63
RMC-250
KAZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Май өте ыстық! Фритюрде қуыруға арналған себетті
шығару үшін асханалық қолғапты пайдаланыңыз.
Тұтқаның негізін қысыңыз және оны себеттің арнайы тесігіне тығыңыз. Тұтқаға
түсетін қысымды босатыңыз және ол арнайы тесікте бекітіледі.
“ПИЦЦА” бағдарламасы
Пиццаны әзірлеуге кеңес беріледі. “ПИЦЦА” бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты
25 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 20 минуттан 1 сағатқа
дейін аралықта қолмен орнатуға болады. Осы бағдарламада стартты шегеру
функциясы қол жетімсіз.
“ХЛЕБ” бағдарламасы
Бидай ұнынан және қара бидай ұнын қосып нанның әр түрін пісіруге кеңес беріледі.
Бағдарлама қамырды тындырудан пісіруге дейін толық әзірлеу айналымын қарастырады.
“ХЛЕБ” бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 2 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10
минут орнату қадамымен 1 сағаттан 6 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
Осы бағдарламада автоысыту және стартты шегеру функциялары қол жетімсіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пісіру кезінде табақ пен азық-түлік қызады! Дайын нанды
аспаптан шығарған кезде асханалық қолғапты пайдаланыңыз.
“ДЕСЕРТЫ” бағдарламасы
Әртүрлі десерттерді әзірлеуге кеңес беріледі. “ДЕСЕРТЫ” бағдарламасында әдепкі
әзірлеу уақыты 30 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 5
минуттан 3 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
“ЭКСПРЕСС” бағдарламасы
Күріш, жармадан үгілмелі ботқаны жылдам әзірлеуге кеңес беріледі. “ЭКСПРЕСС”
бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 20 минут құрайды. Осы бағдарламада әзірлеу
уақытын реттеу мен “Стартты шегеру” функциясы қол жетімсіз.
“Автоматты бағдарламаларды пайдаланғанда жалпы әрекеттер тәртібі” тарауының
1–2 т., одан кейін 6–8 т. ұстаныңыз. (3–5 т. өткізіңіз).
III. АСПАПТЫ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Аспапты тазалауға кірісудің алдында ол электр желісінен ажыратылғанына және толық
суығанына көз жеткізіңіз. Бірінші рет пайдаланудың алдында немесе әзірлеген соң бөтен иісті
кетіру үшін табақ пен аспаптың ішкі қақпағын 9-пайыздық сірке суы ерітіндісімен сүртуге
және жарты лимонды “ПАР” бағдарламасында 15 минуттың ішінде өңдеуге кеңес беріледі.
Жұмсақ мата мен ыдыс жуу құралдарын пайдаланыңыз. Бұйымды пайдаланған соң
бірден тазалауға кеңес береміз.
Тазалаған кезде абразивті заттарды, абразивті жабындысы бар губкаларды және
химиялық агрессивті заттарды пайдалануға тыйым салынады. Аспаптың корпусын
суға батыруға немесе оны су ағындысының астына қоюға тыйым салынады.
Қажет болғанда бұйым корпусын тазалаңыз.
Табақты аспапты пайдаланған сайын тазалауға кеңес беріледі. Ыдыс жуу машинасын
пайдалануға болады. Тазалау аяқталысымен табақтың сыртқы бетін құрғатып сүртіңіз.
Ішкі алюминий қақпағын да аспапты пайдаланған сайын тазалау керек (ыдыс жуу
машинасын пайдалануға кеңес берілмейді):
1. Мультипісіргіш қақпағын ашыңыз. 2 төменгі пластмассалық бекіткішті ұстаңыз, ішкі
қақпақты негізгісінен ажырату үшін оны өзіңізге қарай және жоғары аздап тартыңыз.
2. Ішкі қақпақ бетін ылғал матамен сүртіңіз, қажет болғанда ыдысты жуу құралын
пайдаланып, шешілмелі қақпақты жуыңыз.
3. Кейін ішкі қақпақты негізгісінің қуыстарына енгізіңіз, бекіткіштерді біраз күш салып
сыртыл естілгенше басып, бекітіңіз.
Бу клапанын аспап пайдаланылған сайын тазалауға кеңес беріледі:
1. Ішкі алюминий қақпақты шешіңіз және клапанды шығыңқы жерінен жеңіл
тартыңыз, оны ажыратыңыз.
2. Клапанды ағынды суда мұқият жуыңыз.
3. Оны кептіріп, орнына орнатыңыз.
Тағамды әзірлеген кезде конденсат қалыптасуы мүмкін, ол осы үлгіде аспап
корпусында табақ айналасындағы арнайы қуыста жиналады. Конденсат сүлгі немесе
асханалық майлықтың көмегімен жеңіл кетіріледі.
IV. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒУДЫҢ
АЛДЫНДА
Қате кодтары
Ықтимал ақаулар
Қатені жою
E1 – E4
Жүйелік қателер
(температуралық
қадағалар істен шығуы
мүмкін).
•
Табағы бос аспапты қоспаңыз!
•
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз
10–15 минут ішінде суытыңыз,
•
одан кейін табаққа су/сорпа қосымша
құйып әзірлеуді жалғастырыңыз.
•
Егер қиындық жойылмаса,
авторландырылған сервистік
орталыққа жолығыңыз.
Ақау
Ықтимал себеп
Ақауды жою
Қосылмайды.
Электр желіден қоректену
жоқ.
Электр желі кернеуін тексеріңіз.
Тағам өте
ұзақ
дайындалады.
Электр желіден қоректену
жаңылысы.
Электр желі кернеуін тексеріңіз.
Табақ пен қыздыру элементі
арасына бөтен зат түсті.
Бөтен затты алып тастаңыз.
Табақ мультипісіргіш
корпусына тегіс
орнатылмаған.
Табақты тегіс қисайтпай орнатыңыз.
Қыздыру элементі лас.
Аспапты электр желіден ажыратыңыз,
суытыңыз. Қыздыру элементін
тазалаңыз.
V. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 2 жыл мерзіміне кепілдік беріледі. Өндіруші
кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл бұйымды ауыстыру
жолымен материалдар немесе құрыдың сапасы жетіспеушілігінен туындаған кез
келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні
түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған
жағдайда ғана күшіне енеді. Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа
сәйкес қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу
нәтижесінде зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған
жағдайда танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын
материалдарына таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық тығыздауыштар
және т.б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен кепілдік міндеттемелердің жарамдылық мерзімі
өндірілген кезден бастап немесе бұйым жасалған кезден бастап есептеледі (егер
сатылған күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспаптың өндірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру жапсырмасында
орналасқан сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады.
6-ші және 7-шы белгілер айды, 8-ші – құрылғы шыққан жылды білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы осы
нұсқаулық пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі жағдайында
сатып алынған күнінен 5 жыл құрайды.
Бұйымдағы сызылған деңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе,
ол бұйымдың Еуропалық 2012/19/ЕС нұсқауына сәйкес оралғанын
білдіреді. Электр және электрондык бұйымдарды қоқысқа лақтыру
жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай,
жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
© REDMOND. All rights reserved. 2015
Reproduction, transfer, distribution, translation or other reworking of this document or
any part thereof without prior written permission of the legal owner is prohibited.
© REDMOND. Все права защищены. 2015
Воспроизведение, передача, распространение, перевод или другая переработка
данного документа или любой его части без предварительного письменного
разрешения правообладателя запрещены.
Содержание RMC-250
Страница 1: ...Multicooker RMC 250 User Manual ...