20
ҚазаҚша
қаэетті жұмыс ұзақтығын орнатып солға
қарай бұраңыз.
–
Әзірлеу
ұзақтығы
пайдаланылатын
өнімдердің салмағына, сапасына және
қалыңдығына
байланысты
болады,
сондықтан ең қысқа әзірлеу ұзақтығын
орнатыңыз, қажет болған жағдайда әзірлеу
ұзақтығын ұлғайтуға болады.
–
Ростерді тұрақты жұмыс істеу режиміне қосу
үшін таймердің тұтқасын (4)
күйіне орнату
керек. Ростер сіз өшірмейінше жұмыс істейді.
Ростерді ажырату үшін таймердің тұтқасын
(4) «ӨШІРУ» өшірулі күйіне орнатыңыз.
Ескертпе:
Жарқырап тұрған көрсеткіш (1)
қосулы әзірлеу режимінде тұрғанын білдіреді.
Назар аударыңыз! Жұмыс істеп тұрған
құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз және
әзірлеу барысын қадағалаңыз.
–
Әзірлеу аяқталғаннан кейін желілік шнурдың
ашасын электр розеткасынан ажыратыңыз.
–
Есікті (5) ашып, өнімді абайлап шығарып
алыңыз. Әзір болған өнімдерді шығарған
кезде асүйлік қолғаптарды, ұстағыштарды
немесе тұтқаларды (11 және 13) қолданыңыз.
–
Құрылғыны суытып алыңыз және тазалаңыз.
Тазалау және күтім
• Тазартпас бұрын ростерді сөндіріңіз де,
желілік шнур ашасын электр розеткасынан
суырып тастаңыз.
• Басқару тақтасына ылғалдың түсіп кетуіне
жол бермеңіз, оны жұмсақ, сәл ылғал мата-
мен тазалап, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Ростердің жұмыс камерасын таза ұстаңыз.
Егер
құрылғының
қабырғаларында
өнімдердің бөліктері немесе ағындылар
қалып қойса, оларды ылғал сулықпен
кетіріңіз.
• Жұмыс камерасы қатты ластанған кезде
жұмсақ жуғыш затты пайдалануға болады.
• Ростердің сыртын және ішін тазалау
үшін қажайтын жуғыш құралдарды, сым
қылшақтарды пайдаланбаңыз. Ауа мен буды
шығаруға арналған саңылауға судың немесе
жуғыш заттың тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
• Корпустың сыртқы беттерін жұмсақ ылғал
майлықпен сүртіңіз, одан кейін құрғатып
сүртіңіз.
• Ростердің есігін таза күйде ұстаңыз.
Ростердің есігі мен беткі тақтасының арасын-
да өнімнің қоқымдары мен қалдықтарының
жиналып қалуына жол бермеңіз.
• Қыздырғыш элементтің тазалығын сақтаңыз
және кірлерді ылғал матамен алып тастаңыз.
• Ростердің
корпусындағы
желдету
саңылауларын шаң мен кірден тұрақты түрде
тазалап отырыңыз, желдету саңылауларын
тазалау үшін тиісті саптамасы бар
шаңсорғышты пайдалануға болады.
• Торкөзді (9), табаны (10), істікті (12) және
тұтқаны (11 және 13) бейтарап жуғыш заты
бар жылы сумен жуыңыз.
Сақтау
• Ростерді сақтауға алып қоймас бұрын таза-
лауды жүргізіңіз.
• Құрылғыны құрғақ, салқын, балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
Техникалық сипаттары
Электрқорегі: 220-240 В ~ 50 Гц
Максималды қажет ететін қуаты: 1600 Вт
Камераның көлемі: 30 л
Жеткізу жинағы
Ростер – 1 дана
Торкөз – 1 дана
Таба – 1 дана
Табаға/торкөзге арналған тұтқа – 1 дана
Істік – 1 дана
Істік тұтқасы – 1 дана
Нұсқаулық – 1 дн.
Өндіруші алдын ала ескертусіз прибордың
дизайні мен техникалық сипаттамаларына
өзгерістер енгізу құқығына ие болып қалады.
Прибордың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе кви-
танциясын көрсетуi қажет.
MW-1851.indd 20
13.11.2013 16:44:31