*2204402*
2204402
Қазақ
211
▶
Беттің күйін тексеріңіз. Бұдыр беттер бекіту күшін азайтады. Жұмыс уақытында қабаттар немесе
қосу материалдары ажырауы мүмкін.
▶
Бекіту элементтеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз, оларды саты немесе тұғыр ретінде
қолданбаңыз. Бекіту элементтеріне түсірілген шамадан тыс жүктеме немесе басқа күштер ауырлық
орталығының жылжып кетуіне немесе аспаптың аударылуына әкелуі мүмкін.
▶
Алмасты бағаналы бұрғы білдекті жұмыс үзілістерінің барысында берік бетке қойыңыз. Алмасты
бағаналы бұрғы білдекті алып тастау алдында ол толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанша күтіңіз.
▶
Бұрғылау кернін алып тастау немесе құралды алмастыру алдында алмасты бағаналы бұрғы білдекті
қуат желісінен ажыратыңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶
Бірнеше өнім қосылған розеткалар блогы бар ұзартқыштарды қолданбау керек.
▶
Өнімді қорғаныс сымы бар желілерде және параметрлердің қанағаттанарлық таңдалуында ғана
пайдаланыңыз.
▶
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, өнімнің ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы мүмкін.
Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
▶
Жылжыма берілісі кезінде желілік кабель зақымдалмауын байқап тұрыңыз.
▶
Өнімді жеткізу жинағына кіретін PRCD (жылыстау тогынан қорғайтын автоматты ажыратқыш)
құрылғысынсыз қолдануға тыйым салынады (PRCD ажыратқышы жоқ өнімдерді бөлу
трансформаторынсыз). Әр пайдалану алдында PRCD ажыратқышын тексеріңіз.
▶
l Тұрақты түрде аспаптың желілік кабелін тексеріңіз. Зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз. Электрлік құралдың байланыс кабелі зақымдалған
жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген кабельге ауыстыру керек. Оған клиенттерге
қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Тұрақты түрде ұзартқыш кабельдерді
тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз. Жұмыс кезінде желілік немесе
ұзартқыш кабель зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан
шығарыңыз. Ақаулы электр қуаты кабельдері және ұзартқыш кабельдер электр тогының соғу қаупін
тудырады.
▶
Кір немесе ылғалды өнімді пайдалануға тыйым салынады. Қолайсыз жағдайларда аспап бетінде
жиналатын ылғал мен шаң (әсіресе төк өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын тудыруы
мүмкін. Ток өткізгіш материалдарды өңдеу қажет болған кезде, кірленген аспапты жүйелі түрде
Hilti
сервис орталығына тексертіңіз.
▶
Толтырылған бұрғылау коронкасын босату үшін алмасты бағаналы бұрғы білдекті төңкеріңіз. Бұл
ретте алмасты бағаналы бұрғы білдекте су жоқтығына көз жеткізіңіз.
Жұмыс орны
▶
Жұмысты бастау алдында құрылыс телім бастығының келісімін алыңыз. Ғимараттарда және басқа
құрылымдарда тесіктер жасау олардың мықтылығын өзгертуі мүмкін, әсіресе арматураны немесе
негізгі құрылымдарды бөлшектеген кезде.
▶
Станина дұрыстап бекітілмеген жағдайда, аударылуды болдырмау үшін станинаға орнатылған
алмасты бағаналы бұрғы білдекті әрдайым толығымен төмен бағыттаңыз.
▶
Желілік және ұзартқыш кабельдерді, сорғыш және вакуумды шлангілердің аспаптың айналып
жатқан бөліктерінен аулақ ұстаңыз.
▶
Жоғары қарай ылғалды бұрғылау кезінде міндетті түрде ылғалды шаңсорғышты су жинағыш
жүйесімен бірге қолдану керек.
▶
Жоғары қарай бұрғылау кезінде тиісті бекітусіз вакуумдық бекітуді қолдануға тыйым салынады.
▶
Көлденең бұрғылауға тек станинаның қосымша бекіту құрылғыларын қолданғанда ғана рұқсат
етіледі.
▶
Алмасты бағаналы бұрғы білдекті қолмен басқару режимінде әрдайым қосқыш/ажыратқышынан
бір қолмен ұстаңыз.
▶
Алмасты бағаналы бұрғы білдекті қажетті күйде болғанда ғана қосыңыз.
Summary of Contents for DD 150?U
Page 2: ...1 ...
Page 3: ...2 3 ...
Page 4: ...4 5 6 7 ...
Page 5: ...8 9 10 11 ...
Page 6: ...12 13 14 15 ...
Page 7: ...16 ...
Page 493: ......
Page 494: ......
Page 495: ......
Page 496: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 8 20191125 2204402 2204402 ...