
209
уақыттың мәні, аталған бағдарлама үшін жұмыс істеудің бекітілген максималды уақытынан асып кете алмайтындығын
ескерген жөн.
- Бағдарламаны іске қосу үшін “СТАРТ/ БОЛДЫРМАУ” сенсорына басыңыз, бағдарлама дыбыстық сигналын шығарады
да, мультипісіргіш белгіленген бағдарлама бойынша жұмыс істей бастайды. Дисплейде «ЖАРМАЛАР» жазба белгісі
және “СТАРТ/ БОЛДЫРМАУ” сенсорының индекаторы үнемі жанып тұрады. Әзірлеудің уақыттың кері есебі бағдарлама
іске қосылғаннан кейін басталады.
- Бағдарламаның жұмысы аяқталғаннан кейін құрал ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде ауысады. ЖЫЛЫТУ режиміне
автоматты түрде ауысуды сөндіру үшін «ҚЫСЫМ/ ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына басыңыз, сол кезде дыбыстық
сигналы шығады да, дисплейдегі ЖЫЛЫТУ жазба белгісі сөніп қалады. Қажет болған жағдайда Сіз «ҚЫСЫМ/
ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына қайтадан басып, ЖЫЛЫТУ режиміне ауысуды қайтадан іске қоса аласыз.
- Қажет болған жағдайда бағдарламаның орындалуын “СТАРТ / БОЛДЫРМАУ” сенсорына басып үзуге болады, бұл ретте
құрал күту режиміне ауысады.
- Мультипісіргіш жұмыс уақыты аяқталғысымен дыбыстық сигнал шығарады. Сонымен құрылғы автоматты түрде
ЖЫЛЫТУ режиміне өтеді, егер бұл режим бұрыннан жойылмаған болса. ЖЫЛЫТУ режимі іске қосылып тұрған кезде
дисплейде уақыттың тікелей есебі басталып (сағат уақытымен), көрінеді, бұл тағам жылыту режимінде қанша уақыт
тұрғанын көрсетеді.
- ЖЫЛЫТУ режимін өшіру үшін « СТАРТ/ БОЛДЫРМАУ» сенсорына басыңыз, құрал күту режиміне ауысады. Құралды
өшіріңіз.
Кеңес: Сұйықтықты максималды деңгейден асыруға болмайды.
«Бұқтырып дәмдеу» бағдарламасы
«Бұқтырып дәмдеу» бағдарламасы орыс пешінде тағамды әзірлеу үдерісін ұқсатады. Тағам өте ұзақ, баяу бұқтыру
әдісімен, үнемі жоғарылайтын температурада әзірленеді, бұл азық-түліктердің пайдалы құрамын сақтауға мүмкіндік
және оларға қайталанбас дәм береді.
- Құралды іске қосыңыз, дисплейдің көміскі жарығы жанады.
- Қажетті қоспалардың барлығын рецептураға сәйкес, тостаққа салыңыз. «Құралды пайдалану» тарауын басшылыққа
алыңыз.