*2204402*
2204402
Қазақ
209
Қызмет көрсету
▶
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз.
Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2
Дрельдермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶
Қосымша тұтқышты пайдаланыңыз.
Аспапты бақылауды жоғалту жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶
Электр құралын пайдалану алдында жақсылап тіреп қойыңыз.
Аталмыш электр құралы жоғары
айналу моментін түрлендіреді. Электр құралы пайдалану барысында берік тірелмеген жағдайда,
бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы құрал жасырын қуат сымдарымен немесе өзінің байланыс сымдарымен
жанасу мүмкіндігі бар жұмыстарды орындап жатқан кезде электр құралын оқшауланған
тұтқа беттерінен ұстаңыз.
Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері
кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶
Қосымша тұтқышты пайдаланыңыз.
Аспапты бақылауды жоғалту жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы құрал жасырын қуат сымдарымен немесе өзінің байланыс сымдарымен
жанасу мүмкіндігі бар жұмыстарды орындап жатқан кезде электр құралын оқшауланған
тұтқа беттерінен ұстаңыз.
Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері
кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Ұзын бұрғы пайдаланылған кездегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶
Бұрғы үшін рұқсат етілген максималды айналу жиілігінен жоғары айналу жиілігімен еш
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен
жанаспай еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶
Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу жиілігімен және бұрғы дайындамамен жанасып
тұрғанда ғана бастаңыз.
Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен жанаспай
еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶
Шамадан артық қысым қолданбаңыз және тек қана бойлық бағытпен бұрғылаңыз.
Бұрғылар
қисайып жарылуы мүмкін немесе бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
2.3
Алмасты колонкалы бұрғыларға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
▶
Бұрғылау жұмыстарын орындаған кезде судың қолданылуын талап ететін жерлерде, суды
жұмыс аймағынан алшақ қойыңыз немесе сұйықтық жинағышты қолданыңыз.
Мұндай сақтық
шаралары жұмыс аймағын құрғақ күйінде ұстайды және ток соғу қаупін азайтады.
▶
Жұмыстар орындалып жатқан кезде электр құралды оқшауланған беттерінен ұстаңыз,
өйткені кескіш құрал жасырын электр сымдарына немесе өзінің байланыс сымына тиюі
мүмкін.
Электр сымдарына тигенде электр құралдың қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында
болады. Бұл ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
▶
Алмасты бұрғылау кезінде құлақ қорғанысын тағыңыз.
Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті
жоғалуы мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы аспап бұғатталған кезде, ешбір беріліс қоспаңыз және құралды өшіріңіз.
Қысылудың себебін тексеріп, қысылған алмалы-салмалы аспап үшін шешім табыңыз.
▶
Өңделетін бұйымға енгізілген алмасты бұрғылау станогын қайта іске қосу қажет болғанда,
іске қосу алдында алмалы-салмалы аспаптың еркін айналатынын тексеріңіз.
Алмалы-салмалы
аспап қысылған кезде, ол айналмауы мүмкін және бұл құралға шамадан тыс жүктеменің түсуіне
апарып соғуы мүмкін немесе алмасты бұрғылау станогының өңделетін бұйымнан шығып кетуіне
апаруы мүмкін.
▶
Станинаны өңделетін бұйымға анкер мен бұрандалар арқылы бекіткен кезде, қолданылатын
бекіткіш аспапты қолдану барысында ұстап тұруға қабілетті екендігін тексеріңіз.
Өңделетін
бұйым тұрақсыз немесе нығыз емес болғанда, анкер босатылып, нәтижесінде станина өңделетін
бұйымнан шығып кетуі мүмкін.
▶
Станинаны өңделетін бұйымға вакуумдық тақта арқылы бекіткен кезде, беттің тегіс, таза
әрі нығыз екендігін тексеріңіз. Станинаны ламинатталған беттерге бекітпеңіз, мысалы,
қаптауыштарға және композициялық материалдан жасалған беттерге.
Өңделетін бұйымның
беті тегіс емес, жайдақ немесе жеткілікті бекітілмегенде, вакуумдық тақта өңделетін бұйымнан
босатылуы мүмкін.
▶
Бұрғылау алдында және барысында вакуумның жеткілікті екендігін тексеріңіз.
Егер вакуум
жеткіліксіз болса, вакуумдық тақта өңделетін бұйымнан босатылуы мүмкін.
Summary of Contents for DD 150?U
Page 2: ...1 ...
Page 3: ...2 3 ...
Page 4: ...4 5 6 7 ...
Page 5: ...8 9 10 11 ...
Page 6: ...12 13 14 15 ...
Page 7: ...16 ...
Page 493: ......
Page 494: ......
Page 495: ......
Page 496: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 8 20191125 2204402 2204402 ...