1 бірлікке
азайтыңыз.
11. Егер пайдаланып болған соң жарықдиодты
дисплейде (12) «ON» көрсетілсе, розеткадан
суырмай тұрып, алдымен ON/OFF түймесін (7)
басыңыз. Жарықдиодты дисплейде (12) «OFF»
пайда болады. Құрылғыны тазаламас бұрын,
оны розеткадан суырып, әбден суытыңыз.
ОРАМНАН ПАКЕТ ЖАСАУ
Ескертпе:
Орама пакет қолданғанда, оны
вакуумдап орау мақсатында пайдаланбас бұрын,
алдымен кесілген бөліктің ашық шетінің бірін бітеп
алуыңыз қажет. Бұдан кейінгі процесс әдеттегі
вакуумдық пакетті пайдаланғандағыдай болады.
1. Орамнан қажетті ұзындықта пакет қиып
алыңыз.
2. Пакеттің ашық шетінің бірін кенере жолағына
(3) көлденең орналастырыңыз. Вакуумдық
пакет аузының астыңғы жиегін кенере
жолағына (3) қарама-қарсы орналасқан пакет
қысқышпен (4) қыстырыңыз.
3. Вакуумдау үшін ең аз уақытты (5 секунд)
және сәйкесінше орау уақытын белгілеңіз.
«Вакуумдау» және орау процесін бастау үшін,
вакуум қақпағын (1) жабаңыз.
4. «Вакуумдау» және орау процесі аяқталғанда,
вакуум қақпағын (1) ашып, орам кенересін
тексеріңіз. Қажет болса, орау уақытын
реттеп, қайта ораңыз. Егер орам кенересі
қанағаттанарлықтай болса, бұл вакуумдық
пакетті әдеттегідей пайдалана беруіңізге
болады.
5. Пайдаланғаннан кейін
• Құрылғы мен керек-жарақтарды әрбір
қолданыстан кейін тазалаңыз.
• Тазаламас бұрын қуат көзінен ажыратыңыз.
• Сыртқы беттерін зақымдап алмау үшін
химиялық, сілтілі, абразивті немесе басқа
қатты жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
• Қоқымдарды, шаңды, сұйықтықты және т.б.
нәрселерді тазалау үшін құрылғыны жұмсақ
әрі дымқыл шүберекпен және жеңіл жуғыш
құралмен тазалаңыз.
• Құрылғыны ұзақ уақытқа қоймас бұрын, оны
толықтай құрғатыңыз.
• Құрылғыны құрғақ ортада бөлме
температурасында сақтаңыз.
• Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
6. Ақаулықты анықтау
Ақау
Ықтимал себебі
Шешімі
Жарықдиодты
дисплей (12)
«E01» қате
кодын көрсетіп
тұр.
Вакуум қақпағы (1)
дұрыс жабылмаған.
Вакуум қақпағын
(1) жабыңыз.
Егер қате коды
шыға берсе, бұл
– электроника
ақауы. Бұл
жағдайда
тұтынушыларға
қызмет көрсету
орталығы немесе
білікті маман
кеңесін алыңыз.
Құрылғы
қосылмайды.
Құрылғы жерге
тұйықталған
розеткаға дұрыс
қосылмады.
Құрылғыны
жерге
тұйықталған
розеткаға
қосыңыз. Мықтап
жалғанғанына
көз жеткізіңіз.
Қуат сымы
зақымдалған.
Қуат сымының
ешбір жері
үзілмегенін және
тозып кетпегенін
тексеріңіз. Егер
қандай да бір
зақым болса,
құрылғыны
пайдаланбаңыз
және білікті
маманға
жүгініңіз.
ON/OFF түймесі (7)
дұрыс басылмаған.
ON/OFF түймесін
(7) басыңыз.