19
ҚАЗАҚША
ЕДЕНГЕ ҚОЯТЫН ЭЛЕКТРОНДЫ ТАРАЗЫ
Таразының
осы
моделінде
дененің
(импеданстың) «BIA» толық кедергісін
биоэлектрлік талдау әдісі қолданылған,
ол май, бұлшықет және сүйек тіндерінің,
сондай-ақ судың пайыздық арақатынасын
жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік
береді. Есептеулер құрылғының жадына
енгізілген жеке деректерді (бой, жас, жыныс)
ескере отырып жүргізіледі.
СУРЕТТЕМЕ
1.
Платформа
2.
Деректерді таңдайтын және енгізілгенін
растайтын сенсорлы түйме «SET»
3.
Дисплей
4.
Деректерді таңдайтын сенсорлы түймелер
«
/
»
5.
Таразыға тарту бірліктерін «kg/lb/st» таңдау
түймесі
6.
Батарея бөлігінің қақпағы
7.
Байланыс алаңы
ТҰТЫНУШЫҒА БЕРІЛЕТІН КЕҢЕСТЕР
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Электр приборын пайдаланбас бұрын, осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, оны
анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Приборды дұрыс қолданбау оның бұзылуына
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін.
Артық салмақ талдағыш функциясын жүкті
әйелдерге МҮЛДЕМ пайдалануға болмайды.
Артық салмақ талдағыш функциясын
электрокардиостимуляторлары бар және
өзге де қуат беру элементі ішіне орнатылған
медициналық приболары бар адамдарға
МҮЛДЕМ пайдалануға болмайды.
• Таразыны кез келген өлшеуіш приборды
қолданғандай ұқыпты қолданыңыз, таразыны
жоғарғы және төменгі температура, жоғары
ылғалдық әсерлеріне жол бермеңіз, тікелей
күн сәулесінің ықпалынан аулақ ұстаңыз
және құрылғыны құлатып алмаңыз.
• Таразыны қыздырғыш приборлардан алшақ
жерде пайдаланыңыз.
• Таразы корпусының ішіне сұйықтықтардың
кіріп кетуіне жол бермеңіз, бұл құрылғы
су өткізбейтін аспап болып табылмайды.
Таразыны ылғалдығы жоғары (80%-дан
жоғары) жерлерде қалдыруға немесе
пайдалануға тыйым салынады, таразының
көрсеткіштерінің дұрыс көрсетуін бұзып
алмас үшін және олардың істен шығуын
болдырмас үшін корпустың суға немесе
басқа да сұйықтықтарға тиюін болдырмаңыз.
• Таразыға тарту платформасында қорғаушы
үлдір болса, статиктік электр әсерінің
туындауын болдырмас үшін оны алып
тастаңыз.
• Таразыны тегіс, құрғақ және тайғақ емес
жерге орналастырыңыз.
• Таразыны
кілемнің
немесе
кілем
төсемдерінің үстінде қолданбаңыз.
• Таразының үстіне су аяқтиарыңызбен
тұрмаңыз, таразының өлшейтін платформасы
ылғал болса оны пайдаланбаңыз. Сіз тайып
құлап, жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
• Таразыға тұратын кезде абай болыңыз:
таразының үстіне алдымен бір аяғыңызбен
тұрыңыз, оның тұрақтылығына көз жеткізіп
алғаннан кейін ғана екінші аяғыңызды қоюға
болады.
• Таразының үсітне шығып, өз салмағыңызды
біркелкі етіп ұстаңыз. Таразыға өлшену
кезінде қозғалмай тұрыңыз. Таразының
үстінде секіруге тыйым салынады.
• Сіз таразыны ұзақ уақыт аралығында
пайдаланбайтын болсаңыз, онда батарейлі
бөліктен қуат элементін алып тастау қажет.
• Қуат элементін орнатқан кезде белгілеуге
сәйкес өрістілігін қатаң сақтаңыз.
• Қуат элементін уақытылы ауыстырып
отырыңыз.
• Бұл құрылғы 8 жастан төменгі балалардың
пайдалануына арналмаған.
• Бұл прибор жеке мүмкіншілігі шектеулі,
жүйке, психикасы ауыратын немесе білімі
жеткіліксіз адамдарға (8 жастан жоғары
балаларды қоса алғанда)пайдалануға
арналмаған. Бұл адамдар тек өздерінің
қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
қадағалауымен болса, сондай-ақ өздеріне
құрылғыны қауіпсіз пайдалану және дұрыс
пайдаланбаған жағдайда орын алуы мүмкін
қауіпті жағдайлар туралы тиісті және түсінікті
нұсқаулар берілген болса осы приборды
пайдалана алады.
• Балалар приборды ойыншық ретінде
пайдаланбас үшін оларды қадағалап
отырыңыз.
• Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан, қаптама
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
пакеттерді қараусыз қалдырмаңыз.
MW-2665.indd 19
11.10.2013 15:31:51