999-995-118.09_REV A
185
DP-13 қақтан тазарту сорғысы
Бұл нышан жабдықты пайдаланбас бұрын
пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығуды
білдіреді. Пайдалану нұсқаулығында жабдықты
қауіпсіз және тиісті түрде пайдалану туралы маңызды ақпарат бар.
Қауіпсіздік туралы ақпарат
ЕСКЕРТУ
Бұл бөлімде осы құралға қатысты маңызды қауіпсіздік
ақпараты бар.
Электр тогының соғу қаупін, химиялық күйіктер немесе т. б.
ауыр дене жарақатын алу қаупін азайту үшін DP-13 қақтан
тазарту сорғысын пайдаланбас бұрын осы сақтық шараларды
мұқият оқыңыз.
КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ!
Бұл нұсқаулықты пайдаланушының пайдалануы үшін
қақтан тазарту сорғысымен бірге ұстаңыз.
Қақтан тазарту сорғсының қауіпсіздігі
•
Үнемі тиісті жеке қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз.
Химиялық заттарға төзімді қолғаптар, көз қорғанысы,
бет қалқандары, ұзын жеңдер, қауіпсіздік аяқ киімдері,
қатты қалпақ және респиратор сәйкесінше жарақат алу
қаупін азайтады.
•
Қақтан тазарту сорғысы құбырды қақтан тазалау үшін
арнайы әзірленген химиялық өнімдермен пайдалануға
арналған.
Басқа өнімдерді пайдалану ұсынылмайды
және жарақатқа немесе жабдықтың зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
•
Химиялық өнімдерді өңдеу және пайдалану бойынша
коммерциялық қолжетімді қақтан тазартатын химиялық
заттар өндірушісінің арнайы нұсқауларын орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін қақтан тазартатын химиялық
заттарды жеткізушілердің нұсқауларын қараңыз. Бұл улы
материал әсеріне байланысты денсаулық қауіптіліктерін
азайтуға көмектеседі.
•
Қақтан тазалау ерітіндісінің температурасы ешқашан
50 °C-тан аспауы керек.
Бұл жарақатқа немесе
жабдықтың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
•
Қақтан тазартатын химиялық қоспаны қоспас бұрын
сорғыны жүйеге қосыңыз.
Бұл жарақат алу немесе
жабдықтың зақымдалу қаупін азайтады.
•
Тиісті гигиенаны сақтаңыз.
Құралды қолданған
немесе пайдаланған кезде тамақ ішпеңіз немесе
шылым шекпеңіз. Жабдықты қолданғаннан немесе
пайдаланғаннан кейін, қолыңызды және химиялық
зат құрамы тиген өзге дене бөліктерін жуу үшін ыстық,
сабынды суды пайдаланыңыз.
Бұл улы материал әсеріне
байланысты денсаулық қауіптіліктерін азайтуға көмектеседі.
•
Бакте химиялық зат болған кезде сорғыны жылжытпаңыз.
Қақтан тазалау аяқталғаннан кейін, сорғыны жылжытпас
бұрын қақпақты қатайтып, шланг қақпақтарын салыңыз.
•
RCD қорғалған тізбектерді пайдаланыңыз.
Тек RCD
арқылы қорғалған ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз.
•
Ауыр дене жарақаты қаупін азайту үшін осы
құралды пайдалану алдында осы нұсқауларды және
пайдаланылатын барлық химиялық заттар, жабдық
пен материалдардың нұсқаулары мен ескертулерін
оқып шығыңыз және түсініңіз.
Қауіпсіздік нышандары
Бұл пайдалану нұсқаулығындағы және өнімдегі қауіпсіздік нышандары және белгі сөздер маңызды қауіпсіздік ақпаратын
жеткізу үшін пайдаланылады. Бұл бөлім осы белгі сөздер мен нышандарды жете түсіну үшін берілген.
Бұл қауіпсіздік ескертуі нышаны болып табылады. Бұл сізге ықтимал дене жарақаты қауіптері жөнінде ескерту жасау
үшін пайдаланылады. Ықтимал жарақаттың немесе өлімнің алдын алу үшін осы нышанда берілген барлық қауіпсіздік
шараларын сақтаңыз.
ҚАУІП алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелетін қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТУ алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ алдын алмаған жағдайда кішігірім немесе орташа жарақатқа әкелуі
мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ мүлікті қорғауға қатысты ақпаратты білдіреді.
Бұл таңба көздің жарақаттану қаупін азайту үшін осы
жабдықты пайдаланғанда, үнемі бүйір қалқалары
бар көзәйнекті не көзілдірікті кию керектігін білдіреді.
Бұл таңба электр тогының соғу қаупін білдіреді.
Бұл таңба электр жабдығының қолданылатын ЕО
директивалары талаптарына жауап беретінін көрсетеді.
ҚАУІП
ЕСКЕРТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұл таңба электр жабдығын тұрмыстық қалдықпен
бірге тастамау керек екенін білдіреді.
«Жою»
бөлімін
қараңыз.
Бұл таңба осы электр жабдығының Еуразиялық
Кеден одағының барлық техникалық ережелеріне
сәйкестігін білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
Summary of Contents for 57276
Page 16: ...999 995 118 09_REV A 14 Pompe de détartrage DP 13 ...
Page 24: ...999 995 118 09_REV A 22 Bomba desincrustante DP 13 ...
Page 40: ...999 995 118 09_REV A 38 DP 13 Ontkalkingspomp ...
Page 48: ...999 995 118 08_REV A 46 Pompa disincrostante DP 13 ...
Page 56: ...999 995 118 09_REV A 54 Bomba de descalcificação DP 13 ...
Page 64: ...999 995 118 09_REV A 62 DP 13 avkalkningspump ...
Page 72: ...999 995 118 09_REV A 70 Afkalkningspumpe DP 13 ...
Page 80: ...999 995 118 09_REV A 78 DP 13 Avkalkingspumpe ...
Page 88: ...999 995 118 09_REV A 86 Kalkinpoistopumppu DP 13 ...
Page 104: ...999 995 118 09_REV A 102 DP 13 Čerpadlo na odstraňování vodního kamene ...
Page 112: ...999 995 118 09_REV A 110 DP 13 Čerpadlo na odstraňovanie vodného kameňa ...
Page 120: ...999 995 118 09_REV A 118 DP 13 Pompă detartrare ...
Page 128: ...999 995 118 09_REV A 126 DP 13 vízkőmentesítő szivattyú ...
Page 144: ...999 995 118 09_REV A 142 DP 13 Pumpa za skidanje kamenca ...
Page 152: ...999 995 118 09_REV A 150 DP 13 Črpalka za odstranjevanje vodnega kamna ...
Page 160: ...999 995 118 09_REV A 158 DP 13 Pumpa za uklanjanje kamenca ...
Page 176: ...999 995 118 09_REV A 174 DP 13 KireçTemizleme Pompası ...
Page 192: ...999 995 118 09_REV A 190 DP 13 қақтан тазарту сорғысы ...