228
Қазақ
2204402
*2204402*
Аспапты күту
• Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
• Желдету ойықтарын құрғақ щеткамен жайлап тазалаңыз.
• Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі!
Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶
Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
• Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
• Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден
Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
• Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар
Hilti Store
дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
.
7.1
Алмасты бағаналы бұрғы білдекке күтім көрсету
▶
Тазалау үшін су бүріккішін, бу генераторын немесе су ағынын қолдануға тыйым салынады!
▶
Ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін болдырмаңыз.
▶
Құрал бекіткішін және қыспа бөліктерді жүйелі түрде шаң кетіргіш шүберекпен тазалап тұрыңыз
және оларды
Hilti
спрейімен майлаңыз.
▶
Қысқыдан бүкіл кірді кетіріңіз.
▶
Бүйірлік тұтқыштың су құю саңылауындағы сүзгін кейде шығарып алыңыз да, сүзгі торын сумен ағын
бағытына қарсы шайыңыз.
▶
Су ағынының индикаторы ластанған болса, оны бөлшектеп тазалаңыз.
▶
Маңдай әйнекті тазалау үшін абразивті материалдарды немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз!
7.2
Көмір қылшақтарын ауыстыру
ЕСКЕРТУ
Ток соғудан жарақат алу қаупі бар !
▶
Құрал тек өкілдендірілген қызметкерлер құрамымен ғана пайдаланылуы, күтілуі және жөнделуі
мүмкін! Қызметкерлер құрамы қауіпсіздк техникасы бойынша арнайы нұсқамадан өтуі тиіс.
Көмір қылшақтарын алмастыру қажет болғанда, қызметтік индикатор дисплейде пайда болады.
Барлық көмір қылшақтарын әрдайым уақытында ауыстырыңыз.
1. Алмасты колонкалы бұрғыны қуат желісінен ажыратыңыз.
2. Мотордың сол және оң жағында көмір қылшақтарының қаптамаларын ашыңыз.
▶
Көмір қылшақтары және сымдар қалай орнатылғанына назар аударыңыз!
3. Қолданылған көмір қылшақтарын алмасты колонкалы бұрғыдан шығарыңыз.
4. Жаңа көмір қылшақтарын дәл ескілері орнатылғандай орнатыңыз.
▶
Орнату кезінде сымдардың изоляциясын зақымдап алмаңыз.
5. Мотордың сол және оң жағындағы көмір қылшақтарының қаптамаларын бұрап бекітіңіз.
6. Көмір қылшақтарын бос жүріс күйінде кемінде 1 минут ішінде үздіксіз жұмыс істетіңіз.
Көмір қылшақтарын алмастырғаннан кейін, дисплейде
Көмір қылшақтарын алмастырғаннан кейін жұмыс істету
индикаторы пайда болады. Уақыт бағаны жұмыс істету әрекетінің аяқталуына дейін қалған
жұмыс уақытын көрсетеді.
Минималды іске қосылу уақыты 1 минут сақталмаса, көмір қылшақтарының қызмет ету
мерзімі қатты азаяды.
Summary of Contents for DD 150?U
Page 2: ...1 ...
Page 3: ...2 3 ...
Page 4: ...4 5 6 7 ...
Page 5: ...8 9 10 11 ...
Page 6: ...12 13 14 15 ...
Page 7: ...16 ...
Page 493: ......
Page 494: ......
Page 495: ......
Page 496: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 8 20191125 2204402 2204402 ...