![background image](http://html1.mh-extra.com/html/maxwell/mw-1258-st/mw-1258-st_manual-instruction_1746481021.webp)
21
ҚазаҚша
РЕЦЕПТ
(Салма)
Қой еті
100 г
Зәйтүн майы
1, 1/2 ас қасық
Пияз (жұқалап туралған)
1, 1/2 ас қасық
Дәмдеуіштер
талғам бойынша
Тұз
1/4 шай қасық
Ұн
1, 1/2 ас қасық
• Қой етін еттартқыштан бір немесе екі рет өткізіп
ұсақтап алу керек.
• Пиязды майда сарғайғанша қуырады, одан кейін
тартылған қой етін, барлық дәмдеуіштерді, тұзды
және ұнды қосады.
(Қабық)
Арық ет
450 г
Ұн
150-200 г
Дәмдеуіштер
талғам бойынша
Мускат жаңғағы
1 тал
Ұнтақталған
қызыл
бұрыш
талғам бойынша
Бұрыш
талғам бойынша
• Етті еттартқыштан екі-үш рет өткізеді, мускат
жаңғағы бөлек тартылады, одан кейін барлық
компоненттері араластырылады.
• Сыртқы қабықтағы көп мөлшердегі ет пен аз
мөлшердегі ұн ең жақсы консистенция мен дайын
өнімнің дәмін қамтамасыз етеді.
• Дайын түтікшелерге салмалар салынады,
шеттерін қысып, түтікшелердің қалаған пішіні
жасалады.
• Түтікшелер фритюрде дайындалады.
Еттартқыш күтімі
• Жұмысты аяқтағаннан кейін (7) «ON/OFF»
түймесін басып еттартқышты өшіру керек және
желілік шнур ашасын электр розеткасынан суыру
керек.
• Бекіткіш түймені (5) басыңыз, еттартқыш
бастиегін сағат тілі бағытында бұрыңыз да, оны
шешіп алыңыз.
• Сомынды (14) бұрап шешіп алыңыз және
орнатылған саптамаларды (15, 16 немесе 17),
торкөзді (11, 12 немесе 13) шешіп алыңыз,
пышақты (10) иірмектен (9) шешіп алыңыз.
• Иірмекті (9) еттартқыш бастиегінен (3) шығарып
алыңыз.
• Иірмектен өнім қалдықтарын алып тастаңыз.
• Еттартқыштың барлық керек-жарақтарын бей-
тарап жуғыш заты бар сабынды жылы сумен
жуыңыз, шайыңыз және оларды құрамай тұрып
әбден кептіріп алыңыз.
• Алынатын бөлшектерді (3, 9, 10, 11, 12, 13, 14)
ыдыс жуатын машинада жууға болады.
• Еттартқыш корпусын (6) сәл ылғал матамен
сүртіңіз, одан кейін корпусты құрғатып сүртіңіз.
• Еттартқыш корпусын (6) тазалау үшін
еріткіштерді немесе қажайтын тазалағыш заттар-
ды пайдалануға тыйым салынады.
• Еттартқыш корпусының ішіне сұйықтықтың кіріп
кетуіне жол бермеңіз.
Сақтау
• Еттартқышты сақтауға алып қоймас бұрын
құрылғының корпусының және оның барлық
алынбалы бөлшектерінің таза әрі құрғақ екенін
тексеріп алыңыз.
• Құрылғыны құрғақ, салқын, балалардың қолдары
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жеткізу жинағы
Еттартқыш – 1 дана
Итергіш – 1 дана
Өнімдерге арналған науа - 1 даан
Торкөздер – 3 дана
Шұжықтарды толтыруға арналған саптамалар
жинағы – 1 дана
«кеббе» дайындауға арналған саптамалар жинағы -
1 дана
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1 дана.
Техникалық сипаттары
Электрқорегі: 220-240 В ~ 50/60 Гц
Максималды қуаты: 1500 Вт
Өндіруші алдын ала ескертусіз құрылғының дизайны
мен техникалық сипаттамаларына өзгерістер
енгізу құқығына ие болып қалады.
Құрылғының қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi.
Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған
жағдайда төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi
қажет.
Бұл тауар ЕМС – жағдайларға сәйкес келедi негiзгi
Мiндеттемелер 2004/108/ЕС Дерективаның
ережелерiне енгiзiлген Төменгi Ережелердiң
Реттелуi (2006/95/ЕС).
MW-1258.indd 21
16.08.2013 9:38:46
Summary of Contents for MW-1258 ST
Page 1: ...MW 1258 ST 13 8 4 18 22 26 30 34 38 MW 1258 indd 1 16 08 2013 9 38 44...
Page 2: ...MW 1258 indd 2 16 08 2013 9 38 44...
Page 3: ...MW 1258 indd 3 16 08 2013 9 38 45...
Page 4: ...4 1 2 3 4 5 6 7 ON OFF 8 REV 9 10 11 12 13 14 15 16 17 8 8 8 MW 1258 indd 4 16 08 2013 9 38 45...
Page 5: ...5 5 REV 1 16 17 11 12 13 10 REV 3 2 MW 1258 indd 5 16 08 2013 9 38 45...
Page 43: ...MW 1258 indd 43 16 08 2013 9 38 48...
Page 44: ...2013 GOLDER ELECTRONICS LLC 2013 MW 1258 indd 44 16 08 2013 9 38 48...