Қазақ тілі
308
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар
жабыстырыңыз
• Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп,
дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін.
• Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса,
тері қышуы, қышыма пайда болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай
жағдайда құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес
алу керек.
Сынған немесе бұзылған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді
жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет
көрсету орталығына алып барыңыз.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы
тигізбеңіз
• Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не
бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
• Батареялар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
• Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны
пайдалану алдында зарядтау керек.
• Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен
ажыратыңыз.
• Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.
• Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін
қамтамасыз ету үшін осы нұсқаулықтағы бүкіл нұсқауларды
орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау тудырған
зақымдар немесе нашар өнімділік өндіруші кепілдігінің күшін
жоюы мүмкін.
• Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер және жөндеу
жарамдылық кезеңінде кепілдікпен қамтылады, бірақ бекітілмеген
қосалқы құралдарды пайдалану тудырған зақымдар немесе
нашарлау қамтылмайды.