17
ҚазаҚша
РОСТЕР
Пайдалану нұсқаулығы
Ростер (ағылш. тілінен «to roast» - «қуыру»)
тағам әзірлеу үшін пайдаланылады. Ростерде
балық, ет, нан тағамын пісіруге, өнімдерді
қыздыруға немесе жібітуге болады.
Екі қыздырғыш элементі жылдам әрі тиімді
қыздыруды қамтамасыз етеді, конвекция
режимі жұмыс камерасының ішінде ыстық
ауаның айналуын қамтамасыз етеді, ал жеткізу
жинағына кіретін істіктің көмегімен құсты сапалы
түрде пісіруге болады.
Суреттеме
1.
Жұмыс көрсеткіші
2.
«ТЕМПЕРАТУРА» термостатының реттегіші
3.
«ФУНКЦИЯЛАР» жұмыс режимдерінің
ауыстырып-қосқышы
4.
«ТАЙМЕР» таймерінің тұтқасы
5.
Есік
6.
Табаны/торкөзді орнатуға арналған тіреулер
7.
Істік ұстағыштары
8.
Есіктің тұтқасы
9.
Торкөз
10.
Таба
11.
Табаны/торкөзді шешіп алуға арналған тұтқа
12.
Істік
13.
Істікті шешіп алатын тұтқа
Назар аударыңыз!
Қосымша қорғану үшін асүйдегі қуат тізбегіне
30 мА-ден аспайтын номиналды жұмыс істеу
тоғы бар қорғаушы сөндіргіш құрылғыны (ҚСҚ)
орнатып қойған жөн; орнату кезінде маманды
шақыру керек
.
МаҢЫзДЫ ҚаУІПСІзДІК шаРаЛаРЫ
Ростерді пайдаланбас бұрын, осы пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Ростерді осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Ростерді дұрыс қолданбау оның бұзылуына
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін.
Күйіп қалу, электр тоғының соғу қаупінен,
өрттің шығуынан және денсаулыққа
зиян келтірмес үшін төменде көрсетілген
кеңестерді орындау қажет.
• Ростерді бірінші рет қосар алдында, электр
желісіндегі кернеу құрылғының кернеуіне
сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
• Желілік шнур «евроашамен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар
электр розеткасына қосыңыз.
• Өрттің пайда болу тәуекелін болдырмас үшін
құрылғыны электрлік розеткаға қосқан кезде
өткізуші тоқ құралдарын пайдаланбаңыз.
• Құрылғы өнімдерді әзірлеуге немесе
қыздыруға арналған, және зертханалық
немесе коммерциялық мақсатта пайдалануға
арналмаған.
• Құрылғыны бөлмеден тыс жерде сақтамаңыз
және пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны суы бар ыдыстардың жанында,
ас үйдегі раковинаның жанында, дымқыл
жертөле жайларында немесе бассейннің
қасында пайдаланбаңыз.
• Өте аз мөлшерде сұйықтығы бар тағамдарды
дайындау олардың күйіп кетуіне не жанып
кетуіне ұшыратуы мүмкін.
• Жанып кетуге жол берілген жағдайда:
–
ростердің есігін ашпаңыз;
–
желілік шнурдың ашасын электр розеткасы-
нан ажыратып, құрылғыны дереу өшіріңіз.
–
от өршіп кетпес үшін есікті жабық
қалдырыңыз.
• Жұмыс камераны қандайда бір заттарды
сақтау үшін пайдаланбаңыз, оның ішінде
қағазды немесе өнімдерді қалдырмаңыз.
• Құрылғыны тұрақты түрде тазалап отырыңыз.
Ростер тұрақты түрде тазаланбаған жағдайда
оның сыртқы түрі өңсізденеді, оның жұмыс
қуаттылығы нашарлауы мүмкін және де ары
қарай қолдану қауіпті болуы да мүмкін.
• Назар аударыңыз! Құрылғының сыртқы және
ішкі беттері пайдалану кезінде қатты қызады.
Прибордың ыстық беттеріне қол тигізбеңіз,
асүйлік қолғаптарды немесе ұстағыштарды
қолданыңыз.
• Үрмелі шкафтардың ішінде пайдаланылуға
арналған
термотөзімді
ыдыстарды
пайдаланыңыз. Ростердің ішіне пластик және
қағаз бумаларды және осы сияқты басқа да
қаптамаларды салуға тыйым салынған.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқашан
қараусыз қалдырмаңыз.
17
MW-1851.indd 17
13.11.2013 16:44:31