55
KZ
Нұсқаулық
∙
Егер бос жүріс айналымы сондай үлкен болса,
кесуші құрылғы дроссельдеу жапқышының бос
тетігінде (7) айналуын жалғастырса, онда бос жүріс
айналымының реттеуші тетігін (23) сағат тіліне
қарсы бұру арқылы, кесуші құрылғы айналымы
тоқтамайынша, бос жүріс айналымын кішірейтіп
тұру қажет.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ! Машина қызғаннан соң,
бос жүріс айналымын ретке келтіру керек.
Карбюраторды ретке келтіру
Карбюраторды ретке келтіру авторлық құқығы бар
сервис орталығында жүзеге асырылуы тиіс.
Жүзді майлау (28)
(ТЕК ҚАНА БҰТА ҚОРШАМЫН БҰТАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТРИММЕР ҮШІН)
Пайдаланудың әрбір 4 сағатында жүздегі (28)
болттарға арналған қиманың әр қайсына бірнеше
тамшы май құйып отырыңыз.
Жүзді ретке келтіру (28) [F21]
(ТЕК ҚАНА БҰТА ҚОРШАМЫН БҰТАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТРИММЕР ҮШІН)
Төменгі және жоғарғы жүз арасында саңылау
пайда болған жағдайда, оларды барынша тығыз
қиюластыру үшін төменде келтірілген процедураны
жүргізіңіз.
1. Тоқтатқыш сомынды бұрап шығарыңыз (A).
2. Бұранданы (В) толық тартып, сонан соң
оны шамамен үштен бірге немесе айналымның
жартысына айналдырыңыз.
3. Бұранданы осы жағдайда ұстап тұрып,
тоқтататын сомынды тартып бұраңыз.
4. Тегіс шайба (С) саусақпен басқанда оны
айналдыруға болатындай еркін тұрғанына көз
жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ: бұранданы тым артық тарту жүздің
еркін қозғалуына кедергі келтіруі мүмкін, ал
керісінше қажетінше қатты қыспаған жағдайда
кесу тиімділігі төмендеп, триммер жүздерінің
арасына жапырақтар жиналып қалады.
Майлауға арналған саңылау [F22]
(ТЕК ҚАНА ҚАРНАҚТАҒЫ БАҚША ҚАЙШЫСЫ
ҮШІН)
Ара қарнағын (31) шешіп, майлауға арналған
саңылауды бітеліп қалған жоқ па, тексеріңіз.
Ара шинасы (31) [F23]
(ТЕК ҚАНА ҚАРНАҚТАҒЫ БАҚША ҚАЙШЫСЫ
ҮШІН)
∙
Ара шинасы ойығынан және майлауға арналған
саңылаудан үгінділерді шығарып тастаңыз.
∙
Ара шинасының (31) соңындағы саңылау
арқылы алдыңғы тісті дөңгелекті майлаңыз.
Ара
шинасының
бағыттаушылары
қашанда
квадрат формасында болуы тиіс. Ара шинасы
бағыттаушыларының
тозғандығын
тексеріңіз.
Сызғыштың көмегімен ара шинасын (31) және
кесетін түйіннің ішкі бөлігін тексеріңіз. Егер
екеуінің арасында саңылау болса, бағыттаушылар
қалыпты күйде. Кері жағдайда ара шинасы тозған
дегенді білдіреді. Мұндай шинаны жөндеу немесе
алмастыру қажет.
Тісті дөңгелек (32) [F24]
(ТЕК ҚАНА ҚАРНАҚТАҒЫ БАҚША ҚАЙШЫСЫ
ҮШІН)
Қатты тозғандығын тексеріңіз және егер тістер 0,3
мм артық тозған болса алмастырыңыз.
Ара шынжыры (33) [F25]
(ТЕК ҚАНА ҚАРНАҚТАҒЫ БАҚША ҚАЙШЫСЫ
ҮШІН)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үзіліссіз және
қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету
үшін ара шынжыры (33) қашанда
өткір болуы аса маңызды.
Ара шынжырын (33) мына жағдайларға егеулеп тұру
қажет:
∙
Үгінділер
ұнтақ
тәрізді
консистенцияға
айналады.
∙
Аралау қосымша күшті қажет етеді.
∙
Кесу тегіс шықпайды.
∙
Діріл күшейеді.
∙
Жанармай шығыны артады.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Арамен
жұмыс істеу үшін міндетті түрде
қолғаптар киіңіз.
Қайраудың алдында:
∙
Ара шынжырының (33) сенімді бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
∙
Қозғалтқыштың сөндірілгенін тексеріңіз.
∙
Ара шынжырын (33) қайрау үшін қажетті
көлемдегі домалақ егеуді қолданыңыз.
∙
Егеуді ара шынжырының үзбесіне орнатып, оны
тек қана алға қарай жылжытыңыз.
∙
Ара шынжырының барлық үзбелерін қайраған
соң, шынжыр жиектерінде бос аралықтың бар-жоғын
тексеріп, қажетті деңгейге дейін оны егеумен өңдеп
шығыңыз.
Summary of Contents for GBC-25MT
Page 4: ...4 2 1 8 9 4 5 6 7 10 13 11 12 31 33 35 28 30 29 GBC 25MT ...
Page 5: ...5 4 3 2 10 8 5 6 14 15 11 7 40 31 33 39 F1 F6 F2 F3 F4 F5 ...
Page 6: ...6 388BA032 KN max 60 45 45 35 30 29 38 36 F7 F13 F14 F8 F9 F10 F11 F12 ...
Page 7: ...7 2 1 1 2 A 0 6 0 7 mm 18 17 20 19 23 F15 F21 F22 F16 F17 F18 F19 F20 A B C ...
Page 8: ...8 0 3 mm HEDGE TRIMMER POLE PRUNER 30 85 60 10 1 5 30 31 32 F23 F24 F25 F26 ...
Page 9: ...9 ...