
186
Назар аударыңыз! Құралдың қақпағы ашық болса ҚЫСЫМ режимін қосып жүмыс ітеуге болмайды.
Сонымен қатар аталған сенсорының көмегімен бағдарлама аяқталғаннан кейін оның ЖЫЛЫТУ режиміне ауысуды
болдырмай, өшіруге болады.
ЖЫЛЫТУ режиміне ауысуды өшіру үшін бағдарламаны іске қосқаннан кейін «ҚЫСЫМ/ЖЫЛЫТУДЫ БОЛДЫРМАУ»
сенсорына басыңыз, сол кезде мультипісіргіштің дыбысты сигналы естіледі және дисплейдегі «ЖЫЛЫТУ» жазба белгісі
сөнеді. Қажет болған жағдайда аталған сенсорды қайта басу арқылы ЖЫЛЫТУ режимін қайта іске қосуға болады.
“КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ”
КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ барлық әзірлеу бағдарламалары үшін қолжетімді және кез-келген тағамды қажет
уақытына қарай әзірлеуге арналған функциясы. Бұл режимді активтеу үшін әзірлеу бағдарламасын таңдап, қажетті
температуралық-уақыттық режимді орнатыңыз. Содан кейін “КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ” сенсорын басыңыз, осы
ретте дисплейде уақыттың индикациясы жанады. «+ және - » сенсорларын қолданып, әзірленудің басталу уақытын
орнатыңыз.
Содан кейін “СТАРТ” сенсорына бассаңыз, ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ” батырмасының сенсорлық индикаторы жанады
және дисплейде әзірлеудің орнатылған уақытысы көрініс табады. Әзірлеу үдерісінің аяғына дейін қалған уақыт
орнатылған уақытпен тең келгенде “КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ” батырмасының сенсорлық индикаторы сөнеді,
“СТАРТ/БОЛДЫРМАУ” батырмасының сенсорлық индикаторы жанады, сонымен мультипісіргіш белгіленген бағдарлама
бойынша әзірлеуді бастайды.