IM012
51
SC-400
режимнің ішіндегі ең қасаңы болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы
кестеден қараңыз.
7-
ші пісіру бағдарламасы. Глютенсіз
Бұл режим құрамында желімтігі жоқ нан пісіруге арналған. Ол аллергиядан зардап шегуге бейім адамдар үшін,
кішкентай балалар үшін, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар барлығы үшін пайдалы.
8-
ші пісіру бағдарламасы. Қарабидай
Бұл бағдарламаның көмегімен ірі тартылған ұннан нан пісіруге, сондай-ақ «докторский» және тіпті
«бородинский» нанын да пісіруге мүмкіндік беретін түрлі ашытқыларды қосу арқылы нан пісіруге болады.
9-
шы пісіру бағдарламасы. Бөлке
Бұл режимнің көмегімен ішінде толтырмасы бар нан пісіруге болады. Бұл режимде дайындау циклы дайындау
барысында қамырға түрлі толтырмаларды салуға мүмкіндік береді. Мысалы, марципан немесе көкнір
толтырма. Нан қомпиып піседі, толтырма қамырмен араласып кетпейді, нанның ішінде әдемі қабат түрінде
қалады.
10-
ші пісіру бағдарламасы. Десерт
Бұл режим кондитерлік тағамдарды дайындау үшін пайдаланылады. Пісірілген тағамдар жеңіл әрі ықшам
болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
11-
ші пісіру бағдарламасы. Ашытқысыз қамыр
Бұл режим кеспеге арналған қамырды дайындау үшін пайдаланылады. Бұл режимде қамырды соңынан
пісірместен, тек илеу ғана іске асырылады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы
кестеден қараңыз.
12-
ші пісіру бағдарламасы. Қамыр
Бұл режим қамыр дайындау үшін пайдаланылады. Бұл режимде қамырды соңынан пісірместен, тек илеу ғана
іске асырылады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
13-
ші пісіру бағдарламасы. Қайнатпа
Бұл режим қайнатпа дайындау үшін пайдаланылады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың
соңындағы кестеден қараңыз.
14-
ші пісіру бағдарламасы. Кекс
Бұл режим кекстер мен бәліштерді дайындау үшін пайдаланылады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын
нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
15-
ші пісіру бағдарламасы. Тәтті нан пісіру
Бұл режим 10 минут бойы жұмыс істейді де, нанның қыртысының көбірек қызаруына немесе піспеген болса,
әбден пісіп шығуына мүмкіндік береді.
16-
шы пісіру бағдарламасы. Ботқа
Бұл режим әр түрлі жармалардан тағам дайындауға арналған. Онда сүт қосып та, сондай-ақ суға да түрлі
ботқаларды дайындауға болады. Бұл режимде бытырап пісетін күріш, тары ботқа, кус-кус және басқа да толып
жатқан ботқалар дайындалады.
1-8
режим үшін жаңғақ немесе жеміс-жидек сияқты қосымша азық-түлікті нан дайындау бағдарламасына
сәйкес естілетін дыбыстық белгіден кейін ғана қосуға болады.
Таймер орнатылған жағдайда, жаңғақ пен жеміс-жидекті ең басында қосуға болады, бірақ бұл үшін оларды
ұсақтап турау керек.
ТАЙМЕР
Таймер функциясы пеште пісіру уақытын кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
Ең көп дегенде 13 сағатқа кейінге қалдыруға болады.
Мысалы: ағымдық уақыт 20:30, сіз нанның сағат 7:00-де, яғни, 10 сағат 30 минуттан кейін дайын болғанын
қалайсыз. «МЕНЮ» (мәзір) түймешігін басыңыз, режимді таңдаңыз, қыртыстың түсі мен бөлкенің мөлшерін
таңдаңыз, содан кейін 10 сағат 30 минутқа дейін уақытты таңдаңу үшін түймешігін басыңыз. Уақыт СК
бейнебетте көрсетіледі. Таймерді іске қосу үшін «СТАРТ/СТОП» түймешігін басыңыз. Бейнебетте уақыттың
кері санағы басталады.
ЕСКЕРТУ: жұмыртқа, сүт, кілегей және ірімшік сияқты тез бұзылатын азық-түлікті пайдаланған кезде таймерді
пайдаланбаңыз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Әуелі алмалы шараны алып шығып, оған қажетті құрамдастарды салып, содан кейін ғана шараны нан пісіретін
пешке қою керек.
Құрамдас өнімдерді әрқашан да көрсетілген ретпен қосыңыз. Әуелі сұйық өнімдерді, майды, қантты, тұзды,
содан кейін ұн мен басқа да үстемелерді қосыңыз, ең соңында ашытқыны қосыңыз.
Ашытқының өсуіне мүмкіндік беру үшін барлық құрамдас өнімдер бөлме температурасында болуға тиіс.
Құрамдас өнімдердің мөлшерін дәл өлшеңіз. Рецепте көрсетілген шамадан тіпті шамалы ғана ауытқудың өзі
пісіру нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
Жұмыс кезінде пештің қақпағында ылғал түзілуі мүмкін, қамыр илеу кезінде қақпақты ашуға болады.
Қақпақты пеште пісіру кезінде ашпаңыз! Нан басылып қалуы мүмкін.
ЖҰМЫС РЕТІ
Алмалы шараны алып шығыңыз.
Қамыр илейтін қалақшаны басыңыз, оның жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.