Page 48
© 2019 MSA
P/N 10103008
ҚАЗАҚША
бақылау органдарының білікті мамандары қарап шығуы КЕРЕК. Тiрекке бекiткiштің қатты тозу, жыртылу, жанған бөліктерін,
шеттерінің мүжілу, қырылу және басқа да зақымдану жағдайларын тексеріп алыңыз. Тігістерінің созылған, кеңейген немесе
жыртылған жерлерін тексеріп шығыңыз. Өнімдегі таңбалау белгілерінің анық әрі айқын екендігіне көз жеткізіңіз. Tексеру
кезінде ауытқулар байқалған жағдайда, өкілетті тұлғадан жазбаша рұқсат алғанша тiрекке бекiткiшті қолданбаңыз.
Құрылысқа немесе жерге соғылуды болдырмау үшін азғантай ғана саңылаудың болуына назар аудару ҚАЖЕТ. Арнайы
ұсыныстар қосалқы жүйемен бірге беріледі.
Тiрекке бекiткiшті ӨЗГЕРТПЕҢІЗ және жөндеуге ТЫРЫСПАҢЫЗ.
Тiрекке бекiткiш соққы күштің әсеріне ұшыраған немесе сақтандырғыш жүйе салмағы түскен жағдайда, оны дереу ажыратып
және жою ҚАЖЕТ.
ӨЖА электр тогы соғу қаупі бар ортада орнатпаңыз және пайдаланбаңыз.
Жұмыс орнын маман тексеріп шыққанша және ол анықталған мүмкін қауіптер жойылды немесе алды алынды деген қорытынды
шығарғанша, MSA тiрекке бекiткiшті ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Тiрекке бекiткiшті құру немесе алып тастау кезінде құлау қаупі деңгейін шектеу қажет. Құлаудан оқшау түрдегі сақтандырғыш
жүйесі қажет болуы мүмкін.
Тiрекке бекiткiштегі жүкті қараусыз ҚАЛДЫРМАҢЫЗ.
Тiрекке бекiткiшті ЕШҚАШАН ДА түйіндеп байламаңыз.
Пайдаланушының қауіпсіздігі үшін төмендегі шарт маңызды болып табылады: егер өнім арналған елдің шектерінен тыс қайта
сатылатын болса, сауда делдалы қосымша өнім пайдаланатын елдің тілінде іске пайдалану, техникалық қызмет көрсету,
мезгілдік тексеру және жөндеу жүргізу үшін қажет нұсқаулықтар мен ақпарат беруге тиіс.
Бұл талаптарды орындамау немесе дұрыс қолданбау қауіпті жарақаттарға немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН САҚТАУ
Тiрекке бекiткiштер нейлонды/полиэстер жіптерден немесе мырышпен қапталған болат арқаннан жасалған. Барлық тасушы
құрылғылар мырышталған қоспасыз болаттан немесе алюминий қорытпасынан дайындалған. Тiрекке бекiткiшті дайындауда
пайдаланылған материалдарға зақым келуін болдырмау үшін, осы бөлімде келтірілген тазалау жөніндегі нұсқауды дұрыс
орындаңыз. Тiрекке бекiткiшті суға ерітілген жуғыш құралдың көмегімен тазалаңыз. Құрылғыны таза сулық орамалмен сүртіңіз
және тiрекке бекiткiшті ауада жайып кептіріңіз. Кебуді жылумен жылдамдатпаңыз. Кірдің, бояудың немесе басқа да бөтен
заттардың шамадан тыс жиналуы тіреу қосқыштың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауы жәәне тіпті матасын бүлдіруі мүмкін.
Тiрекке бекiткiшті қауіпсіз пайдалану және тазалауға қатысты мәселелер бойынша тікелей MSA хабарласыңыз.
Барлық зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін сақтандыру жабдықтары «ЖАРАМСЫЗ» деп
таңбалануы және пайдаланудан алынып тасталуы керек. Ақауларды жоюға қатысты техникалық қызметтер (тазалаудан
басқалары) және элементтерін ауыстыру сияқты жөндеу жұмыстары MSA зауытында жүргізілуі керек. Дала жағдайында өз
бетімен жөндеуге тырыспаңыз.
Тiрекке бекiткiшті тікелей күн сәулесі түспейтін, салқын, құрғақ, таза жерде сақтаңыз. Жоғары температуралы аймақтарда
сақтамаңыз, сонымен қатар майлар, химикаттар сақталған жайларда олардың булары немесе басқа бүлдіргіш факторлар
болуы мүмкін. Зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін жабдықтарды жарамды жабдықтармен
бірге сақтамаңыз. Сақтар алдында қатты былғанған, ылғалданған немесе басқа жолдармен ластанған жабдықтарға тиісті
техникалық қызмет көрсету керек (мысалы, кептіру және тазалау). Ұзақ сақталған жабдықты пайдаланар алдында білікті
органның өкіліне ресми тексертіп алған жөн.
Тiрекке бекiткiшті жыртылудан, ылғалдан, химикаттардан және олардың буларынан, экстремальды температуралар мен
ультракүлгін сәулелерінен сақтау үшін орамда тасымалдаңыз.
Өнім пайдаланылмаған немесе өте сирек пайдаланылған және оңтайлы сақтау шарттары сақталған жағдайда өнімнің қызмет
ету мерзімі 10 жылға тең. Дегенмен, пайдаланылуға жарамдылықтың бастапқы көрсеткіші өнімнің жиі тексерілуі болып
табылады. Тексеруден өтпеген кез келген өнім пайдаланылу ұзақтығына байланыссыз бірден қызметтен шығарылуы керек.
Мына факторлар өнімнің тиімділігін және қызмет ету мерзімін азайтады: дұрыс сақтамау, дұрыс пайдаланбау, тозу және
сызат, химикаттарға (қышқылдар мен сілтілер) тиіп кету, жоғарғы температураларға және ультра күлгін сәулеленуге шығару.
Осы орталарда тексеруді жиілету керек.
Содержание 10103219
Страница 6: ...Page 6 2019 MSA P N 10103008 2 A 45 45 45 B...
Страница 7: ...Page 7 2019 MSA P N 10103008 2 C...
Страница 8: ...Page 8 2019 MSA P N 10103008 2 D E F 18 19 Sharp edge protector...
Страница 9: ...Page 9 2019 MSA P N 10103008 3 4...
Страница 30: ...Page 30 2019 MSA P N 10103008 MSA MSA MSA 10...
Страница 42: ...Page 42 2019 MSA P N 10103008 MSA MSA MSA 10 UV...
Страница 54: ...Page 54 2019 MSA P N 10103008 MSA MSA MSA 10...
Страница 58: ...Page 58 2019 MSA P N 10103008 MSA MSA MSA 10...
Страница 63: ...Page 63 2019 MSA P N 10103008...
Страница 64: ...Page 64 2019 MSA P N 10103008...