![background image](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-3612-bn/vt-3612-bn_manual-instruction_1036087016.webp)
16
ҚазаҚша
ЕТТАРТҚЫШ VT-3612 BN
Еттартқыш азық-түлікті өңдеу және үйде
жасалған жартылай фабрикаттарды дайындау
үшін арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Итергіш
2.
Азық-түлікке арналған астауша
3.
Еттартқыш бастиегінің корпусы
4.
Еттарқыш бастиегін орнату орны
5.
Еттарқыш бастиегі бекіткішінің батырмасы
6.
Тасымалдауға арналған тұтқа
7.
Құрылғы корпусы
8.
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш
(ON/0/R)
9.
Шнек
10.
Крест тәрізді пышақ
11.
Ірі тартуға арналған торша
(саңылаулар диаметрі 7 мм)
12.
Ұсақ тартуға арналған торша
(саңылаулар диаметрі 5 мм)
13.
Еттартқыш бастиегінің сомыны
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып
шыңыңыз және оны пайдалану мерзімі бойы
сақтаңыз. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау
оның бұзылуына, пайдалнушыға немесе оның
мүлігіне зиян келітруге әкелуі мүмкін.
Электр еттартқышымен жұмыс істеу уақытында
өрттің, электр тоғымен зақымданудың немесе
басқа жарақаттардың тәуекелін азайту үшін
төменде аталған сақтандыру шараларын сақтау
керек:
•
Алғашқы іске қосу алдында, электр
желісіндегі кернеу құрылғының жұмыс істеу
кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Жеткізілім жинағына кіретін қосымша
бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
•
Электр тоғымен зақымдануға жол бермеу
үшін құрылғыны, желілік бауды және желілік
баудың айыртетігін суға немесе басқа
сұйықтықтарға ЕШҚАШАН БАТЫРМАҢЫЗ.
•
Еттартқыш корпусын тазалау үшін сәл
дымқыл матаны пайдаланыңыз, содан кейін
корпусты құрғатып сүртіңіз.
•
Ешқашан жұмыс істеп тұрған еттартқышты
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Еттартқышты пайдаланып болғаннан кейін
оны сөндіріңіз және электрлік желіден
ажыратыңыз.
•
Еттартқышты құрастырғанға, бөлшектегенге
дейін, сонымен қатар тазалағанға дейін оны
сөндіру және желілік айыртетікті ашалықтан
ажырату керек.
•
Құрылғыны түзу тұрақты бетке, жылу, ашық
от, ылғал, тікелей күн сәулелері көздерінен
алшақ ұстаңыз.
•
Құрылғыны ыстық бетке немесе сондайдың
(мысалы, газ, электр плитасы немесе
қыздырылған тандыр немесе пісіретін бет)
қасына орналастыруға тыйым салынады.
•
Құрылғыны панажайлардан тыс пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құрылғыны пайдалануды бастау алдында,
барлық бөлшектердің дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
•
Жұмыс істеу уақытында азық-түлікті
жүктейтін ауызға саусақпен немесе басқа
құралдармен итеруге тыйым салынады.
Бұл мақсатта тек итергішті ғана
пайдаланыңыз.
•
Еттартқышты алғашқы пайдалану алдында,
өңделетін азық-түлікпен жанасатын барлық
шешілмелі бөлшектерді жақсылап жуыңыз.
•
Еттартқыш жаңғақтарды, қатты талшықтары
бар тағамдық азық-түлікті (мысалы, зімбір
немесе ақжелкек) ұсатуға, сүйегі бар етті,
сонымен қатар артық майы бар етті өңдеуге
арналмаған.
•
Еттартқыштың қозғалатын бөліктерінің
тоқтауын күтіңіз, және содан кейін ғана
құрылғыны бөлшектеңіз.
•
Құрылғының үздіксіз жұмыс істеу уақыты
5 минуттан аспауы керек, содан ұзақтығы
10-15 минут үізіліс жасау керек.
•
Желілік бауды ұқыпты пайдаланыңыз, оның
көп рет бұралуына жол бермеңіз, желілік
бауды уақытылы түзетіп тұрыңыз.
•
Желілік бауды құрылғыны тасымалдау үшін
пайдалануға тыйым салынады.
•
Желілік шнурдың үстелден салбырап тұруын,
сондай-ақ ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
•
Желілік баудың айыртетігін электр
ашалығынан ажыратқанда, баудың өзінен
емес, айыртетіктен ұстаңыз.
•
Желілік бауды сулы қолмен қоспаңыз
және ажыратпаңыз, бұл электр тоғымен
зақымдануға әкелуі мүмкін.
•
Балалардың жұмыс істеп тұрған құрылғыға
және оның желілік сымын ұстауына рұқсат
бермеңіз.
IM VT-3612.indd 16
01.04.2016 16:38:11
Summary of Contents for VT-3612 BN
Page 1: ...1 VT 3612 BN 4 8 12 16 20 Meat grinder IM VT 3612 indd 1 01 04 2016 16 38 10...
Page 2: ...IM VT 3612 indd 2 01 04 2016 16 38 10...
Page 3: ...IM VT 3612 indd 3 01 04 2016 16 38 10...
Page 13: ...13 www vitek ru 8 0 ON R 2 2 6 2 1 IM VT 3612 indd 13 01 04 2016 16 38 11...
Page 17: ...17 www vitek ru 8 0 ON R 2 2 2 6 1 1 IM VT 3612 indd 17 01 04 2016 16 38 11...
Page 21: ...21 i www vitek ru 8 0 ON R 2 2 6 2 1 IM VT 3612 indd 21 01 04 2016 16 38 12...