49
KZ
Нұсқаулық
көзінің пайда болуына жол бермеңіз.
∙
Қозғалтқышты
қоспас
бұрын
төгілген
жанармайды сүртіңіз.
∙
Жанармай багының және канистрдің қақпағын
тығыздап жабыңыз.
∙
Қауіпті улы газ жиналмас үшін құралды ғимарат
ішінде немесе тұйық кеңістікте іске қоспаңыз.
Шығарылатын газдар денсаулық үшін зиянды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жарамсыз газ
құрамында түссіз және иіссіз улы
газ болады. Шығарылған газды
ауамен тыныс алу естен айрылуға
немесе өлім-жітімді нәтижеге әкеліп
соғуы
мүмкін.
Шығарылатын
газдың жиналуын болдырмау үшін
тиісті желдетуді қамтамасыз етіңіз.
∙
Бакта жанармайы бар аспапты будың тұтануы
мүмкін жерлерде сақтамаңыз.
∙
Өрттің пайда болу қаупін төмендету үшін
қозғалтқыштың, бітеуіштің, батареялық бөліктің және
жанармайсақтауыштың орнын тазалықта ұстаңыз.
∙
Газ шығаратын жүйелер кейбір материалдардың
тұтануы мүмкін болатын температураға дейін
қызады. Құралды тез тұтанатын материалдардан
қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз.
∙
Жұмыс кезінде дыбыс бәсеңдеткіш қатты
қызады және сөндіргеннен кейін де біраз уақыт бойы
ыстық күйінде қалады. Күйіп қалмас үшін дыбыс
бәсеңдеткішке жанаспаңыз. Құралды жабық жайға
енгізбес бұрын алдымен қозғалтқышты суытып
алыңыз.
∙
Құралды іске қосу алдында ондағы барлық
кілттер мен орнату бөлшектерін алып тастаңыз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Кейде
бензиндік құралдарды пайдаланған
кезде құрамында ісік ауруын
тудыратын химиялық заттар бар
шаң қалыптасады.
Осындай химиялық заттарға мыналар жатады:
қорғасынды әктеуіштер құрамындағы қорғасын,
кірпіш пен цементтің құрамына кіретін кварц,
химиялық реагенттермен өңделген араланушы
материалдар құрамындағы күшән және хром, басқа
да зиянды заттар. Аталған химиялық заттардың әсер
ету қауіпі олармен жұмыс жасау жиілігіне
байланысты.
Олардың зиянды әсерін төмендету үшін жақсы
желдетілетін жерде жұмыс істеңіз және қолдану
үшін бекітілген ЖҚҚ, мысалы, микроскопиялық
бөлшектерді сүзуге арналған шаңға қарсы
респираторларды пайдаланыңыз.
∙
Құралдың астына бөгде заттар түскен жағдайда
құралдың ақаусыз екендігін тексеріңіз және қажетті
жөндеу жұмыстарын жүзеге асырыңыз.
∙
Шамадан тыс діріл пайда болса жедел арада
қозғалтқышты сөндіріңіз және себебін анықтаңыз.
Діріл әдетте ақаудың белгісі болып табылады.
∙
Жұмыс орнынан кетпес бұрын, құралды жөндеу,
тексеру немесе тазарту алдында оны сөндіріңіз және
толығымен тоқтағанша күте тұрыңыз.
∙
Құралдың ішкі бөлшектерін алып тастауға
немесе өзгертуге тыйым салынады.
Қауіпсіздік
техникасы
бойынша
ерекше
ережелер
Қауіпсіздік жабдықтарын қолдану
∙
Әрқашан
сертификатталған
қауіпсіздік
жабдықтарын киіңіз. Ол жарақат алу қаупін
толығымен жоққа шығармаса да, қайғылы жағдай
орын алған жағдайда, жарақаттың ауыртпалығын
бәсеңдетеді.
∙
Қауіпсіздік
каскасын
қолданыңыз,
есту
мүшелері үшін қауіпсіздікті сақтаңыз, қорғаушы
көзілдірікті немесе бетпердені қолданыңыз; арадан
сақтандыратын қорғаныс қолғаптарын және қорғаныс
қабаты бар шалбарды киіңіз, болат тұмсықты және
сырғымайтын ұлтанды мықты аяқ киім киіңіз. Жалпы
ережелерге сәйкес, киім денеге жабысып тұруы керек,
бірақ қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей болуы керек.
∙
Кесетін жүзді қолдануды тек қана қорғайтын
қолғаптар киіп жасаңыз.
Жұмыс шарты
∙
Жұмыс алаңына жақын жерде балалардың
және жануарлардың болуына жол бермеңіз. Бөгде
адамдар жұмыс істеп тұрған құралдан қауіпсіз
қашықтықта болуы керек.
∙
Жаныңызда сіздің жұмысыңызға кедергі
келтіретін заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
∙
Жұмыс жасау зонасында орын ауыстыруға тура
келген жағдайда айналаңызда кедергілердің жоқ
екеніне көз жеткізіңіз, мысалы, тамырлар, үлкен
тастар, бұтақтар және т.с.с.
∙
Еңіс жерлерде жұмыс істегенде өте сақ болыңыз.
∙
Мүмкін болатын қауіпті жағдайда тез арада шара
қолдану үшін қоршаған ортаны мұқият қадағалап
отырыңыз.
Машинаның қолданылуы
∙
Бұл машина тек қана ағаштарды кесуге
арналған. Басқа материалды кесуге арналған кез
келген әрекетіңіз машинаның бұзылуына және
кепілдік жөндеу құқыңыздың жойылуына әкеледі.
∙
Өндіруші арқылы ұсынылған кескіш саймандар
мен құрал-жабдықтарды ғана қолданыңыз.
Summary of Contents for GBC-25MT
Page 4: ...4 2 1 8 9 4 5 6 7 10 13 11 12 31 33 35 28 30 29 GBC 25MT ...
Page 5: ...5 4 3 2 10 8 5 6 14 15 11 7 40 31 33 39 F1 F6 F2 F3 F4 F5 ...
Page 6: ...6 388BA032 KN max 60 45 45 35 30 29 38 36 F7 F13 F14 F8 F9 F10 F11 F12 ...
Page 7: ...7 2 1 1 2 A 0 6 0 7 mm 18 17 20 19 23 F15 F21 F22 F16 F17 F18 F19 F20 A B C ...
Page 8: ...8 0 3 mm HEDGE TRIMMER POLE PRUNER 30 85 60 10 1 5 30 31 32 F23 F24 F25 F26 ...
Page 9: ...9 ...