
180
• Мультипісіргішті оның ішкі тостағында азық-түліктер не сүйықтық бар болса, ешқашан тасымалдауға болмайды.
• Мультипісіргіш жұмыс істеп тұрғанда режимдердің сипаттмасында көрсетілген жағдайлардан басқа кезде, оның ішкі
тостағын ұстамаңыз.
• Құралды тазарту үшін абразивті тазартқыштарды және агрессивті жуғыш құралдарды пайдаланбаңыз.
• Корпус пен ішкі тостақты таза әрі құрағақ күйінде ұстау қажет.
• Су мен азық-түліктерді мультипісіргіштің ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
• Ішкі тостақты өзге құралдарға және құрылғыларға салмаңыз және жеке элемент ретінде пайдаланбаңыз.
• «Жылыту» функциясының максималды түрде үздіксіз жұмыс істеу уақыты – 24 сағат, бірақ біз құралдың дұрыс
жұмыс істеуін ӘРБІР 6 сағат сайын тексеріп отыруды қатан ескертеміз!
• Жұмыс істеу барысында ішкі тостақ пен сыртқы корпустың арасында ешқандай бөгде заттардың жоқ екендігіне көз
жеткізіңіз.
• Мультипісіргіштің сақтандыру қақпақшасына қандайда бір әсердің болуынан сақтаныңыз. Сақтандыру қақпақшасына
қандайда бір заттарды немесе жүкті салуға тыйым салынады.
• Егер Сіз құрал жұмыс істегенде қақпақшадан шығатын будың көбейіп кеткедігін көретін болсаңыз, құралды тез
арада желіден ажыратып, оны қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
• Егер бағдарлама орындалып жатқан кезінде Сіз жабық тұрған сақтандыру қақпақшадан бөлініп жатқан тым көп
мөлшердегі буды байқайтын болсаңыз, құралды желіден бірден ажыратыңыз да, телефон арқылы аймақтық қызмет
көрсету орталығымен хабарласыңыз.