
179
көрсетілген жағдайдан басқа кезде пайдалануға мүлдем болмайды.
• Құралды «қысымсыз» режимдерінде 110°С температурадан асатын орнатулармен суды қайнату үшін пайдалануға
мүлдем болмайды.
• Егер тығыздандырғыш сиқинада қандай да бір зақымдалу болатын болса, құралды мүлдем пайдалануға болмайды.
Құралды аталған мультипісіргішпен бірге қоса жеткізілетін тығыздандырғыш сақинасымен ғана пайдалануға рұқсат
беріледі. Тығыздандырғыш сақина ретінде қандай да бір өзге сақиналарды немесе заттарды ешқашан қолданбаңыз.
• Қақпақтың ішкі қозғалмалы болаттан жасалған сақинасын ешқашан қолмен немесе қандай да бір өзге заттармен
бұрамаңыз және оны деформацияламаңыз. Құралдың ішкі қозғылмалы сақинасы зақымдалғанда немесе орнатқан
орнынан жылжып ауысып кеткенде сондай-ақ, оның мүлдем болмаған жағдайда құралды мүлдем пайдалануға тыйым
салынады. Қақпақтың ішкі қозғалмалы болаттан жасалған сақинасы зақымдалғанда немесе оның мұлдем болмаған
жағдайда қақпақты ауыстыру немесе оны жөндету үшін қызмет көрсету орналығына жолығыңыз. Осы ретте қақпақтың
ішкі қозғалмалы сақинаның зақымдалуы немесе деформациялануы және ішкі болаттан жасалған сақинаның болмауы
себебі бойынша қақпақты ауыстыру немесе жөндеу жұмыстары кепілдік жағдай болып есептеленбейді.
• Сақтандыру қақпақшасының кірленуіне жол бермеңіз. Сақтандыру қақпақшасын кірден үнемі тазартып отырыңыз.
• Құралдың тостағанында су болған жағдайда және құрал 100°С градустан жоғары температурада «қысымсыз»
бағдарламада жұмыс істегенде құралдың қақпағын «Close» қалпына қолмен бұру арқылы қосымша блоктау қажет.
• Құралдың қақпағын мультипісіргіштің ішіндегі қысым атмосферадағыға тең болғанда ғана ашуға болады.
• Қақпақтың құралдың корпусына жанасып тұратын жерін қандайда бір жолмен блоктауға болмайды, мысалы,
орамалмен жабуға немесе орауға.
• Құрал электр желісіне қосылып тұрғанда оны ешқашан көтеруге немесе орнын ауыстыруға болмайды.