IM020
12 SC-VC80R10
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға сенім
артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық талаптар орындалған
жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске пайдалану
нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға
табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет
мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын
аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланған кезде бұзып алмас үшін, оны пайдаланар алдында осы нұсқаулықты зейін салып оқып
шығыңыз. Дұрыс қолданбау бұйымның бұзылуына әкеліп соғуы, материалдық нұқсан келтіруі немесе
пайдаланушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Аспапты іске пайдаланған кезде төмендегі сақтық шараларын ұстаныңыз:
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамаларының электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалану керек. Құрылғы өнеркәсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.
Аспапты үй-жайдың сыртында және ылғал беткі қабаттарда пайдалануға болмайды.
Аспапты жылу көздеріне (радиаторларға, жылытқыштарға және тс.с.) жақын қоймаңыз және оны тура түскен күн
сәулесінің астында ұзақ уақыт қалдырмаңыз, себебі бұл оның пластмасса бөлшектерінің пішінінің бұзылуына әкелуі
мүмкін.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе
құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Сүзгісі орнатылмаған шаңсорғышты тоққа қоспаңыз.
Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге немесе қандай да бір бөлшектерін ауыстыруға әрекет жасамаңыз. Ақаулық
анықталған жағдайда жақын жердегі Сервис орталығына хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX пішімінде
көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған
жылы.
Осы құрылғыны +5 °С және 40 °С аралығындағы температуралар аралығында пайдалану қажет.
Шаңсорғыштың үстіне отыруға немесе қандай да бір заттарды қоюға тыйым салынады.
Шаңсорғышты бензин сияқты жанғыш немесе тез тұтанатын сұйық заттарды жинап алу үшін қолдануға болмайды.
Шаңсорғыш жұмыс істеп тұрғанда көшеге шығатын барлық есіктер жабық тұруы керек.
Аккумуляторды зарядтауға арналған адаптер тек үй ішінде пайдалануға арналған.
Егер адаптердің бауы немесе ашасы бүлінген болса, аккумуляторды зарядтауға тыйым салынады.
Адаптердің ашасын немесе бауын су қолмен ұстауға болмайды.
Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оның ішінен аккумуляторды шығарып қойыңыз.
Аккумулятордан қауіпсіздік техникасының талаптарын орындай отырып арылу қажет.
Аспапты тек онымен бірге жеткізілетін қорек блогымен бірге ғана пайдалану керек.
Аспап тек онда таңбаланған аса төмен қауіпсіз кернеуден қорек алуы керек.
АККУМУЛЯТОРДЫ ЗАРЯДТАУ
Полярлығын сақтау отырып, аккумуляторды шаңсорғыштың аккумуляторға арналған ұясына салыңыз.
Адаптердің бауының бір ұшын шаңсорғыштағы тоққа қосу ұясына, ал екінші ұшын розеткаға жалғаңыз.
Зарядтау кезінде және аккумулятор толық зарядталған кезде көк түсті жарық диодты шеңбер жанады.
Аккумулятордың қуаты таусылған кезде жарық диодты индикатор қызыл түспен жанады.
Аккумуляторды іске пайдалану уақытын ұзарту үшін құрылғының қуаты түгелдей таусылған сайын оны 4 сағат бойы
үзбей зарядтаңыз.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Scarlett робот-шаңсорғышы түрлі материалдар (линолеум, қыш тақташа, паркет, кілем және т.б.) төселген едендерді
тазалауға арналған.
Аспап түгі ұзын кілемдерді тазалау үшін жарамайды.
Жұмысты бастамас бұрын, аспаптың ішіне түсіп кетуі немесе оның қозғалысына кедергі жасауы мүмкін заттардың
барлығын еденнен алып тастаңыз.
Аспаптың жолында сым, кабель немесе шашақ сияқты заттардың (перденің, дастарқанның немесе кілемнің
шашағы), қапшықтардың кездеспейтініне көз жеткізіңіз.
Аспап қағып кетуі мүмкін барлық заттарды (мысалы, вазалар, шағын еден шамдары, безендіру элементтері) жолдан
алып тастаңыз.
Аспап қатар тұрған екі заттың арасынан өте алуы үшін олардың арасында кем дегенде 40 см бос орын болуы керек.
Summary of Contents for SC-VC80R10
Page 4: ...IM020 4 SC VC80R10 1 2 3...
Page 7: ...IM020 7 SC VC80R10 RUS 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 5 40 4 Scarlett 40 1 2 3...
Page 8: ...IM020 8 SC VC80R10 L R MAX...
Page 9: ...IM020 9 SC VC80R10 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 1 2 1 2 1 2 1 2 4 4 1 2 3 1 2 3...
Page 10: ...IM020 10 SC VC80R10 XX XXXX XX XXXX 5 40 4 Scarlett 40 1 2 3...
Page 11: ...IM020 11 SC VC80R10 MAX 1 2 1 2 1 2 1 2 4 4 1 2 3 1 2 3...
Page 12: ...IM020 12 SC VC80R10 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 5 40 4 Scarlett 40...
Page 13: ...IM020 13 SC VC80R10 1 2 3 MAX...