IM020
SC-GS130S07
9
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің
компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген
техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен
сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі
бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне
өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Пайдалану барысында бұзылудың алдын алу үшін, құрылғыны іске қосу алдында нұсқаулықты зейін қойып
оқып шығыңыз. Дұрыс пайдаланбау бұйымның бұзылуына, материалдық шығынға немесе
пайдаланушының денсаулығына зиян келтіруіне әкеліп соғуы мүмкін.
Іске қосу алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалар электр желісінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Тек қана тұрмыста қолдану қажет. Құрылғы өндірістікте қолдануға арналмаған.
Бөлмелерден тыс немесе жоғары ылғалдық жағдайында пайдаланбаңыз.
Қоректендіру желісінен құрылғыны сөндіру кезінде, ашаны қолмен ұстап тұрыңыз, қоректендіру бауын
тартпаңыз.
Қоректендіру бауының үшкір жиектер мен ыстық беттерге тимеуін қадағалаңыз.
Су құю кезінде және пайдаланбаған уақытта, құрылғыны әрдайым электр желісінен ажыратыңыз.
Электр тогы соғуының және жанып кетудің алдын алу үшін, құрылғыны немесе қоректендіру бауын суға
немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер осындай жағдай орын алғанда, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ,
тез арада электр желісінен ажыратып, тексеру үшін Қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
Қоректендіру бауы зақымдалған жағдайда, қауіптің алдын алу үшін өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет
көзсету орталығы немесе білікті маман оны алмастыруы қажет.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Ақаулық табылған жағдайда, жақын Қызмет көрсету
орталығына жүгініңіз.
Балалардың құрылғымен ойнауын болдырмау үшін, оларды қатаң қадағалау қажет.
Құрылғы электр желісіне қосылып тұрған кезде, оны қараусыз қалдырмау қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қоректендіру желісінің шамадан тыс жүктеліуін бодырмау үшін, құрылғыны бір
уақытта басқа да қуатты электр құрылғыларымен бірге бір электр желесіне қоспаңыз.
Егер бұйым белгілі бір уақыт аралығында 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны қоспастан
бұрын бөлме жағдайында 2 сағаттан кем емес уақыт ұстау қажет.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның құрылымына, оның қауіпсіздігіне, жұмыс істеу қабілеті мен
қызметіне түбегейлі әсер етпейтіндей азғантай өзгерістер енгізу құқығын сақтап қалады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ДАЙЫНДАУ
Аспап киімді бумен тегістеуге арналған.
Бұйымды қораптан алыңыз.
Аспапты алдын ала толық жинақтап алмай тұрып электр желісіне қоспаңыз.
Бунақты тіреуді өзіңізге ыңғайлы биіктікке дейін созып шығарыңыз.
Бунақты тіреудің биіктігін тіреудің ұзындығын реттегіш тетіктермен тіреуге сырт еткізіп бекітіңіз.
Тіреуді оған арналған саңылауға сұғыңыз. Тіреуді оның ұшындағы ойық тіреуге арналған саңылаудың
ішіндегі ақ бекіткішпен сәйкес келетіндей етіп орнатыңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін тіреуді ажырату үшін су сауытын алып шығыңыз да, сауыттың артында
орналасқан тіреуді бекітетін түймені басыңыз. Тіреуді корпустан шығарып алыңыз.
Киім ілгішті тіреудің арнайы ойықтарына орнатыңыз.
СУ ҚҰЮ
Су құятын сауыттың дөңес жерінен тарту арқылы алып шығыңыз.
Сауытты төңкеріңіз де, қақпағын бұрап алыңыз.
Сауыттағы ең үлкен көлем белгісінен асырмай су құйыңыз.
Сауыттың қақпағын бұрап жабыңыз.
Сауытты орнына салыңыз.
Егер сауыттағы су таусылса, әуелі булағышты өшіріңіз, содан кейін оны электр желісінен ажыратыңыз да,
тек содан кейін ғана су құйыңыз.
Аспапты құрастырылған күйінде тегіс орнықты беткі қабатқа қойыңыз. Аспап жұмысқа дайын.
ЖҰМЫСЫ
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Summary of Contents for SC-GS130S07
Page 6: ...IM020 www scarlett ru SC GS130S07 6 XX XXXX XX XXXX OFF 30 50 50...
Page 7: ...IM020 www scarlett ru SC GS130S07 7 30 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX...
Page 8: ...IM020 www scarlett ru SC GS130S07 8 OFF 30 50 50 30...
Page 9: ...IM020 www scarlett ru SC GS130S07 9 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX...