20
ҚАЗАҚША
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірімен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
• Техникалық қызмет көрсету мәселелері
бойынша рұқсаты бар (уәкілетті) сервис
орталықтарына жолығыңыз.
• Таразыны тек зауыттық қаптамасында
тасымалдаңыз.
• Таразыны құрғақ, салқын, балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
МАҢЫЗДЫ
Электрмагниттік сыйымдылық
Электрондық таразы тікелей жақын орналасқан
басқа құрылғылардың (ұялы телефондар,
портативті радиостанциялар, радио басқару
пульттерінің және қысқа толқынды пештердің)
электр магниттік сәулеленуіне сезімтал болуы
мүмкін. Осындай әсердің белгілері пайда болған
жағдайда (дисплейде қате немесе қарама-
қайшы деректер пайда болады), таразыны
кедергі көздерінен алшақ пайдаланыңыз.
ТАРАЗЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
Құрылғыны
төменгі
температурада
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан
кейін, оны бөлмелік температурада кемінде
екі сағат уақыт бойы ұстау керек.
–
Таразыны
қаптамадан
шығарыңыз,
құрылғының жұмысына кедергі келтіретін
кез келген жапсырмаларды алып тастаңыз.
–
Таразылау платформасын (1) және
таразылар корпусын жұмсақ, әлсін ылғал
матамен сүртіп алыңыз да, одан кейін
құрғатып сүртіңіз.
Қуат көзі элементін орнату
• Батарей бөлігінің қақпағын (6) ашыңыз және
«CR2032» қуат көзін (жеткізу жинағына
кіреді), өрістілігін қатаң сақтай отырып
орнатыңыз.
• Батарей бөлігінің қақпағын (6) орнына
орнатңыз.
Ескертпе: Батарей бөлігінде оқшаулағыш
төсеніш болған кезде батарей бөлігінің
қақпағын (6) ашыңыз, төсенішті алып
тастаңыз және батарей бөлігінің қақпағын
(6) орнына орнатыңыз.
Қуат элементін ауыстыру
–
«Lo» таңбасы батарея зарядының төмендігін
көрсетеді, бұл жағдайда қуат элементін
ауыстыру қажет.
–
Батарея бөлігінің қақпағын ашыңыз (6)
және қуат элементін ауыстырыңыз, жаңа
қуат элементін (CR2032) орнатқан кезде
өрістілікті қатаң сақтаңыз, қуат элементін
ауыстырған соң батарея бөлігінің қақпағын
жабыңыз (6).
–
Егер
таразы
ұзақ
уақыт
бойы
пайдаланылмайтын болса, онда қуат
элементін батарей бөлігінен алып тастаңыз.
АРТЫҚ САЛМАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Денедегі артық салмақ денсаулыққа кері әсерін
тигізетіні белгілі. Артық салмақ уайымның,
жүрек ауруының, атеросклероздың немесе
остеопороздың себебіне айналуы мүмкін.
Остеопороздың дамуына салмақ жеткіліксіздігі
де алып келуі мүмкін. (Остеопороз – қаңқаның
жүйелі түрдегі ауруы, ол сүйек массасының
көлем бірлігінде төмендеуімен және сүйек
тінінің миро архитекторнигінің бұзылуымен
сипатталады, ал бұл сүйектің нәзіктенуінің
жоғарылауына және кішкене жарақат алудан
немесе онсыз да сүйектердің сыну қаупіне әкеп
соғады).
Салмағы қалыпты адамның бұлшықеттері мен
тіндерінде майға қарағанда су мөлшері көп
болады, және майға қарағанда судан электр
тоғы жақсы өтетіні белгілі. Әлсіз электр тоғын
денеден өткізіп, таразы оңай әрі тез арада
адам денесіндегі май мен мен су мөлшерін
анықтайды.
Артық салмақтан дене жаттығулары және
қалыпты диета арқылы арылуға болады,
ал осы таразы өз салмағыңызды бақылауға
көмектеседі.
ҰСЫНЫСТАР
–
Өлшеуді тәуліктің белгілі бір уақытында ғана
жүргізіңіз.
–
Май мен судың пайыздық мөлшерін кешке
кешкі ас ішер алдында өлшеген жөн.
–
Тамақтанғаннан кейін кемінде 2-3 сағат өту
керек.
–
Қарқынды дене жаттығуларын жасағаннан
кейін кемінде 10-12 сағат өту керек.
–
Ағзадағы майдың пайыздық мөлшері түрлі
әсерлерге байланысты болады және бір күн
ішінде өзгеріп отыруы мүмкін.
–
6 жастан кіші балалардағы май мен судың
пайыздық мөлшерін есептеген кезде
нәтижелер дәл болмауы мүмкін.
–
Май мен су мөлшерінің дәл емес есептеу
нәтижелері кәсіпқой спортсмендерде,
ісінуге шалдыққан адамдарда, дене бітімі
MW-2665.indd 20
11.10.2013 15:31:51