
202
- Тостақта сұйықтықтың болуы міндетті болып саналады.
- Бұл бағдарламада әзірлеу кезіңінде қақпақты жабық күйінде қалдыруға кеңес беріледі. Қақпақ дұрыс
жабылмағанда нәтижесі талабыңыздан шықпауы мүмкін.
- Бағдарламалардың жалпы тізімінен «МӘЗІР» немесе “+ және -” сенсорларын басу арқылы “БҰҚТЫРУ”
бағдарламасын таңдаңыз, сонымен дисплейде «Бұқтыру» жазба белгісі жыпылықтай бастайды.
- Қажет болған жағдайда ҚЫСЫМ режимін «ҚЫСЫМ/ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына баса отырып жүзеге
асырыңыз, сонда дисплейде сәйкесінше индикация жанады.
- Белгіленген уақыт режимі бойынша аталған бағдарлама үшін әзірлеу уақыты – 2 сағат. Тағамды әзірлеу үшін
тағамның рецептурасына сәйкесінше қажетті әзірлеу уақытын орнатыңыз: «УАҚЫТ/ ТЕМПЕРАТУРА» сенсорына
басыңыз, содан кейін “+ және - ” сенсорларына басып, ауыспалы қадамымен әзірлеу уақытын 5 минут қадамымен
өзгертіңіз. Әзірлеу уақытының диапазоны 20 минуттан бастап 12 сағатқа дейін өзгеру мүмкін.
- Егер ҚЫСЫМ режимі қосылып тұрса, бекітілген уақыт режимі бойынша әзірлеу уақыты 2 сағатты құрайды. Қажет
болған жағдайда «УАҚЫТ/ ТЕМПЕРАТУРА» сенсорына басып, әзірлену уақытын өзгертіңіз.
- Аталған режимде әзірлеудің температурасы реттелмейді және 93°С құрайды. Режимнің температурасын УАҚЫТ/
ТЕМПЕРАТУРА сенсорына қайта басу арқылы реттеуге болады.
- Сонымен қатар әзірлеу процесінде қысымсыз жұмыс режимі қосылып тұрған кезде әзірлеу уақытын және
температураны өзгертуге болады. Уақыт және температураның параметрлерін “+ және - ” сенсорларын қолданып
өзгертіңіз.
- Сонымен қатар, мұнда әзірлеу уақытының жалпы қорытынды уақыты, яғни өтіп кеткен уақытына қоса орнатылған
уақыттың мәні, аталған бағдарлама үшін жұмыс істеудің бекітілген максималды уақытынан асып кете алмайтындығын
ескерген жөн.
- Бағдарламаны іске қосу үшін “СТАРТ/ БОЛДЫРМАУ” сенсорына басыңыз, бағдарлама дыбыстық сигналын шығарады
да, мультипісіргіш белгіленген бағдарлама бойынша жұмыс істей бастайды. Дисплейде «БҰҚТЫРУ» жазба белгісі және
“СТАРТ/ БОЛДЫРМАУ” сенсорының индекаторы үнемі жанып тұрады. Әзірлеудің уақыттың кері есебі бағдарлама іске
қосылғаннан кейін басталады.
- Бағдарламаның жұмысы аяқталғаннан кейін құрал ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде ауысады. ЖЫЛЫТУ режиміне
автоматты түрде ауысуды сөндіру үшін «ҚЫСЫМ/ ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына басыңыз, сол кезде дыбыстық
сигналы шығады да, дисплейдегі ЖЫЛЫТУ жазба белгісі сөніп қалады. Қажет болған жағдайда Сіз «ҚЫСЫМ/
ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына қайтадан басып, ЖЫЛЫТУ режиміне ауысуды қайтадан іске қоса аласыз.