
226
Құралды тазарту және күту
- Тағам әзірлеп болғаннан кейін әрдайым мультипісіргішті тағам
қалдықтарынан және ластанудан тазартып отырыңыз.
- Мультипісіргіштің ішкі қақпағының конструкциясы алынбалы. Әрдайым,
тағам әзірлеп болғаннан кейін алынбалы қақпақты губканы пайдалана
отырып, бейтарап сабынды суда жууға кеңес беріледі.
- Мультипісіргіштің ластанған жерін тазарту үшін метал сымы бар
қылшақтарды және еріткіштерді қолданбаңыз.
- Егер тағамның қалдығы кәстрөлге жабысып қалса, жуардың алдында суға
матырып қойыңыз. Ішкі ыдысты жуғаннан сүртіңіз.
- Құралдың сыртқы корпусын суға батырмаңыз. Корпусты тазарту үшін
ылғал жұмсақ губканы немесе шүберекті пайдаланыңыз.
- құралдың ішкі ыдысын және тұпқойма- буда пісіргіш контейнерді ыдыс
жуатын машинада жууға болады. Ішкі аллюминий тостақты ыдыс жуғыш
машинада жууға болады, алайда жуу құралының құрамында агрессивті
химиялық құрауыштар болмауы шарт (тостақтың беті мен материалына зақым келтірмеу үшін ыдыс жуғыш машинаны
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, қолданылатын жуу құралының құрамын басшылыққа алуға кеңес беріледі). Жууды
қажет ететін тостақтың үстіңгі бетін механикалық зақымнан сақтау үшін орын ауыстыруға, қозғалмалы элементермен
жанасуға жол бермеңіз.
- Буды бөліп шығаратын клапанын қақпақтың ішкі жағынан алып тастау үшін, бір қолыңызбен ұстап тұрып, оны
жоғары қарай тартып шығарыңыз. Буды шығару қақпақша екі бөлікке бөлінеді. Құлыпқа сәл басынқрап, оны екі
бөлікке бір бірінен ажыратыңыз да, жуып, кептіріңіз, содан кейін оны қайтадан жинастырыңыз..
- Әрбір әзірлеген сайын құралдың артқы қабырғасында орналасқан конденсат қабылдағышты алып, босату қажет.
Оны жуып, кептіріп, содан кейін орнына қайта орнатыңыз.
Мультипісіргіштің ішкі ыдысын пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
- Тағамды араластыру үшін тек қана ағаш қасықты немесе құралмен жинақта болатын арнайы пластмасса қасықты
пайдаланыңыз.
- Тостаққа сірке суды құймаңыз, бұл жабынын зақымдауы мүмкін.
- Біраз уақыт өткеннен кейін кастрюлдің сумен және жуғыш заттармен жанасуына байланысты, түсі өзгеруі мүмкін.
Бұл қалыпты құбылыс және мультипісіргішті еш алаңдамай әрі қарай пайдалана беруге болады.
- Тазарту үшін абразивті заттарды ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
ішкі жапқыш
ішкі айшанақ