999-995-118.09_REV A
187
DP-13 қақтан тазарту сорғысы
ЕСКЕРТПЕ
Бұл қақтан тазарту сорғысы құбырлар мен
түтіктерді қақтан тазарту үшін тиісті химиялық заттармен
қақтау үшін жасалған. Дұрыс пайдаланылған кезде ол жақсы
талаптарда ұсталған және тиісінше жасалған, құрылған және
қызмет көрсетілген жүйені зақымдамайды. Егер жүйе нашар
жағдайда болса не тиісті түрде жасалмаған, құрылмаған
және қызмет көрсетілмеген жағдайда қақтан тазарту процесі
тиімді болмауы немесе жүйеге зақым келуіне әкелуі мүмкін.
Бұл қақтан тазарту сорғысын дұрыс пайдаланбау сорғы мен
жүйені зақымдауы мүмкін. Бұл сорғы барлық қақты түгел
кетірмеуі мүмкін.
Жұмыс алдында тексеру
ЕСКЕРТУ
Әр пайдаланған сайын қақтан тазарту сорғысын тексеріңіз
және электр тогының соғуы, химиялық күйіктер, жұқпа және
басқа да себептерден болатын қауіптерді азайтып, сорғы
зақымдануының алдын алу үшін кез келген ақауларды түзетіңіз.
Қақтан тазарту сорғысын тексерген кезде үнемі қорғаныш
көзілдіріктерін және басқа тиісті қорғаныш жабдығын
пайдаланыңыз.
1. Қақтан тазарту сорғысының ажыратылғанына көз
жеткізіңіз және қуат сымы мен ашасында зақымның
бар-жоғын тексеріңіз. Егер қосқыш модификацияланған
болса не сым зақымданған болса, электр тогы соғуының
алдын алу үшін сымды білікті жөндеуші маман
ауыстырмайынша, сорғыны пайдаланбаңыз.
2. Тұтқаларын және басқару тетіктерін қоса қақтан
тазарту сорғысын тазалаңыз. Бұл тексеруге көмектеседі
және сорғының немесе басқару тетігінің қысқыштан
сырғып кетуіне жол бермейді. Сорғыны қызмет көрсету
нұсқауларына сәйкес тазалаңыз және оған қызмет
көрсетіңіз.
3. Қақтан тазарту сорғысында мыналардың бар-жоғын
тексеріңіз:
• Тиісті түрде жинақтау және толықтығы.
• Кез келген сынық, тозған, жоқ, ретсіз немесе жабысқан
бөліктер.
• Түтіктерде, коннекторларда және фитингтерде тозу
мен зақымдану бар-жоғын тексеріңіз. Шлангтарда
бүгілу, кесу және жарықтар бар-жоғын тексеріңіз.
•
Ескерту жапсырмасының болуы және оқылу
мүмкіндігі
(1-суретті қараңыз)
.
• Қауіпсіз және қалыпты жұмыс істеуіне жол бермеуі
мүмкін басқа жағдай.
Егер ақаулықтар табылса, ақаулықтар түзетілгенше
қақтан тазарту сорғысын пайдаланбаңыз.
4. Дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін басқа кез
келген пайдаланылатын жабдықты тексеріңіз және
оған өз нұсқауларына сәйкес қызмет көрсетіңіз.
Орнату және пайдалану
ЕСКЕРТУ
Электр тогының соғуынан, өрттен, химиялық күйіктерден,
инфекциялардан және өзге себептерден жарақат алу қаупін
төмендету және қақтан тазарту сорғысының зақымдануына жол
бермеу үшін, қақтан тазарту құралын және жұмыс аумағын осы
рәсімдерге сәйкес орнатыңыз.
Қақтан тазарту сорғысын қолданған және пайдаланған кезде
үнемі тиісті жеке қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз. Қақтан
тазартатын химиялық заттар улы болуы, күйікке немесе басқа
мәселелерге әкелуі мүмкін. Тиісті жеке қорғаныш жабдығына үнемі
қауіпсіздік көзілдіріктері және латекс немесе резеңке қолғаптар, бет
қалқандары, көзілдіріктер, қорғаныш киім, респираторлар және
темір тұмсықты аяқ киім сияқты жабдықты қамтуы мүмкін.
Электр тогының соғуынан, химиялық күйіктерден, жұқпалардан
және басқа себептерден жарақат алу қаупін азайту үшін жұмыс
нұсқауларын орындаңыз.
1. Жұмыс аумағында мыналарды тексеріңіз:
• Тиісті жарық мөлшері.
• Жанғыш сұйықтықтардың, булардың немесе тұтануы
мүмкін шаңның болуы. Бар болған жағдайда көздері
анықталып, түзетілмейінше, аумақта жұмыс істемеңіз.
Қақтан тазарту сорғысы жарылысқа төзімді емес және
ұшқындар шығаруы мүмкін.
• Барлық жабдық және пайдаланушы үшін ашық,
тегіс, орнықты, құрғақ орын. Сорғыны суда тұрғанда
пайдаланбаңыз. Егер қажет болса, суды жұмыс
аумағынан кетіріңіз.
• Тиісті кернеудің жерге дұрыс тұйықталған электр
розеткасы. Сорғының сериялық нөмір тақтасында
қажетті кернеуді тексеріңіз. Үш ұш немесе RCD
розеткасы жерге дұрыс қосылмаған болуы мүмкін.
Күмәніңіз болса, розетканы рұқсаты бар электр
маманына тексертіңіз.
• Электр розеткасына қуат сымының ықтимал зақымдау
көздері жоқ бөгеуілсіз жол.
2. Тазаланатын тұйық жүйені тексеріңіз. Мүмкін болса,
кіру нүктелерін, су төгу нүктелерін, қосылған жүйелерді
анықтаңыз.
Summary of Contents for 57276
Page 16: ...999 995 118 09_REV A 14 Pompe de détartrage DP 13 ...
Page 24: ...999 995 118 09_REV A 22 Bomba desincrustante DP 13 ...
Page 40: ...999 995 118 09_REV A 38 DP 13 Ontkalkingspomp ...
Page 48: ...999 995 118 08_REV A 46 Pompa disincrostante DP 13 ...
Page 56: ...999 995 118 09_REV A 54 Bomba de descalcificação DP 13 ...
Page 64: ...999 995 118 09_REV A 62 DP 13 avkalkningspump ...
Page 72: ...999 995 118 09_REV A 70 Afkalkningspumpe DP 13 ...
Page 80: ...999 995 118 09_REV A 78 DP 13 Avkalkingspumpe ...
Page 88: ...999 995 118 09_REV A 86 Kalkinpoistopumppu DP 13 ...
Page 104: ...999 995 118 09_REV A 102 DP 13 Čerpadlo na odstraňování vodního kamene ...
Page 112: ...999 995 118 09_REV A 110 DP 13 Čerpadlo na odstraňovanie vodného kameňa ...
Page 120: ...999 995 118 09_REV A 118 DP 13 Pompă detartrare ...
Page 128: ...999 995 118 09_REV A 126 DP 13 vízkőmentesítő szivattyú ...
Page 144: ...999 995 118 09_REV A 142 DP 13 Pumpa za skidanje kamenca ...
Page 152: ...999 995 118 09_REV A 150 DP 13 Črpalka za odstranjevanje vodnega kamna ...
Page 160: ...999 995 118 09_REV A 158 DP 13 Pumpa za uklanjanje kamenca ...
Page 176: ...999 995 118 09_REV A 174 DP 13 KireçTemizleme Pompası ...
Page 192: ...999 995 118 09_REV A 190 DP 13 қақтан тазарту сорғысы ...