
176
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
• Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
• Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдалану керек.
• Аталмыш құрал, құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген
немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ және жүйке жүйесінде
немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
• Құралды пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану бойынша нұсқаулықпен мұқият танысыңыз.
• Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және оның желілік сымның ақауы болса, құралды
розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
• Құрал мен желілік сым ыстық ауаның тікелей күн көзіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек.
• Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға
болмайды.
• Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен құралды ұстауға болмайды. Құрал
ылғалданса, бірден желіден ажыратыңыз.
• Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды суға малуға болмайды.
Құралды екінші рет пайдаланар алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
• Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде қолданылатын кернеуге
есептелгендігіне көз жеткізіңіз.