
20
ҚазаҚша
6.
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
7.
«ON/OFF» (7) түймесін басып құрылғыны
қосыңыз.
8.
Жұмыс кезінде тек итергішті (1) пайдаланыңыз.
Ескертпе:
- Етті тарту процесін жақсарту үшін оны тілімдеп
немесе текшелеп тураңыз. Мұздатылған етті
толығымен жібітіп алу керек.
- Жұмыс істеген кезде тек жеткізу жинағына
кіретін итергішті пайдаланыңыз; етті итеру үшін
басқа заттарды пайдалануға тыйым салынады,
ешбір жағдайда етті қолмен итермеңіз.
Жұмысты
аяқтағаннан кейін, «ON/OFF» (7) түймесін басып,
еттартқышты өшіріңіз, құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз және осыдан кейін ғана еттартқышты
бөлшектеуге кірісуге болады.
9.
Еттартқыштың бастиегін шешіп алу үшін бекіткіш
түймені (5) басыңыз, еттартқыштың бастиегін
(3) сағат тілі бағытында бұрыңыз да, оны шешіп
алыңыз.
10.
Еттартқыштың бастиегін бөлшектеу үшін сомын-
ды (14) бұрап шешіп алыңыз да, еттартқыш
бастиегінің корпусынан орнатылған торкөзді (11,
12 немесе 13), пышақты (10) және иірмекті (9)
шығарыңыз.
автоматты түрде ажыратылу функциясы
Еттартқыш электомотордың қызуы кезінде автоматты
түрде ажыратылу функциясымен жабдықталған.
• Электромотор қызып кеткен кезде автоматты
термосақтандырғыш іске қосылады, осы кезде
еттартқыш сөніп қалады.
• Бұл жағдайда дереу желілік шнур ашасын электр
розеткасынан суырып тастаңыз.
• Еттартқышты қайта қоспас бұрын шамамен 50-60
минуттай суытып алыңыз.
• Еттартқышты электр желісіне жалғап, оны
қосыңыз, егер еттартқыш қосылмаса, онда бұл
еттартқыштың басқа да зақымдануларының бар
екенін білдіреді. Бұл жағдайда еттартқышты
жөндету үшін рұқсаты бар (уәкілетті) сервси
орталығына апару керек.
шұжық толтыру
1.
Тартылған етті дайындаңыз.
2.
Құралған еттартқыш бастиегін (3) орнатып, оны
сағат тіліне қарсы бағытта бекітілгенше бұрыңыз.
3.
Иірмекті (9) еттартқыштың бастиегі корпусына
(3) салыңыз, айқаспа пышақты (10) орнатыңыз,
торкөзді (13) (ұсақтап тартуға арналған) алыңыз
да, торкөздегі дөңестерді еттартқыштың бастиегі
корпусындағы (3) ойыққа келтіріп, торкөзді
пышақтың үстінен орнатыңыз, шұжықтарды
толтыруға арналған саптаманы (15) кигізіңіз және
сомынды (14) қатайтыңыз (7, 8-сур).
4.
Өнімдерге арналған науаны (2) орнатыңыз.
5.
Дайын тартылған етті өнімдерге арналған науаға
(2) салыңыз. Шұжықтарды әзірлеу үшін табиғи
қабықты пайдаланыңыз, оны жылы суы бар
ыдысқа алдын ала 10 минут бойы салып қою
керек.
6.
Жұмсарған қабықты саптамаға (15) кигізіңіз де
қабықтың ұшындағы бауды байлаңыз.
7.
«ON/OFF» (7) түймесін басып құрылғыны
қосыңыз.
8.
Дайын тартылған етті беру үшін итергішті (1)
пайдаланыңыз, қабықтың толуына байланы-
сты оны саптамадан (15) шығарып отырыңыз,
қабықтың кеуіп қалуына қарай оны сумен
дымқылдандырып
отырыңыз.
Жұмысты
аяқтағаннан кейін, «ON/OFF» (7) түймесін
басып, еттартқышты өшіріңіз, құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз және осыдан кейін ғана
еттартқышты бөлшектеуге кірісіңіз.
9.
Еттартқыштың бастиегін шешіп алу үшін бекіткіш
түймені (5) басыңыз, еттартқыштың бастиегін
(3) сағат тілі бағытында бұрыңыз да, оны шешіп
алыңыз.
10.
Сомынды (14) шешіп алып, еттартқыш бастиегін
бөлшектеңіз.
«кеббе» саптамасын пайдалану
Кеббе – дәстүрлі таяу шығыс тағамы, оны еттен,
бидай ұнынан және дәмдеуіштерден дайындайды,
оларды қуыс түтікшелерді дайындау негізін алу үшін
бірге турайды. Түтікшелер салмамен толтырылады
және фритюрде қуырылады.
Түтікшелерге арналған салмаларға тәжірибе жасай
отырып әртүрлі деликатестер дайындауға болады.
1.
Қабыққа арналған негізді дайындаңыз.
2.
Құралған еттартқыш бастиегін (3) орнатып, оны
сағат тіліне қарсы бағытта бекітілгенше бұрыңыз.
3.
Еттартқыш бастиегінің корпусына (3) иірмекті
(9) орнатыңыз, иірмекке (9) «кеббе» сап-
тамаларын (16, 17) орнатыңыз; бұл кезде
саптамадағы дөңестер (17) еттартқыш
бастиегінің корпусындағы (3) ойықтарға сәйкес
келуін қадағалаңыз, одан кейін сомынды (14)
қатайтыңыз (9, 10-сур.).
4.
Өнімдерге арналған науаны (2) орнатыңыз.
5.
Қабыққа арналған дайын негізді өнімдерге
арналған науаға (2) салыңыз.
6.
«ON/OFF» (7) түймесін басып құрылғыны
қосыңыз. Қабыққа арналған негізді беру үшін
итергішті (1) пайдаланыңыз.
7.
Дайын түтікшелерді қажетті ұзындықта кесіп
отырыңыз.
8.
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (7) «ON/OFF»
түймесін басып құрылғыны өшіріңіз, еттартқышты
электр желісінен ажыратыңыз, тек осыдан кейін
ғана еттартқышты бұзуға кірісуге болады.
9.
Еттартқыштың бастиегін шешіп алу үшін бекіткіш
түймені (5) басыңыз, бастиекті (3) сағат тілі
бағытында бұрыңыз да, оны шешіп алыңыз.
10.
Сомынды (14) шешіп алып, еттартқыш бастиегін
бөлшектеңіз.
MW-1258.indd 20
16.08.2013 9:38:46
Содержание MW-1258 ST
Страница 1: ...MW 1258 ST 13 8 4 18 22 26 30 34 38 MW 1258 indd 1 16 08 2013 9 38 44...
Страница 2: ...MW 1258 indd 2 16 08 2013 9 38 44...
Страница 3: ...MW 1258 indd 3 16 08 2013 9 38 45...
Страница 4: ...4 1 2 3 4 5 6 7 ON OFF 8 REV 9 10 11 12 13 14 15 16 17 8 8 8 MW 1258 indd 4 16 08 2013 9 38 45...
Страница 5: ...5 5 REV 1 16 17 11 12 13 10 REV 3 2 MW 1258 indd 5 16 08 2013 9 38 45...
Страница 18: ...1 2 3 4 5 6 7 ON OFF 8 REV 9 10 11 12 13 14 15 16 17 8 8 8 REV 18 MW 1258 indd 18 16 08 2013 9 38 46...
Страница 30: ...1 2 3 4 5 6 7 ON OFF 8 REV 9 10 11 12 13 14 15 16 i 17 I 8 8 8 REV 30 MW 1258 indd 30 16 08 2013 9 38 47...
Страница 34: ...34 1 2 3 4 5 6 7 ON OFF 8 REV 9 10 11 12 13 14 15 16 i 17 i i i i 8 8 8 REV MW 1258 indd 34 16 08 2013 9 38 47...
Страница 43: ...MW 1258 indd 43 16 08 2013 9 38 48...
Страница 44: ...2013 GOLDER ELECTRONICS LLC 2013 MW 1258 indd 44 16 08 2013 9 38 48...