
211
дисплейде уақыттың тікелей есебі басталып (сағат уақытымен), көрінеді, бұл тағам жылыту режимінде қанша уақыт
тұрғанын көрсетеді.
- ЖЫЛЫТУ режимін өшіру үшін « СТАРТ/ БОЛДЫРМАУ» сенсорына басыңыз, құрал күту режиміне ауысады. Құралды
өшіріңіз.
Кеңес: Сұйықтықты максималды деңгейден асыруға болмайды.
«Пицца» бағдарламасы
Аталған бағдарлама таңымал итальян тағамы – пиццаны әзірлеуге арналған.
- Құралды іске қосыңыз, дисплейдің көміскі жарығы жанады.
- Қажетті қоспалардың барлығын рецептураға сәйкес, тостаққа салыңыз. «Құралды пайдалану» тарауын басшылыққа
алыңыз.
- Бұл бағдарламада әзірлеу кезіңінде қақпақты жабық күйінде қалдыруға кеңес беріледі. Қақпақ дұрыс
жабылмағанда нәтижесі талабыңыздан шықпауы мүмкін.
- Бағдарламалардың жалпы тізімінен «МӘЗІР» немесе “+ және -” сенсорларын басу арқылы “ПИЦЦА” бағдарламасын
таңдаңыз, сонымен дисплейде «Пицца» жазба белгісі жыпылықтай бастайды.
- Бұл кезеңде ҚЫСЫМ режимі қол жетімсіз.
- Белгіленген уақыт режимі бойынша аталған бағдарлама үшін әзірлеу уақыты – 35 минут. Тағамды әзірлеу үшін
тағамның рецептурасына сәйкесінше қажетті әзірлеу уақытын орнатыңыз: «УАҚЫТ/ ТЕМПЕРАТУРА» сенсорына
басыңыз, содан кейін “+ және - ” сенсорларына басып, ауыспалы қадамымен әзірлеу уақытын 5 минут қадамымен
өзгертіңіз. Әзірлеу уақытының диапазоны 20 минуттан бастап 1 сағатқа дейін өзгеру мүмкін.
- Сондай-ақ, бұл бағдарламада әзірлеу температуралық орнатуларды өзгертуге болады. Белгіленген температура
режимі бойынша - 120°С. Температуралық орнатуларды өзгерту үшін «УАҚЫТ/ ТЕМПЕРАТУРА», сонымен қатар “+ және
-” сенсорларына басу арқылы қажетті режимді таңдаңыз: 120, 130, 140, 150, 160°С.
- Сонымен қатар әзірлеу процесінде қысымсыз жұмыс режимі қосылып тұрған кезде әзірлеу уақытын және
температураны өзгертуге болады. Уақыт және температураның параметрлерін “+ және - ” сенсорларын қолданып
өзгертіңіз.