62
Параметрлерді зауыттық теңшелімдерге түсіру
1. Белгілі бағдарламаны әдепкі орнатылған параметрлерге қайтару үшін:
2. “Меню” түймешігін басыңыз және қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
3. “ОК” түймешігін басыңыз, одан кейін “Меню” түймешігін 3–4 секунд басып
ұстаңыз.
4. Барлық бағдарламада әдепкі орнатылған параметрлерге қайту үшін күту
режимінде “Меню” түймешігін 3–4 секунд басып ұстаңыз.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі
1. Құрамдастарды рецептке сәйкес дайындаңыз, табаққа салыңыз. Барлық
құрамдастар табақта біркелкі таратылғанын және оның ішкі бетіндегі ең жоғары
белгіден төмен болғанын байқаңыз.
2. Табақты аспаптың корпусына салыңыз, оны біраз бұрып, ол қыздыру элементіне
тығыз тиетініне көз жеткізіңіз. Қақпақты сыртыл естілгенше жабыңыз. Аспапты
электр желіге қосыңыз.
3. “Меню” түймешігін басып, әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз. Мәзір бойынша
шарлау үшін “–” немесе “+” түймешіктерін басыңыз. Таңдалған бағдарлама
индикаторы, сонымен қатар “+”, “–”, “Старт/Автоподогрев” және “ОК”
түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтайды. Егер таңдалған бағдарламада
стартты шегеру функциясы қарастырылған болса, “Отсрочка старта” түймешігінің
индикаторы жыпылықтайды.
4. “ОК” түймешігін басып қажетті әзірлеу уақытын орнатыңыз.
5. Қажет болғанда бағдарлама стартын шегеру уақытын орнатыңыз (“Стартты
шегеру бағдарламасы” қараңыз).
6. “Старт/Автоподогрев” түймешігін басып ұстаңыз. Әзірлеу бағдарламасы
орындала бастайды, “Cтарт/Автоподогрев” және “Подогрев/Отмена”
түймешіктерінің индикаторлары жанатын болады. Дисплейде бағдарлама
жұмысы аяқталуына дейін қалған уақыт және әзірлеу үдерісінің индикаторы
көрінеді.
7. Әзірлеу бағдарламасы аяқталысымен сигнал естіледі, оның индикаторы және
“Cтарт/Автоподогрев” түймешігінің индикаторы өшеді. Аспап теңшелімдерге
байланысты автоысыту режиміне (“Подогрев/Отмена” түймешігінің индикаторы
жанып тұр, дисплейде автоысыту жұмысының уақыты тікелей есептелуі көрінеді)
немесе күту режиміне ауысады.
8. Әзірлеу үдерісін үзу немесе енгізілген бағдарламаны болдырмау үшін
“Подогрев/Отмена” түймешігін басып ұстаңыз.
“МУЛЬТИПОВАР” бағдарламасы
“МУЛЬТИПОВАР” бағдарламасы пайдаланушы тапсырған температура мен әзірлеу
уақытының параметрлері бойынша іс жүзінде кез келген асты әзірлеуге арналған.
Асты 75°С қоса дейін температурада әзірлеген жағдайда автоысыту функциясы әдепкі
өшеді. Қажет болғанда әзірлеу бағдарламасы іске қосылған соң оны “Старт/
Автоподогрев” түймешігін басып қолмен қосуға болады (“Подогрев/Отмена”
түймешігінің индикаторы жанады).
Әдепкі әзірлеу температурасы 100°С құрайды. Температураны орнату диапазоны
— 5°С өзгерту қадамымен 35–170°С.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қауіпсіздік мақсатында 140°С асатын температура
орнатылып тұрғанда әзірлеу уақыты 2 сағаттан асуы керек.
Әдепкі әзірлеу уақыты 15 минут құрайды. Әзірлеу уақытын орнату диапазоны — 1
минут (1 сағатқа дейін интервал үшін) немесе 5 минут (1 сағаттан көп интервал үшін)
өзгеру қадамымен 2 минуттан 15 сағатқа дейін.
1. “Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі”
тарауының 1–4 т. ұстаныңыз.
2. “t°С” түймешігін басып, әзірлеу температурасын орнатыңыз. “t°С” түймешігінің
индикаторы жанады, “+”, “–”, “Старт/Автоподогрев”, “ОК” және “Отсрочка старта”
түймешіктерінің индикаторлары — жыпылықтайды.
“+” түймешігі басылғанда температураның мәні көбейеді, “–” түймешігі
басылғанда — азаяды. Мәнді жылдам өзгерту үшін қажетті түймешікті басып
ұстаңыз. Ең үлкен мән болғанда температураның орнатылымы диапазонның
басынан басталады.
3. “Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі”
тарауының 5–8 т. ұстаныңыз.
“ТУШЕНИЕ” бағдарламасы
Көкөніс, ет, теңіз өнімдері, құс етін бұқтыруға кеңес беріледі. “ТУШЕНИЕ” бағдарламасында
әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 20
минуттан 8 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
“ВЫПЕЧКА” бағдарламасы
Бисквит, пісірме, ашытылған және қатпарлы қамырдан жасалған пирогтарды пісіруге,
сонымен қатар әртүрлі сұрып нанды пісіруге кеңес беріледі. “ВЫПЕЧКА”
бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут
орнату қадамымен 20 минуттан 8 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
Нанды әзірлегенде барлық әзірлеу кезеңдерінде асты автоматты түрде ысыту
функциясын өшіруге кеңес беріледі.
“ВАРКА/БОБЫ” бағдарламасы
Көкөніс, ет, балық, сонымен қатар бұршақты пісіруге кеңес беріледі. “ВАРКА/БОБЫ”
бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 40 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут
орнату қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
“СУП” бағдарламасы
Әртүрлі сұйық тағамды әзірлеуге кеңес беріледі. “СУП” бағдарламасында әдепкі
әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 20
минуттан 6 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
“ЖАРКА” бағдарламасы
Көкөніс, ет, теңіз өнімдері, құс етін қуыруға кеңес беріледі. “ЖАРКА” бағдарламасында
әдепкі әзірлеу уақыты 15 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен
5 минуттан 1 сағат 30 минутқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады. Осы
бағдарламада “Стартты шегеру” функциясы қол жетімсіз.
Азық-түлікті қақпақты ашып қуыруға кеңес беріледі. Құрамдастарды күйдіріп
жабыстырмау үшін рецепттер кітабындағы нұсқаулықтарды ұстануға және табақ
ішіндегісін кезеңдеп араластырып тұруға кеңес беріледі. “ЖАРКА” бағдарламасын
қайта пайдаланар алдында аспапты толық суытыңыз.
“РИС/КРУПЫ” бағдарламасы
Күріш пен әртүрлі ботқаларды пісіруге кеңес беріледі. “РИС/КРУПЫ” бағдарламасында
әдепкі әзірлеу уақыты 35 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен
5 минуттан 4 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
“МАКАРОНЫ” бағдарламасы
Әртүрлі рецепттер бойынша паста әзірлеуге, макарон пісіруге кеңес беріледі.
“МАКАРОНЫ” бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 10 минут құрайды. Әзірлеу
уақытын 1 минут орнату қадамымен 2 ден 30 минутқа дейін аралықта қолмен орнатуға
болады. Осы бағдарламада “Стартты шегеру” функциясы қолжетімсіз.
Әзірлеу уақытының керісінше есептелуі тек аспап жұмыс параметрлеріне шыққан
соң ғана басталады (су қайнаған соң).
1. Табаққа су құйыңыз. Судың деңгейі табақтың ішкі бетіндегі ең жоғары белгісінен
төмен болғанын байқаңыз.
2. “Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі”
тарауының 1–6 т. Ұстаныңыз.
3. Су қайнаған соң сигнал естіледі. Қақпақты абайлап ашыңыз және азық-түлікті
қайнаған суға салыңыз, қақпақты сыртыл естілгенше жабыңыз.
4. “Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі”
тарауының 6–8 т. ұстаныңыз.
“ПАР” бағдарламасы
Буда көкөніс, балық, ет, манта, диеталық және вегетариандық тағамды әзірлеуге кеңес
беріледі. “ПАР” бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 30 минут құрайды. Әзірлеу
уақытын 5 минут орнату қадамымен 5 минуттан 2 сағатқа дейін аралықта қолмен
орнатуға болады.
Әзірлеу уақытын керісінше есептеу тек аспап жұмыс параметрлеріне шыққан соң
ғана басталады (су қайнап, табақта жеткілікті бу мөлшері қалыптасқан соң).
1. Табаққа 600–1000 мл су құйыңыз. Табаққа тіреуішті орнатыңыз.
2. “Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі”
тарауының 2–8 т. ұстаныңыз.
“ПЛОВ” бағдарламасы
Әртүрлі палауды әзірлеуге кеңес беріледі. “ПЛОВ” бағдарламасында әдепкі әзірлеу
уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут орнату қадамымен 20 минуттан
1 сағат 30 минутқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
“ДЕТСКОЕ ПИТАНИЕ” бағдарламасы
Балалар тамағын әзірлеуге кеңес беріледі. “ДЕТСКОЕ ПИТАНИЕ” бағдарламасында
әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен
10 минуттан 3 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
“ТВОРОГ” бағдарламасы
Үй ірімшігін әзірлеуге кеңес беріледі. “ТВОРОГ” бағдарламасында әдепкі әзірлеу
уақыты 20 минут құрайды. “ТВОРОГ” бағдарламасында әзірлеу уақытын 10 минут
орнату қадамымен 10 минуттан 10 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
Автоысыту функциясы осы бағдарламада қол жетімсіз.
“ЙОГУРТ” бағдарламасы
Йогуртты әзірлеуге кеңес беріледі. “ЙОГУРТ” бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты
8 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын орнату диапазоны 30 минут орнату қадамымен 30
минуттан 12 сағатқа дейін құрайды. Автоысыту функциясы осы бағдарламада қол
жетімсіз.
“ТОМЛЕНИЕ” бағдарламасы
Көкөніс, балық, етті жасытуға кеңес беріледі. “ТОМЛЕНИЕ” бағдарламасында әдепкі
әзірлеу уақыты 5 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут орнату қадамымен 3
сағаттан 12 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
“ДИЧЬ” бағдарламасы
Жабайы құстан (қатты еттен, ет пен құс етінің ірі кесектерінен) тағам әзірлеуге кеңес
беріледі. “ДИЧЬ” бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 3 сағат құрайды. Әзірлеу
уақытын 10 минут орнату қадамымен 1 сағаттан 12 сағатқа дейін аралықта қолмен
орнатуға болады.
“МОЛОЧНАЯ КАША” бағдарламасы
Сүтті ботқа әзірлеуге кеңес беріледі. “МОЛОЧНАЯ КАША” бағдарламасында әдепкі
әзірлеу уақыты 10 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут (1 сағатқа дейін интервал
үшін) немесе 5 минут (1 сағаттан асатын интервал үшін) орнату қадамымен 5 минуттан
4 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
Сүтті ботқаны әзірлеу үшін “МУЛЬТИПОВАР” әмбебап бағдарламасын да
пайдалануға болады (тиімді әзірлеу температурасы 95ºС құрайды).
“ФРИТЮР” бағдарламасы
REDMOND RMC-250 мультипісіргішінде жинаққа кіретін арнайы себетті пайдаланып,
фритюрде әзірлей аласыз. “ФРИТЮР” бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 30
минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен 5 минуттан 1 сағатқа
дейін аралықта қолмен орнатуға болады. Осы бағдарламада стартты шегеру
функциясы қол жетімсіз.
1. “Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі”
тарауының 1–6 т. ұстаныңыз.
2. Тұтқаны фритюрде* қуыруға арналған себетке қосыңыз және себетте азық-
түлікті біркелкі таратыңыз.
3. Рецептегі кеңестерді ұстаныңыз, көрсетілген уақыттан соң мультипісіргіш
қақпағын мұқият ашыңыз. Азық-түлік салынған фритюрде қуыруға арналған
себетті табаққа түсіріңіз. Қақпақты жаппаңыз.
4. Әзірлеу бағдарламасы аяқталысымен сигнал естіледі, оның индикаторы және
“Старт/Автоподогрев” түймешігінің индикаторы өшеді. Азық-түлік салынған
себетті шығарып, табақтың шетіне себеттегі арнайы ілгектің көмегімен бекітіңіз.
Майын ағызыңыз. Әзірлеу үдерісін үзу немесе енгізілген бағдарламаны
болдырмау үшін “Подогрев/Отмена” түймешігін басып ұстаңыз.
Содержание RMC-250
Страница 1: ...Multicooker RMC 250 User Manual ...