222
Қазақ
2204402
*2204402*
5.8
Алмасты бағаналы бұрғы білдекті станинадан алып тастау
1. Жылжыманы жылжыма бекіткішімен бекітіңіз.
2. Бүйірлік тұтқыштағы су клапанын жауып қойыңыз.
3. Суды жіберу желісін ажыратыңыз.
4. Бекіткіш болтты сермердің көмегімен (сағат тіліне кері айналдырып) ашыңыз.
5. Бекіткіш болтты тартып шығарыңыз.
6. Аспапты станинадан шетке бұрыңыз.
5.9
Бағыттаушы мен жылжыма бөлшектің арасындағы саңылауды күйге келтіру
1. Реттегіш бұрандаларды ішкі алты қырлы кілтпен берік бекемдеңіз.
Айналу моменті → Бет 222
2. Реттегіш бұрандаларды 1/4 айналымымен қайтадан босатыңыз.
3. Егер жылжыма алмас бұрғылау коронкасынсыз өз жұмыс күйінде қалса, ал алмас бұрғылау
коронкасымен төмен қарай орын алмастырса, ол дұрыс ретке келтірілген.
Айналу моменті
Айналдыру моменті
5 Н⋅м
5.10
Біріктірілген тірек тақтасы бар станинадағы бұрғыны еңкейту бұрышын өзгерту
АБАЙЛАҢЫЗ
Шарнирлерге саусақтарды қысып алу қаупі !
▶
Қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
1. Орнату түймесін солға айналу бағытына орнатыңыз.
2. Станинадағы төменгі қыспа иінтірегін орнату сыналары ажыратылғанша босатыңыз.
3. Колоннаны қажет күйге орнатыңыз.
4. Орнату түймесін оңға айналу бағытына орнатыңыз.
5. Басқару иінтірегін колоннаның бекітетін шырт еткен дыбысына дейін қолданыңыз.
5.11
Сорғыш аспапты жалғау
1. Су жіберу/шаңды кетіру муфтасының қақпағын ашыңыз.
2. Сорып шығатын жүйенің шлангісін біріктіруші муфтаға салыңыз.
3. Бүйірлік тұтқыштағы су клапанын жауып қойыңыз.
5.12
Су берілісін орнату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қате қолданудан қауіп туындайды!
Қате қолдану шлангінің бұзылуына апарып соғуы мүмкін.
▶
Шлангілерде зақымдардың жоқтығын уақытылы тексеріп отырыңыз. Олардағы максималды қысым
6 бардан аспауын қадағалаңыз.
▶
Шлангінің айналмалы бөліктермен қақтығысып қалуына жол бермеңіз.
▶
Жылжыманы беру кезінде шлангінің зақымдалып қалмауын қадағалаңыз.
▶
Максималды су температурасы: 40°C.
▶
Су жүйесінің берік қосылғанын тексеріңіз.
Аспап элементтерінің зақымдалуын болдырмау үшін тек тұщы суды немесе лас бөлшектері жоқ
суды қолданыңыз.
1. Су жіберу/шаңды кетіру муфтасының қақпағын жабыңыз.
2. Алмасты бағаналы бұрғы білдектегі су берілісін жабыңыз.
3. Жіберуші шлангіні су жіберу жүйесіне қосыңыз (біріктіруші шланг).
Summary of Contents for DD 150?U
Page 2: ...1 ...
Page 3: ...2 3 ...
Page 4: ...4 5 6 7 ...
Page 5: ...8 9 10 11 ...
Page 6: ...12 13 14 15 ...
Page 7: ...16 ...
Page 493: ......
Page 494: ......
Page 495: ......
Page 496: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 8 20191125 2204402 2204402 ...