![3M Protecta Cabloc Скачать руководство пользователя страница 35](http://html1.mh-extra.com/html/3m/protecta-cabloc/protecta-cabloc_installation-instructions-manual_3044666035.webp)
35
АЛҒЫСӨЗ
Бұл пайдалану нұсқаулығында Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйелерін орнату әдісі түсіндіріледі. Оны CE талабы
бойынша қызметкерлерді оқыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде пайдаланып, жабдықпен бірге ұстау керек.
;
Орнатушылар осы жүйемен бірге пайдаланылатын қауіпсіздік жабдығына арналған өндіруші нұсқауларын оқулары
және орындаулары керек.
;
Осы жабдықты орнату алдында осы жабдықты тиісті пайдалану, тексеру және техникалық қызмет көрсету үшін осы
нұсқауларды орындаңыз.
;
Бұл өнім мақсатты елден тыс қайта сатылса, сатушы бұл нұсқаулықты өнім пайдаланылатын елдің тілінде қамтамасыз
етуі керек.
;
Бұл жабдықты пайдалану алдында орнату және қызмет көрсету жапсырмасындағы өнімнің идентификациялық
ақпаратын тауып, оны осы нұсқаулыққа жазып қойыңыз.
ГЛОССАРИЙ АНЫҚТАМАЛАРЫ
Бұл нұсқаулықтың алдыңғы мұқабасындағы нөмірленген
глоссарий анықтамалары
келесі заттарға сілтеме жасайды:
1
Орнату бойынша нұсқаулар
2
Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйелері
3
Стандарттар
4
CE сынағын орындаған өкілетті органның нөмірі.
5
Осы жеке қорғаныс жабдығын өндіруді тексеретін өкілетті органның нөмірі.
6
Жүйе пайдаланушыларының максималды саны
7
Құралдарды және жабдықты қоспағанда, ең аз пайдаланушы салмағы болып 40 кг (88 фунт) және құралдарды
және жабдықты қоса ең көп пайдаланушы салмағы болып 140 кг (310 фунт) табылады.
8
Пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
9
Ескерту таңбасы.
Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйесінің құрамдастары,
1-сурет:
Cabloc жүйесі
A
Жоғарғы кронштейн
B
Арқан
C
Арқан бағыттағышы
D
Жүйе затбелгісі
E
Төменгі кронштейн
Cabloc Pro жүйесі
F
Жоғарғы кронштейн
G
Арқан
H
Аралық кронштейн
I
Cabloc Pro
J
Алты қырлы төменгі анкерлік бекіткіш
Бөлшек тізімдері және бөлшектің анықтамалары
Дәстүрлі Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйелерін құрайтын бөлшектер осы нұсқаулықтағы «Бөлшектер тізімі» кестесінде
берілген. Кейбір элементтердің бірнеше бөлшек опциялары мен бөлшек нөмірлері болуы мүмкін. Бөлшектің сол жағындағы
«Сипаттама» бағаны оң жақтағы бағандарда орнату үшін пайдаланылатын бір немесе бірнеше бөлшек нөмірімен
байланыстырылған. Қолданылатын бөлшектер орнату жағдайының негізінде анықталады.
KK