
194
сол кезде дисплейде сәйкесінше индикация жанады. Назар аударыңыз! Егер қақпақ ашулы күйінде болатын болса,
ҚЫСЫМЫ бар режим қосылмайды.
- Әзірлеу уақыты бекітілген уақыт режимі бойынша 5 минут. Тағамды әзірлеу үшін тағамның рецептурасына
сәйкесінше қажетті әзірлеу уақытын орнатыңыз: «УАҚЫТ/ ТЕМПЕРАТУРА» сенсорына басыңыз, содан кейін “+ және - ”
сенсорларына басып, ауыспалы қадамымен әзірлеу уақытын өзгертіңіз (1 минутта – 5-тен 1 сағат 30 минутқа дейін, 5
минутта – 1 сағат 30 минуттан 3 сағатқа дейін, 10 минутта – 3-тен 12 сағатқа дейін) . Уақытты орнату үшін максималды
мүмкіндік – 12 сағат.
- Әзірлеу температураны өзгерту үшін осы таңдалған кезеңнінде «УАҚЫТ/ ТЕМПЕРАТУРА» сенсорына қайтадан
басыңыз, сонымен “+ және - ” сенсорларының көмегімен қажетті температуралық мәндерді белгілеңіз: қысымсыз
30°С градустан бастап 160°С градусқа дейін, қысымымен 30°С градустан бастап 118°С градусқа дейін, ауыспалы
қадамымен орнатыңыз: 30°С градустан бастап 90°С градусқа дейін - 10°С градус қадамымен, 90°С градустан бастап
110°С градусқа дейін - 2°С градус қадамымен, 110°С градустан бастап 160°С градусқа дейін - 10°С градус қадамымен
орнатыңыз.
- Сонымен қатар әзірлеу процесінде қысымсыз жұмыс режимі қосылып тұрған кезде әзірлеу уақытын және
температураны өзгертуге болады. Уақыт және температураның параметрлерін “+ және - ” сенсорларын қолданып
өзгертіңіз.
- Сонымен қатар, мұнда әзірлеу уақытының жалпы қорытынды уақыты, яғни өтіп кеткен уақытына қоса орнатылған
уақыттың мәні, аталған бағдарлама үшін жұмыс істеудің бекітілген максималды уақытынан асып кете алмайтындығын
ескерген жөн
- Бағдарламаны іске қосу үшін “СТАРТ/ БОЛДЫРМАУ” сенсорына басыңыз, бағдарлама дыбысты сигналын шығарады
да, мультипісіргіш белгіленген бағдарлама бойынша жұмыс істей бастайды.
- Дисплейде «Мультиаспаз» жазба белгісі және “СТАРТ/ БОЛДЫРМАУ” сенсорының индекаторы үнемі жанып тұрады.
Әзірлеудің уақыттың кері есебі бағдарлама іске қосылғаннан кейін басталады.
- Бағдарламаның жұмысы аяқталғаннан кейін құрал ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде ауысады. ЖЫЛЫТУ режиміне
автоматты түрде ауысуды сөндіру үшін «ҚЫСЫМ/ ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына басыңыз, сол кезде дыбыстық
сигналы шығады да, дисплейдегі ЖЫЛЫТУ жазба белгісі сөніп қалады. Қажет болған жағдайда Сіз «ҚЫСЫМ/
ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына қайтадан басып, ЖЫЛЫТУ режиміне ауысуды қайтадан іске қоса аласыз.
- Қажет болған жағдайда бағдарламаның орындалуын “СТАРТ / БОЛДЫРМАУ” сенсорына басып үзуге болады, бұл ретте
құрал күту режиміне ауысады.