
107
108
KZ
(В:10) Желдету режимі: Құрылғыны жұмыс
режимінен желдету режиміне ауыстыру үшін
дыбыс естілгенше құлаққаптарды сыртқа
тартыңыз. Қақпақтарды шлемге (В:11) қарсы
қоймаңыз, себебі бұл желдетуге кедергі келтіреді.
7.5.
МИКРОФОН
(C:1 - C:2 суреті)
Шулы аймақтарда сөйлеу микрофонының
тиімділігін арттыру үшін, микрофонды аузыңызға
өте жақын (3 мм немесе 1/8 дюймнен аз) ұстаңыз.
8.
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУЛАР
8.1.
ҚҰРЫЛҒЫ ҚУАТЫН ҚОСУ ЖӘНЕ
ӨШІРУ
(A:9 суреті)
Гарнитураны қосу немесе өшіру үшін, хабар
берілмейінше On/Off/Mode түймесін (A:9) басып
тұрыңыз. Құрылғының қосылғанын не өшірілгенін
растау дауыстық хабар шығады. Гарнитура
өшірілген кезде әрқашан соңғы рет орнатылған
параметр сақталады.
ЕСКЕРТПЕ
:
Өнім екі сағат бойына (соңғы рет
түйме басылғаннан немесе VOX тасымалынан
кейін) пайдаланылмаса, қуат автоматты түрде
өшіріледі. Автоматты қуатты түрде өшіру
дауыстық хабар арқылы көрсетіледі: «Automatic
power off (Автоматты қуатты өшіру)» хабары
артынша 10 секунд бойына қысқа дыбыстық
сигналдар қатары естіледі де, содан кейін
құрылғы өшеді.
8.2.
PTT
(A:14 суреті)
Басып с
ө
йлеу.
Рация арнасын ашу, сосын микрофон арқылы
сөйлеу үшін PTT түймесін (A:14) басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
: PTT түймесін басқан кезде, гарнитура
әрқашан сигналды таратады.
9.
МӘЗІР ФУНКЦИЯЛАРЫ
Гарнитура мына мәзір санаттарын қамтиды:
•
Radio volume (Радионың дыбыс деңгейі)
•
Channel (Арна)
•
VOX (дауыспен басқарылатын тарату)
•
Squelch (Кедергілерді басу (зуылды азайту))
•
Sub channel (Қосалқы арна)
Мәзір элементтері арқылы жылжу үшін On/Off/
Mode түймесін (A:9 суреті) басыңыз.
9.1.
RADIO VOLUME (РАДИОНЫҢ
ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІ)
(A:10 - A:11 суреті)
Дыбыс деңгейін бес деңгейдің біріне реттеу үшін
(+) түймесін (A:10) немесе (–) түймесін (A:11)
басыңыз. Дыбысты өшіру үшін, (–) түймесін екі
секундқа басыңыз. Бұл «Radio volume off
(Радионың дыбыс деңгейі өшірулі)» хабары
арқылы расталады. Осы функция қайтадан қосу
үшін (+) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
:
Дыбыс өшірілген кезде ешқандай
радио байланысын есту мүмкін емес.
ЕСКЕРТПЕ
:
Дыбыс өшірілген кезде, барлық басқа
радио конфигурациясы мәзірлері қолданыста
болмайды.
9.2.
CHANNEL (АРНА)
(A:10 - A:11 суреті және K:A кестесі)
РАДИОТОЛҚЫН ЖИІЛІГІ КЕСТЕСІНІҢ
ТҮСІНДІРМЕСІ
Радиотолқын жиіліктері
Кесте
сілт.
Сипаттама
K:A
Радиотолқын жиіліктері
K:1
Арна нөмірі
K:2
Жиілік (МГц)
Қолжетімді 8 арна арқылы ауысып қосылу үшін (+)
түймесін (A:10) немесе (–) түймесін (A:11)
басыңыз.
9.3.
VOX (ДАУЫСПЕН БАСҚАРЫЛАТЫН
ТАРАТУ)
VOX – басып сөйлеу түймесі (PTT) үшін қолайлы
жанаспайтын мүмкіндігі болып табылады.
VOX мүмкіндігімен арнаны ашу үшін, жай ғана
микрофонға сөйлеңіз. VOX параметрі радио
таратылымын іске қосу үшін акустикалық
шектеулерді анықтайды. Жоғарырақ параметрлер
қатты шулы орталар үшін қолайлы.
VOX мүмкіндігінің сезімталдығын реттеу үшін,
VOX мәзірі параметрінде болған кезде (+)
түймесін (A:10) немесе (–) түймесін (A:11)
басыңыз. Бес деңгей арасында таңдауға немесе
осы функцияны өшіруге болады.
VOX функциясын қосу және өшіру үшін, PTT
түймесін екі рет басыңыз. Балама түрде мәзірде
VOX параметрінде болған кезде, VOX қызметін
өшіру үшін, (–) түймесін екі секундқа басыңыз.
Осы функция қайтадан қосу үшін (+) түймесін
басыңыз. VOX өшірулі болса, тарату үшін PTT
түймесін пайдалану керек.
ЕСКЕРТПЕ
: Арна басқа таратумен («busy (бос
емес)») қолданылып жатқан болса және
блокталған таратуды көрсету үшін естілетін үнді
еститін болсаңыз, әдепкі бойынша бос емес
арнаны пайдалануды құлыптау (BCLO) функциясы
VOX жұмысына жол бермейді. Бұл параметрлерді
орнату мәзірінде реттеуге болады.
ЕСКЕРТПЕ
: VOX мүмкіндігін тиімді пайдалану
үшін, сөйлеу микрофонын (A:8) аузыңызға 3 мм
немесе
1/8 дюймнен аз етіп, өте жақын ұстаңыз. Радио
таратылып жатқанда, гарнитурада дыбысты
естисіз.
Summary of Contents for PELTOR LiteCom
Page 1: ...TM LiteCom Headset...
Page 15: ...8 3M PELTOR LiteCom MT53H7 4400 EU 1 PELTOR LiteCom 1 1 1 2 2 2 1 3M 3 a b BG a 3M b c d e f g...
Page 22: ...15 14 85 CC CN SE PL ISO 3166 1 WEEE CC BG 15 15 1 3M 3M 3M 3M 3M 15 2 3M 15 3 3M...
Page 74: ...67 LiteCom 3M PELTOR MT53H7 4400 EU 1 PELTOR LiteCom 1 1 1 2 2 2 1 3M 3M GR 3M 2...
Page 81: ...74 GR D 6 14 85 CC CN SE PL ISO 3166 1 MM CC 15 15 1 3M 3M 3M 3M 3M 15 2 3M 15 3 3M...
Page 110: ...103 3M PELTOR LiteCom MT53H7 4400 EU 1 PELTOR LiteCom 1 1 1 2 2 2 1 3M 3M a KZ a 3M...
Page 117: ...110 14 85 CC CN SE PL ISO 3166 1 WEEE CC KZ 15 15 1 3M 3M 3M 3M 3M 15 2 3M 15 3 3M...
Page 176: ...169 RU a b a 3 b d f g h EN 352 EN 352 3...
Page 183: ...176 13 20 C 4 F 40 C 104 F 90 D 6 14 85 ISO 3166 1 CN SE PL WEEE CC RU...
Page 184: ...177 15 15 1 3 3 3 15 2 3 15 3 3M Company RU...
Page 213: ...206 3M PELTOR LiteCom MT53H7 4400 EU 1 PELTOR LiteCom 1 1 1 2 2 2 1 3 3 b UA 3 b c d e f g...
Page 220: ...213 UA 14 85 CC CN SE PL ISO 3166 1 WEEE CC 15 15 1 3 3 3 3 3 15 2 3 15 3 3...