IM012
50
SC-400
Алғаш рет пайдаланардың алдында алмалы шараны, қамыр илейтін қалақшаны, нан пісіретін пештің ішкі және
сыртқы бөліктерін таза дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Басқару панелінен қорғаныс үлдірін алып тастаңыз.
ЖҰМЫСЫ
Нан пісіретін пешті электр желісіне жалғаңыз.
Азық-түлікті пешке салыңыз да (рецептке сәйкес), қақпағын жабыңыз.
МӘЗІР ТҮЙМЕШІГІ «МЕНЮ»
Қалаған пісіру бағдарламасын орнатыңыз. Бағдарламаның нөмірі және бағдарламаға сәйкес пісіру уақыты СК
бейнебетте пайда болады.
Ескерту: түймешік басылған кезде дыбыстық белгі естілуге тиіс.
ҚЫРТЫС ТҮСІ
Қыртыс түсі функциясы ашық түсті, орташа немесе қошқыл түсті қыртысты пісіруді бағдарламалауға мүмкіндік
береді.
Ашық түсті, орташа немесе қошқыл түсті қыртысқа жету үшін
түймешігін тиісінше бір рет, екі рет немесе
үш рет басыңыз. СК бейнебетте қыртыстың таңдалатын түсін көрсететін таңбалауыш меңзер пайда болады.
ПІСІРУ УАҚЫТЫ
және түймешіктерінің көмегімен сіз пісіру уақытын реттей аласыз.
БӨЛКЕНІҢ МӨЛШЕРІ
Бұл функция пісірілетін бөлкенің салмағын белгілеуге мүмкіндік береді. Кіші бөлкенің салмағы 500 грамды,
үлкен бөлкенің мөлшері 750 грамды құрайды.
Кіші немесе үлкен бөлке үшін түймешігін тиісінше бір рет немесе екі рет басыңыз.
СК бейнебетте бөлкенің таңдалатын мөлшерін көрсететін таңбалауыш меңзер пайда болады.
ЕСКЕРТУ: Нан пісіретін пеш әдепкі бойынша үлкен бөлкені пісіруге бапталған.
ТҮЙМЕШІГІ «СТАРТ/СТОП»
Нан пісіретін пештің жұмысын бастау/тоқтату үшін немесе таңдалған функцияны ысыру үшін «СТАРТ/СТОП»
түймешігін басыңыз.
Операцияны аяқтау үшін немесе параметрлерді жою үшін, ұзақ дыбыстық белгі берілгенге дейін түймешікті 2
секунд бойы басып ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер пісіріліп жатқан тағамның күйін тексергіңіз келсе, «СТАРТ/СТОП» түймешігін баспаңыз.
Пісіріліп жатқан тағамды тексеру үшін нан пісіретін пештің қақпағындағы терезені пайдаланыңыз.
БАҒДАРЛАМА НӨМІРІ
Бағдарлама нөмірі СК бейнебеттің сол жақ жоғары бұрышында бейнеленеді.
ЖАДЫ ФУНКЦИЯСЫ
Электрмен жабдықтауда 10 минуттан аспайтын уақытқа іркіліс болған жағдайда, нан пісіретін пеш таңдалған
бағдарламаны орындауды электр желісінде іркіліс сәтінен бастап жалғастырады.
ПІСІРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қажетті бағдарламаны таңдау үшін «МЕНЮ» түймешігін басыңыз.
1-
ші пісіру бағдарламасы. Негізгі
Бұл режим ақ нанды немесе нанның аралас сұрыптарын дайындау үшін пайдаланылады. Нан пісіру үшін
қарабидай немесе бидай ұны пайдаланылады. Бөлке жеңіл әрі ықшам болып шығады. Пісіруге арналған азық-
түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
2-
ші пісіру бағдарламасы. Француз наны
Бұл режим бидай ұнынан кіртілдек қыртысы бар жеңіл, үлпілдеген нанды дайындау үшін пайдаланылады.
Бөлке жеңіл әрі ықшам болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы
кестеден қараңыз.
3-
ші пісіру бағдарламасы. Диеталық
Бұл режим ірі тартылған ұннан нан дайындау үшін пайдаланылады. Аталған режимде қамыр илеу ұзағырақ
іске асады және нан көтерілуі үшін әлдеқайда көбірек уақыт бөлінеді. Бөлке ауыр әрі ықшам болып шығады.
Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
4-
ші пісіру бағдарламасы. Жылдам
Бұл режим сода немесе ашытқы пайдаланып пісірілетін нанды дайындау үшін пайдаланылады. Бөлке жеңіл
әрі ықшам болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден
қараңыз.
5-
ші пісіру бағдарламасы. Тәтті
Бұл режим жеміс шырындары, үгітілген жаңғақ, кепірілген жеміс-жидек, шоколад немесе қант сияқты түрлі тәтті
қоспаларды пайдалана отырып нан дайындау үшін пайдаланылады. Бұл режимде нанның көтерілу уақыты
ұзартылған, соның нәтижесінде нан жеңіл әрі үлпілдек болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын
нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
6-
ші пісіру бағдарламасы. Жеделдетілген
Бұл режим диеталық нанды дайындау үшін пайдаланылады. Бұл режимде қамырды илеу, оның көтерілу және
пісу үдерісі айтарлықтай қысқартылған және көп уақыт алмайды. Соның нәтижесінде нан ұсынылған 12