40
B.
Жүйені орнатып болғаннан кейін төмендегі тізім бойынша соңғы тексерісті орындаңыз:
• Барлық бекіткіштердің өз орнында болып, дұрыс қатайтылғанын тексеріңіз.
• Көтергіш арқанның дұрыс керілгенін тексеріңіз. Арқанның төменгі жағы төменгі анкерлік бекіткішке бекітілмеген/
керілмеген болса, Cabloc/Cabloc Pro жүйесін пайдалануға болмайды.
• Көтергіш арқан құрылымның қандай да бір жеріне үйкелмейтінін тексеріңіз.
• Жүйе туралы ақпараттың белгішеге жазылғанын тексеріңіз.
5.0 ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
ПАЙДАЛАНУ:
төменде Cabloc/Cabloc Pro жүйесін пайдаланудың негізгі процедуралары берілген:
Пайдалану алдындағы тексерістер - Жүйе:
әрбір пайдалану алдында Cabloc/Cabloc Pro жүйесін мұқият тексеріп
шығыңыз
1. Жүйеде сынықтар, майысқан жерлер немесе тым қатты бүгілген арқандар немесе зақымдалған кронштейндер
сияқты анық зақымдалу белгілерінің жоқ болғанын тексеріңіз.
2. Кергішке бекітілген дисктің еркін бұралатынын тексеріңіз. Төменгі анкерлік бекіткіш сақинасы бар жүйеде
кертіктің төменгі анкерлік бекіткіште көрінетіндігін тексеріңіз.
3. Құлау жолында жерге немесе басқа да кедергіге соғылуға жол бермеу үшін, пайдаланушының астында қажетті
бос кеңістіктің бар болғанын тексеріп тұрыңыз.
4. Жүйенің белгішесінде пайдаланушылардың максималды саны көрсетілгенін және жүйе сертификатының жарамды
болғанын тексеріңіз.
Пайдалану алдындағы тексерістер - Муфта:
пайдалану алдында әрбір муфтаны жақсылап тексеріңіз.
1. Серіппенің теңгергіш жүгін көтеру және босату арқылы серіппенің жұмысын тексеріңіз, теңгергіш жүктер кері
қарай серпілуі тиіс.
2. Тойтарма мен тойтарма сомындарында зақымдалу белгілерінің жоқтығын тексеріңіз.
3. Карабин ауызының ашылуын, жабылуын және құлыпталуын тексеріңіз.
4. Кесілген, қажалған және жыртылған жерлердің жоқтығын тексеріңіз.
5. Тұтас амортизатор және Cabloc/Cabloc Pro муфтасы мен тұтас амотризатор және карабин арасындағы қосылымда
көзге көрінетін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз.
6. Амортизатор элементінің бүтін, жақсы жағдайда болғанын және жұмыс күйінде болмағанын тексеріңіз.
Жүйеге бекіту - Cabloc муфтасы:
1. Босату істігін тартыңыз.
2. Жұдырықшаларды барынша жоғары итеріп, муфтадағы көрсеткінің жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Кабельді бүйірінде құрылғысы бар көлденең ұяға салыңыз.
4. Cabloc жүйесін тік күйіне қайтарыңыз. Муфта автоматты түрде арқанда орналасады.
5. Карабиннің аузын жоғары қарай итеріңіз және сағат тілі бағытымен бұрап, ашыңыз. Сақтандырғыш белдіктің
бекіту нүктесін аузынан өткізіп, босатыңыз. Карабин автоматты түрде құлыпталады.
6. Сіз енді өзіңізді Cabloc жүйесіне бекіттіңіз. Құрылғыны алып тастау үшін дәл осы қадамдарды кері ретпен орындаңыз.
Жүйеге бекіту - Cabloc Pro муфтасы:
1. Cabloc Pro жүйесінде зақымдалу және/немесе істен шығу белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз.
2. Құрылғының бекіту үшін дұрыс бағдарда болғанын тексеріңіз. Алюминий тақталардан ЖОҒАРЫ көрсеткісін іздеңіз.
3. Құрылғыны екі қолмен ұстап тұрып тартып шығарыңыз, содан кейін артқа қарай тартыңыз және құлыптау
тақтасының иінтірегін бас бармағыңызбен ұстаңыз.
4. Арқан бағыттағышын артқа тартыңыз және жүгіргіштің орныққанын тексере отырып, арқанды құрылғының
бүйіріндегі саңылаудан өткізіңіз.
5. Құрылғыны босатыңыз. Құрылғы арқанда автоматты түрде құлыпталады.
6. Пайдаланылмаған кезде жүгіргіш карабинді тарту арқылы Cabloc Pro жүйесін арқанда ұстап тұрады.
7. Осы нұсқаулықтың 5-бөлімінде көрсетілген пайдалану алдындағы тексерістерді аяқтаған соң, үш жерден
құлыпталатын тұтас карабин ілмегінің көмегімен сақтандырғыш белдікті жүйеге бекітіңіз.
8. Карабиннің бұдырланған аузын жоғары қарай итеріңіз және сағат тілі бағытымен бұрап, ашыңыз. Кеуде жақтағы
D тәріздес сақинаны аузынан өткізіп, босатыңыз. Карабин автоматты түрде құлыпталады.
9. Құрылғыны алып тастау үшін жоғарыдағы қадамдарды орындаңыз.
;
Өрмелеу барысында Cabloc/Cabloc Pro жүйесіне бекіту үшін ешбір жағдайда ілгіш бауды пайдалануға
болмайды. Ілгіш бауды пайдалану муфтаның тиімділігін төмендетіп, құлаған жағдайда еркін құлау қашықтығы
мен жүйеге және пайдаланушыға түсетін күшті арттырады.
Құрылымда төменде көрсетілгендей көтеріліңіз және түсіңіз:
• Көтерілу: Әдістемеде көрсетілгендей және ұсыныстарға сәйкес өрмелеңіз (яғни, екі қол мен бір аяқ, бір қол мен
екі аяқ), сонымен қатар сақтандыру құрылғысының қандай да бір бөлігіне кедергі жасау пайдаланушыға қауіп
төндіруі мүмкін екендігін есте сақтаңыз.
• Төмен түсу: Төмен түсу үшін сатымен немесе саты басқыштарымен бірқалыпты жылдамдықпен әдеттегідей
түсіңіз. Егер муфта арқанда құлыпталса, оны босату үшін сәл жоғары қозғалыңыз және содан кейін төмен түсуді
жалғастырыңыз.
Анықталмаған күйде тұру
: Cabloc/Cabloc Pro муфтасын жұмыс орнын бекіту құрылғысы ретінде пайдалануға
болмайды. Өрмелеу барысында тоқтағанда немесе демалып тұрғанда пайдаланушы келесі жайттарды ескеруі қажет:
1. Мақұлданған жұмыс орнын бекіту құрылғысын пайдаланыңыз немесе анықталған тұру платформасында тоқтап
тұрыңыз.
2. Сатыны әрдайым екі қолмен ұстап тұрыңыз және аяқтарыңызды сатыда ұстаңыз.
3. Жұмыс орнын бекіту құрылғысын орнатудың алдында муфтаны кеуде күйінен жоғары итеріп, жүгіргіштің белсенді
түрде арқанға орнығуын қамтамасыз етіңіз.
ТЕКСЕРУ:
жұмыстың қауіпсіз әрі тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету үшін Cabloc/Cabloc Pro жүйесін 1-кестеде көрсетілген
нұсқауларға сәйкес көрсетілген жиілікте тексеріп тұрыңыз.