
214
- Қақпақты ашып, қайнап тұрған суға өнімді салыңыз. Құралдың қақпағын жаппаңыз.
- Бағдарламаның жұмысы аяқталғаннан кейін құрал ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде ауысады. ЖЫЛЫТУ режиміне
автоматты түрде ауысуды сөндіру үшін «ҚЫСЫМ/ ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына басыңыз, сол кезде дыбыстық
сигналы шығады да, дисплейдегі ЖЫЛЫТУ жазба белгісі сөніп қалады. Қажет болған жағдайда Сіз «ҚЫСЫМ/
ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына қайтадан басып, ЖЫЛЫТУ режиміне ауысуды қайтадан іске қоса аласыз.
- Қажет болған жағдайда бағдарламаның орындалуын “СТАРТ / БОЛДЫРМАУ” сенсорына басып үзуге болады, бұл ретте
құрал күту режиміне ауысады.
- Мультипісіргіш жұмыс уақыты аяқталғысымен дыбыстық сигнал шығарады. Сонымен құрылғы автоматты түрде
ЖЫЛЫТУ режиміне өтеді, егер бұл режим бұрыннан жойылмаған болса. ЖЫЛЫТУ режимі іске қосылып тұрған кезде
дисплейде уақыттың тікелей есебі басталып (сағат уақытымен), көрінеді, бұл тағам жылыту режимінде қанша уақыт
тұрғанын көрсетеді.
- ЖЫЛЫТУ режимін өшіру үшін « СТАРТ/ БОЛДЫРМАУ» сенсорына басыңыз, құрал күту режиміне ауысады. Құралды
өшіріңіз.
Кеңес. Аталағна режимде судың деңгейі тостақтағының жартысының максималды деңгейден асып кетпеуі тиіс.
«Тосап» бағдарламасы
Бағдарлама тосап жасау үшін арналған.
- Құралды іске қосыңыз, дисплейдің көміскі жарығы жанады.
- Қажетті қоспалардың барлығын рецептураға сәйкес, тостаққа салыңыз. «Құралды пайдалану» тарауын басшылыққа
алыңыз.
- Бұл режимде әзірлеу кезінде су қайнағаннан кейін құралдың қақпағын ашық күйінде ұстауға кеңес беріледі және
тағамды бірте-бірте араластырып тұру қажет, себебі, әзірлеу барысында көп көпіршік түзілуі мүмкін. Қақпақ дұрыс
жабылмағанда нәтижесі талабыңыздан шықпауы мүмкін.
- Бағдарламалардың жалпы тізімінен «МӘЗІР» немесе “+ және -” сенсорларын басу арқылы “ТОСАП” бағдарламасын
таңдаңыз, сонымен дисплейде «Тосап» жазба белгісі жыпылықтай бастайды.
- Қажет болған жағдайда ҚЫСЫМ режимін «ҚЫСЫМ/ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ» сенсорына баса отырып жүзеге
асырыңыз, сонда дисплейде сәйкесінше индикация пайда болады.