![3M Protecta Cabloc Скачать руководство пользователя страница 37](http://html1.mh-extra.com/html/3m/protecta-cabloc/protecta-cabloc_installation-instructions-manual_3044666037.webp)
37
Сурет Сипаттама
2
Жоғарғы анкерлік қысқыш
Стандартты сатыларда пайдаланылады. Саты басқышының орталықтары 200 мм - 310 мм
(7,87 дюйм -12,20 дюйм). Ø12-Ø30 (0,47 дюйм - 1,18 дюйм) цилиндрлік басқыштармен және
20 мм - 40 мм (0,79 дюйм - 1,57 дюйм) шаршы басқыштармен үйлеседі.
3
Әмбебап анкерлік қысқыш
Сатыларда, бағаналарда және тордан жасалған құрылымдарда пайдаланылады (үйлесімді
басқыш өлшемдерін жоғарыдан қараңыз). 30 мм - 110 мм (1,18 дюйм - 4,33 дюйм)
құрылымдармен үйлеседі.
4
Желідегі амортизатор
Cabloc тік жүйелерінде жоғарғы анкерлік қысқышпен бірге энергияны сіңіру, пайдаланушыға
және құрылымға түсетін кері күшті шектеу үшін пайдаланылады (әр жүйені тек бір адамның
пайдалануына рұқсат етіледі). Ескертпе: Әмбебап кронштейн бөлек сатылады.
5
Сатының төменгі анкерлік
қысқышы
Стандартты сатыларда пайдаланылады. Саты басқышының орталықтары 200 мм - 310 мм
(7,87 дюйм -12,20 дюйм). Ø12-Ø30 (0,47 дюйм - 1,18 дюйм) цилиндрлік басқыштармен және
20 мм - 40 мм (0,79 дюйм - 1,57 дюйм) шаршы басқыштармен үйлеседі. Кертік тақтадан
итеріп шығарылған кезде арқан керіліп тұрады (жоғарыдағы суретті қараңыз).
6
Алты қырлы төменгі анкерлік
бекіткіш
Стандартты сатыларда пайдаланылады. Саты басқышының орталықтары 200 мм - 310 мм
(7,87 дюйм -12,20 дюйм). Ø12-Ø30 (0,47 дюйм - 1,18 дюйм) цилиндрлік басқыштармен және
20 мм - 40 мм (0,79 дюйм - 1,57 дюйм) шаршы басқыштармен үйлеседі. Кертік тақтадан
итеріп шығарылған кезде арқан керіліп тұрады (жоғарыдағы суретті қараңыз).
7
Сатыны ұзартқыш кронштейн
Cabloc жүйесін жабын платформасынан 1,3 м-ге (51 дюймге) дейін ұзартуға арналған.
Қосымша элементі (A) бір нүктелі анкерлік қысқыш қызметін атқарады. Құрылымның
минималды беріктігі ‒ 12 кН. Максималды пайдаланушылар саны: 1. Басқыштар арасындағы
талап етілетін минималды аралық: 200 мм (7,9 дюйм). Басқыштың пішіні және өлшемдер
диапазоны: Дөңгелек Ø12 - 30 мм (0,5 - 1,2 дюйм) / Шаршы 20 - 40 мм (0,8 - 1,8 дюйм).
EN 795:2012 стандартының A түрі талаптарына сәйкес келеді. Кронштейндерді көрсеткісі
жоғары қаратылған күйде орнатыңыз,
ЖАН-ЖАҚҚА ҚАРАТЫП
орнатуға болмайды.
8
Арқан бағыттағышы
Тік жүйелерде арқанды бағыттау үшін пайдаланылады. Нұсқаулар бойынша және максимум
10 м (32,81 фут) аралықта орнатылуы қажет.
9
Cabloc Pro аралық бағыттағышы
Cabloc Pro тік жүйелерінде пайдалануға арналған. Аралық кронштейнді көрсетілгендей
орнатыңыз. Егер арқан жүйесі 10 м не одан ұзын болса, әр 5 м-ге аралық тіреуіш орнатылуы
қажет. Тек қана Cabloc Pro жүйесімен бірге пайдалануға арналған.
10
Кергіш және индикатор
Cabloc тік жүйелерінде әмбебап кронштейнмен пайдалануға арналған. Белгі тақтасының
керіліс индикаторы еркін айналатын кезде арқанның минималды керілісі көрсетіледі.
Ескертпе
: әмбебап кронштейн бөлек сатылады.
16
Cabloc: Тік жүйлерде гильза
ретінде қолданылады және
тіркемені ұстап тұрып,
пайдаланушының жоғары-төмен
еркін жылжуына мүмкіндік
береді. Энергия сіңіргіш
элементті қамтиды. 7x19 тот
баспайтын болат немесе 6x19
мырышталған болат арқанмен
пайдалануға болады.
1. Гильза корпусының ЖОҒАРЫ бағдары. 2. Арқан гильзасының максималды (макс.)
пайдаланушы салмағын көтергіштігі және арқан гильзасын қауіпсіз пайдалану үшін
қажет болатын минималды (мин.) пайдаланушы салмағы. 3. Арқан гильзасын пайдалану
алдында пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығыңыз. 4. Қолданылатын стандарт, EN353-
1:2014+A1:2017: Жеке құлаудан қорғау жабдығы — Бағыттық түрге жататын құлау
тоқтатқыштары, соның ішінде анкерлік желі. 5. CE белгісі және CE өндіріс сапасын бақылау.
6. Үлгі нөмірі: 7. Топтама нөмірі және жасап шығарылған күні.
17
Cabloc Pro: Тік жүйлерде
гильза ретінде қолданылады
және тіркемені ұстап тұрып,
пайдаланушының жоғары-төмен
еркін жылжуына мүмкіндік
береді. Энергия сіңіргіш
элементті қамтиды. Бірге
берілген карабинмен және
амортизатормен пайдаланыңыз.
1x19 тот баспайтын болат
арқанда пайдаланылуы тиіс.
1. Дұрыс бағдары 2. 3M Protecta логотипі 3. Веб-мекенжай 4. Пайдаланушы нұсқаулығын
оқыңыз 5. Cabloc Pro құлауды тоқтату құрылғысы 6. Сәйкестіктері 7. CE белгісі 8. Мин.
және макс. салмағы 9. Макс. пайдаланушылар саны 10. Бөлшек нөмірі 11. Топтама нөмірі
12. Жасап шығарылған күні 13. Жабдық сәйкес келетін Еуропалық стандарттың нөмірі және
қабылданған күні.
18, 19,
20
Жүйенің таңбалық белгілері
Жүйе таңбаларының мазмұны және тілдері туралы мәлімет алу үшін осы нұсқаулықтың
бөлшектер тізімін және 8-бөлімді қараңыз.
1.0 ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 МАҚСАТЫ:
Cabloc/Cabloc Pro алынбалы арқан муфтасымен (бөлек сатылады) бірге пайдаланылған кезде, Cabloc/
Cabloc Pro тік арқанының қауіпсіздік жүйесі (1-сурет) жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін құлау қаупін жою немесе
айтарлықтай дәрежеде азайтуға арналған. Cabloc/Cabloc Pro жүйелері бекітілген сатыларға немесе құрылымның (мыс.,
дара сырықтар [ағаш, болат немесе бетон] ғимараттардың, жүрісжолдардың, антенна құрылымдары мен мұнаралардың)
бөлігі болып табылатын саты тәріздес беттерге орнатылады. Таңдалған жеке қорғаныс жабдығы (ЖҚЖ) жүйенің негізгі
бөлігін құрайтын болады. Әрдайым EN 361 немесе тиісті мемлекеттік стандартқа сәйкес кеудеге бекіту нүктесі бар толық
сақтандырғыш белдікті тағыңыз. Өрмелеген кезде, жүйенің пайдаланушысы мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін
өрмелеу дулығасын киюі қажет.
1.2 СИПАТТАМА:
Cabloc/Cabloc Pro жүйесі 8 мм (5/16 дюйм) тот баспайтын болаттан немесе мырышталған тік орнатылатын
сақтандыру арқанынан тұрады. Жүйе құрылымның түріне байланысты әртүрлі жоғарғы және төменгі анкерлік
бекіткіштер арқылы бекітіледі. Сақтандыру арқаны жиі аралықтарда аралық кронштейндермен тіреледі. Аралық
кронштейндер құлаған кезде жүктемені азайтуға көмектеседі және ұзағырақ аралықта жеке орнатуға мүмкіндік береді
(аралықтарды бөлшектер кестесінен қараңыз).
1.3 ШЕКТЕУЛЕР:
Cabloc/Cabloc Pro жүйелері тасымалы сатыларға орнатуға арналмаған. Бұл жүйелер тік күйде орнатылған
сатыларда пайдалануға арналған. Сатының қауіпсіздік жүйесінің максималды бұрышы тігінен 15° градустан аспауы
керек. Аралық тіреуіштегі немесе кронштейндегі арқан бұрышының өзгеру мәні 5° градустан аспауы керек. Cabloc/
Cabloc Pro жүйесін орнатудың алдында келесі қолданыс шектеулері есепке алынуы қажет.
A. Сатының құрылымы:
жүйені орнататын сатының құрылымы жүйенің құлаған жағдайдағы түсіретін күшіне төзімді
болуы қажет (2.2 бөлімін қараңыз).