IM020
13 SC-VC80R10
Егер жиһаз заттарының тіреуі төмен болса, аспап олардың астында кептеліп қалуы мүмкін. Оның жолына, мысалы,
гүл отырғызылған құмырамен тосқауыл қойыңыз.
Аккумуляторға арналған ұяның қақпағын ашыңыз. (1-сурет).
Зарядталған аккумуляторды салыңыз да, қақпағын жабыңыз. Ұяның қақпағын стап тұратын ысырмалардың дұрыс
орналасқанына көз жеткізіңіз.
Еден сүртетін шүберектің ұстатқышын алыңыз (2-сурет).
Шүберекті үстелге салыңыз. Ұстатқыш шүберектің тегіс жағына тиіп тұратындай етіп оны шүберектің үстіне салыңыз.
Шүберектің бір шетін бүктеңіз де, оны ұстатқыштың ирек қысқышына кіргізіңіз. Шүберектің екінші шетін тартыңыз да,
дәл сондай тәсілмен бүктеңіз (3-сурет).
Шүберек ұстатқышты корпустың астына орналастырыңыз.
Шөткелерді шаңсорғыштың түбіндегі саңылауларға салыңыз да, оларды бекіту үшін үстінен басыңыз. Шөткелерді
алу үшін оларды жоғары қарай тартыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Шөткелер ұзын түкті кілемдерде қолданылуға арналмаған.
Егер ұстатқышта шүберек болмаған жағдайда, жұмысты бастар алдында ұстатқышты корпустан алып шығыңыз.
ЖҰМЫСЫ
Жоғарыда суреттелгендей дайындықтан кейін сүзгінің орнында тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғыны сүзгісіз
пайдалану шаңсорғыштың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Шаңсорғышты бөлменің ең бос жеріне орнатыңыз.
Іске қосу түймесін басыңыз, сонда шаңсорғыш автоматты түрде қозғала бастайды.
Шаңсорғышты өшіру үшін қосу түймесін тағы бір рет басыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
ШАҢ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ТАЗАЛАУ
Қақпақты ашуға арналған түймені басу арқылы шаңсорғыштың қақпағын ашыңыз.
Шаңсорғыштан сауытты алып шығыңыз.
Қақпақтағы ойықтан ұстап, қақпақты өзіңізге қарай тарта отырып сауыттың қақпағын ашыңыз.
Сүзгіні алып шығыңыз.
Шаң жинауға арналған сауыттан қоқысты шығарыңыз.
Шаң жинауға арналған сауытты шүмектен аққан суға жуыңыз. Сауытты кір жуғыш машинада, ыдыс жуғыш машинада
немесе соларға ұқсас құрылғыларда жууға болмайды
Сүзгіні жұмсақ тіс шөткесінің көмегімен мезгіл-мезгіл тазалап тұрыңыз.
Кепкеннен кейін сүзгіні қайтадан орнатыңыз да, шаң жинауға арналған сауыттың қақпағын жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Шаң жинауға арналған сауытты орнына қоярдан бұрын полиэтилен бітеуіштің (кері клапан) дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз, бұл жұмыс кезінде қоқыс шашылмауы үшін қажет.
ЕСКЕРТУ
Шаңсорғыш үнемі пайдаланылған жағдайда ауа соратын саңылаудың айналасында шаң мен кір жиналуы мүмкін.
Жұмысы барынша нәтижелі болып, ауа біркелкі сорылуын қамтамасыз ету үшін сол саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап отырыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Тазалағаннан кейін әр кез сауытты міндетті түрде тазартыңыз.
Сүзгі орнатылмаған болса, сондай-ақ сүзгі бүлінген немесе ластанған болса, аспапты ешқашан да қолдануға
болмайды. Ондай жағдайда пайдалансаңыз, қозғалтқышқа шаң түседі де, құрылғының бұзылуына әкеледі
Егер сауыт "MAX" белгісіне дейін толы болса, аспапты пайдалануға болмайды. Сауыт толып кеткен кезде, лас ауа
шаңсорғыштың сүзгісін бітеп, соның нәтижесінде қозғалтқыш асқын қызып кетеді де, істен шығады.
Аспапты құрылыс қоқысын (цемент, әк, сылақ, металл жоңқа және т.с.с.) жинау үшін пайдалануға болмайды.Ондай
ұсақ заттар қозғалтқыштың бұзылуына әкеледі
Шаңсорғыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш немесе кір жуғыш машинада жууға болмайды
БАТАРЕЯНЫ ТАСТАУ
Батареяны қоқысқа тастардан бұрын оны аспаптан шығарып алу керек.
Шашты сирететін пышақты тартып шығару үшін сиреткіш пышақты шығаруға арналған түймені жылжытыңыз.
САҚТАЛУЫ
«ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ» тарауының барлық талаптарын орындаңыз.
Аспапты құрғақ әрі салқын жерде немесе қорапта сақтаңыз.
АҚАУЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ ЫҚТИМАЛ ТӘСІЛДЕРІ
Егер жоғарыда келтірілген нұсқаулар ақаулықты түзетуге көмектеспесе, қосу түймесін басып ұстап тұру арқылы
робот-шаңсорғышты қайтадан іске қосыңыз.
Summary of Contents for SC-VC80R10
Page 4: ...IM020 4 SC VC80R10 1 2 3...
Page 7: ...IM020 7 SC VC80R10 RUS 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 5 40 4 Scarlett 40 1 2 3...
Page 8: ...IM020 8 SC VC80R10 L R MAX...
Page 9: ...IM020 9 SC VC80R10 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 1 2 1 2 1 2 1 2 4 4 1 2 3 1 2 3...
Page 10: ...IM020 10 SC VC80R10 XX XXXX XX XXXX 5 40 4 Scarlett 40 1 2 3...
Page 11: ...IM020 11 SC VC80R10 MAX 1 2 1 2 1 2 1 2 4 4 1 2 3 1 2 3...
Page 12: ...IM020 12 SC VC80R10 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 5 40 4 Scarlett 40...
Page 13: ...IM020 13 SC VC80R10 1 2 3 MAX...