
188
Құралды «ҚЫСЫМ/ ҚЫСЫМСЫЗ» режимінде пайдаланудың жалпы тәртібі:
• Азық-түліктер салынған тостақты мультипісіргішке салыңыз, оның өз орнына қисаймай орнықты тұрғандығына көз
жеткізіңіз (жайлап жан-жаққа бұру арқылы) және тостақтың тұтқасының корпустағы ұяшыққа түсуін қадағалаңыз.
• Мультипісіргіштің қақпағын қақпақты ашу батырмасы сырт еткенге дейін жабыңыз. Тостақ дұрыс орнатылғанда және
корпус қалыпты жұмыс істеп тұрғанда, бұл операцияны жасауға аса күш салу қажет болмайды.
• Мультипісіргішті желіге қосыңыз.
• Бұдан кейін қақпақтың тұтқасын «Жабық (Close)» жағдайына бұрыңыз. Жүйе дұрыс жұмыс істегенде экранда
жүйенің тұтқаның орналасуын есепке алғандағы жөніндегі сәйкесінше белгі пайда болады. Егер қақпақтың тұтқасы
«Ашық (Open)» жағдайында болса, мультипісіргіш қысыммен жұмыс істеу режиміне қосылмайды. Қысымы жоқ жұмыс
режимдерін таңдағанда қақпақтың тұтқасын жабу қажет емес.
• Егер рецепт бойынша қысымысыз режимде су болғаны және 100°С асатын температура талап етілсе, тұтқаны
«Ашық (Open)» қалпына бұру арқылы қақпақты қосымша блокқа қойыңыз. Осы кезде қысымы жоқ режимде электр
қақпақша (клапан) ашық болу керек және бу құралдан қақпақтағы буды шығаратын саңылау арқылы шығады.
• Қажетті бағдарламаны таңдап, оны іске қосыңыз.
• Егер тостақтың ішіндегі қысым атмосферадағыдан жоғары болса, тостақтағы артық қасым толық түсіп кетпегенше
тұтқаны «Ашық» қалпына бұрау мүмкіндік болмайды. Құрал қысыммен жұмыс істеп тұрғанда оның қақпағын шұғыл
түрде ашу үшін орындалып жатқан бағдарламаны “СТАРТ / БОЛДЫРМАУ” сенсорына басу арқылы тоқтату қажет, осы
кезде автоматты калапан артық қысымды атмосфераға шығарады.
• Егер қақпақтың тұтқасы «Жабық» күйінде тұрса, құралдың қақпағын ашу батырмасына басуға тыйым салынады.
Бұл тостақты немесе құралдың корпусын зақымдауы мүмкін. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚАҚПАҚТЫ АШУ БАТЫРМАСЫ
БЛОКТАЛМАЙДЫ!