
ҚАЗАҚША
23
• Құрылғыны тек зауыттық орауда ғана
тасымалдаңыз.
• Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ
ТЕК
ТҰРМЫСТЫҚ
ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
ЕТТАРТҚЫШТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Иірмектің кері айналу функциясы
«REV» (кері айналдыру)
– өнімдерді тарту кезінде
пайда болған кептелістерді жоюға арналған.
Өнімдерге арналған науа
өнімдерді тарту кезінде
олардың ыңғайлы орналасуын қамтамасыз етеді.
Әртүрлі өлшемдегі үш торкөз
өнімдерді әртүрлі
деңгейде ұсақтауға арналған.
Арнайы жабдықтар
– көкөніс кесетін саптама,
шұжықтарды толтыруға және «кеббе» әзірлеуге
арналған.
Назар аудараңыз!
• Электр желісіне қосар алдында құрылғының
өшіріліп тұрғанын тексеріп алыңыз.
• Етті тартудың алдында барлық сүйектер мен
артық майлар алынғанына міндетті түрде көз
жеткізіңіз.
• Өнімдерді қандайда бір басқа заттар-
мен немесе қолдың саусақтарымен итеруге
тыйым салынған, тек жеткізу жинағына кіретін
итергішті (1) пайдаланыңыз.
• Еттартқыштың корпусын ешбір жағдайда суға
немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
• «кеббе» саптамасын (16, 17) пайдаланған
кезде торкөздерді (11, 12, 13) және пышақты
(10) орнатуға болмайды.
• Ет тартқышта қатты талшықтары бар өнімдерді
(мысалы, зімбір немесе желкек) тартпаңыз.
• Кептелістерді пайда болдырмас үшін етті
итеріп артық салмақ салмаңыз.
• Қандайда бір қыстырылып қалған тілім иірмек
пен пышақтың айналуын тоқтатқан жағдайда
құрылғыны дереу өшіріңіз және жұмысты қайта
жалғастырмас бұрын иірмекті кері айналдыру
функциясын «REV» пайдаланып, кептелісті
алып тастаңыз.
ЕТТАРТҚЫШТЫ ДАЙЫНДАУ
Құрылғыны төмен температура кезінде
тасымалдаған немесе сақтаған жағдайда
оны бөлме температурасында екі сағаттан
кем емес уақыт ұстаған жөн.
• Еттартқышты қораптан шығарып алып, барлық
қаптама материалдарын алып тастаңыз, кор-
пусты ылғал матамен сүртіңіз.
• Барлық алынатын бөлшектерін бейта-
рап жуғыш заты бар жылы сумен жуыңыз,
шайыңыз және құрамай тұрып әбден кептіріп
алыңыз.
• Алғашқы іске қосқанда, электр желісіндегі кер-
неу құрылғының кернеуіне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
ЕТ ТАРТҚЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ НЕГІЗГІ
ҚАҒИДАЛАРЫ
• Ет тартқыш өнімдерді өңдеуге және тек үй
жағдайында жартылай дайын –өнімдерді
әзірлеуге арналған.
• Құрылғыны құрастырыңыз және жазық құрғақ
бетке орнатыңыз.
• Корпустағы желдетілетін саңылаулар бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
• Еттартқыш бастиегінің (3) астына сәйкес ыды-
сты қойыңыз.
• Еттің толық жібігенін тексеріп алып, артық
майлар мен барлық сүйектерді алып тастаңыз,
етті текшелеп тураңыз немесе науаның (2)
саңылауына еркін кіретіндей өлшеммен
тілімдеп тураңыз.
• «ON/OFF» (8) түймесін басып құрылғыны
қосыңыз.
• Асықпай, еттартқыш бастиегінің (3) қонышына
итергіштің (1) көмегімен етті итеріңіз.
• Жұмыс кезінде тек жеткізу жинағына кіретін
итергішті (1) пайдаланыңыз.
• Өнімдерді итеру үшін қандайда бір заттар-
ды пайдалануға тыйым салынады, ешбір
жағдайда етті қолмен итермеңіз.
• Етті немесе басқа азық-түлікті итеру үшін аса
көп күш жұмсамаңыз.
• Етті тарту кезінде кептеліс пайда болуы мүмкін;
пайда болған кептелісті жою үшін иірмекті
кері айналдыру функциясын (REV) қолдану
керек.. Иірмекті кері айналдыру режимін (REV)
ауыстырып-қосу үшін (8) «ON/OFF» түймесін
басып, еттартқышты өшіріңіз, одан кейін (7)
түймесін басып, ұстап тұрыңыз, иірмек кері
бағытта айналады.
• Құрылғының үздіксіз жұмыс істеу уақыты 5
минуттан аспауы керек.
• 5 минут үздіксіз жұмыс істегеннен кейін
еттартқышты өшіріп қойған жөн, ол 10-15
минут бойы сууы керек, осыдан кейін оны
қайтадан пайдалануға болады.
• Жұмысты аяқтағаннан кейін (8) «ON/
OFF» түймесін басып құрылғыны өшіріңіз,
еттартқышты электр желісінен ажыратыңыз,
және тек осыдан кейін ғана еттартқышты
бөлшектеуге кірісуге болады.
MW-1259.indd 23
14.10.2013 16:54:02
Содержание MW-1259 ST
Страница 1: ...MW 1259 ST 9 20 14 25 30 34 39 44 MW 1259 indd 1 14 10 2013 16 53 59...
Страница 2: ...MW 1259 indd 2 14 10 2013 16 53 59...
Страница 3: ...MW 1259 indd 3 14 10 2013 16 53 59...
Страница 4: ...1 2 3 4 5 6 7 8 10 9 11 12 MW 1259 indd 4 14 10 2013 16 54 00...
Страница 6: ...6 6 8 8 8 REV 1 16 17 11 12 13 10 REV MW 1259 indd 6 14 10 2013 16 54 00...
Страница 37: ...37 REV 1 16 17 11 12 13 10 REV 3 2 8 ON OFF 3 1 1 REV REV 8 ON OFF 7 MW 1259 indd 37 14 10 2013 16 54 03...
Страница 42: ...42 REV i 1 i 16 17 11 12 13 10 REV 3 2 8 ON OFF 3 1 1 REV REV 8 ON OFF 7 MW 1259 indd 42 14 10 2013 16 54 04...
Страница 51: ...MW 1259 indd 51 14 10 2013 16 54 05...
Страница 52: ...2013 GOLDER ELECTRONICS LLC 2013 MW 1259 indd 52 14 10 2013 16 54 05...