Not for
Reproduction
128
Жанармай қосу
Суретті қараңыз: 7
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету мүмкін.
Жанармай қосқан кезде
• Жанармай қақпағын шешіп алмас бұрын қозғалтқышты өшіріп,
салқындағанша кем дегенде 2 минут күтіңіз.
• Жанармай багын сыртта немесе ауа айналымы жақсы жерде толтырыңыз.
• Жанармай багын асырып толтырмаңыз. Жанармай кеңеюі үшін жанармай
багы мойнының түбінен асырып толтырмаңыз.
• Жанармайды ұшқындардан, ашық жалыннан, сигнал беретін шамдардан,
жылудан және басқа тұтану көздерінен аулақ ұстаңыз.
• Жанармай түтіктерін, бакты, қақпақты және фитингтерді жиі тексеріп,
шатынап кетпегеніне және жанармай ағызбайтынына көз жеткізіңіз. Қажет
болса, ауыстырыңыз.
• Жанармай төгілсе, қозғалтқышты оталдырмас бұрын оның ұшып кетуін
күтіңіз.
1.
Жанармай қақпағы айналасын кір мен қоқыстан тазалаңыз. Жанармай
қақпағын алыңыз.
2.
Жанармай багын (A, суреті 7) жанармаймен толтырыңыз. Жанармай кеңеюі
үшін жанармай багы мойнының (В) түбінен асырып толтырмаңыз. Кейбір
модельдерде жанармай деңгейінің индикаторы (С) бар. Бакты жанармай
деңгейі индикаторының (D) түбінен жоғары толтырмаңыз.
3.
Жанармай қақпағын орнына қойыңыз.
Қозғалтқышты оталдыру және өшіру
Суретті қараңыз: 8, 9, 10, 11, 12
Қозғалтқышты оталдыру
ЕСКЕРТУ
Оталдыру сымы жылдам кері тартылған (кері тарту) кезде қолыңыз
қозғалтқышқа қарай тартылып, сымды жіберуге үлгермейсіз.
Бұның салдарынан сүйектеріңіз сынуы не шатынауы мүмкін, қол-
аяғыңызды ауыртып алуыңыз я сіңірлеріңіз созылуы мүмкін.
• Қозғалтқышты оталдырған кезде кері соққының алдын алу үшін іске қосқыш
сым арқанды кедергі сезілгенше баяу тартыңыз да, одан кейін шапшаң
тартып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету мүмкін.
Қозғалтқышты оталдырған кезде
• Оталдыру білтесі, бәсеңдеткіш, жанармай қақпағы және ауа тазалағыш
(жабдықталған болса) орындарына мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
• Оталдыру білтесі алынып тұрғанда қозғалтқышты айналдырмаңыз.
• Қозғалтқыш оталмай қалса, дроссельді (бар болса) АШЫҚ / ҚОСУ күйіне
қойып, дроссель жапқышын (бар болса) ЖЫЛДАМ күйіне қойып, қозғалтқыш
оталғанша оталдырыңыз.
ЕСКЕРТУ
УЛЫ ГАЗ ҚАУПІ. Қозғалтқыштан шығатын газда көміртегі монооксиді бар.
Ол – адамды бірнеше минутта өлтіре алатын улы газ. Ол көзге көрінбейді,
оның иісі мен дәмі жоқ. Сондықтан оны сезу МҮМКІН ЕМЕС. Шыққан
түтін иісін сезбесеңіз де, көміртегі монооксиді газын жұтуыңыз мүмкін.
Осы өнімді қолданған кезде құсқыңыз келсе, басыңыз айналса немесе
өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, оны өшіріп, ДЕРЕУ таза ауаға шығыңыз. Дәрігерге
қаралыңыз. Көміртегі монооксидімен уланған болуыңыз мүмкін.
• Бұл өнімді ТЕК сыртта, терезелер, есіктер және саңылаулардан аулақ жерде
қолданыңыз, осылайша, көміртегі монооксиді газының жиналуы және тұрғын
үйлерге тартылуы қаупін азайтасыз.
• Батареямен жұмыс істейтін немесе электр желісінен істеп, батареялардан
қосалқы түрде қуаттана алатын көміртегі монооксиді дабылдарын өндіруші
нұсқауларына сәйкес орнатыңыз. Түтін дабылдары көміртегі монооксиді
газын анықтай алмайды.
• Бұл өнімді үйлерде, гараждарда, төлелерде, еден астындағы бос жерде,
қалқаларда немесе басқа жартылай жабық жерлерде ҚОЛДАНБАҢЫЗ, тіпті
ауа айналуы үшін желдеткіштерді қолдану немесе есік пен терезелерді ашып
қою көмектеспейді. Көміртегі монооксиді мұндай жерлерде тез жиналып, өнім
өшірілгеннен кейін де бірнеше сағат сақталуы мүмкін.
• Бұл өнімді ӘРҚАШАН жел соққан жаққа қарай қойыңыз және қозғалтқыштың
газ шығатын түтігін тұрғын үйлерден аулақ қаратыңыз.
ХАБАРЛАМА
Бұл қозғалтқыш Briggs & Stratton компаниясынан май құйылмай
жөнелтіледі. Қозғалтқышты оталдырмас бұрын осы нұсқаулықтағы нұсқауларға
сәйкес май құюды ұмытпаңыз. Қозғалтқышты май құймай оталдырсаңыз, ол
жөнделмейтіндей зақымдалады және осындай зақым кепілдікке кірмейді.
Оталдыру жүйесін анықтау
Қозғалтқышты оталдырмас бұрын оның оталдыру жүйесінің түрін анықтау қажет.
Қозғалтқыштың оталдыру жүйесінің түрі төмендегілердің біреуі болады.
•
ReadyStart
®
Жүйе:
Бұл жүйе температурамен басқарылатын автоматты
дроссельмен жабдықталады. Оның қолмен басқарылатын дросселі немесе
қосымша жанармай беру құралы болмайды.
•
Дроссель жүйесі:
Бұл жүйе төмен температурада оталдыру үшін
қолданылатын дроссельмен жабдықталады. Кейбір модельдерде бөлек
дроссель тұтқасы, ал қалғандарында дроссель/дроссель жапқышы
біріктірілген тұтқа болады. Бұл оталдыру түрінің қосымша жанармай беру
құралы болмайды.
•
Қосымша жанармай беру жүйесі:
Бұл жүйе төмен температурада
оталдыру үшін қолданылатын қызыл қосымша жанармай беру құралымен
жабдықталады. Оның қолмен басқарылатын дросселі болмайды.
Қозғалтқышты оталдыру үшін оталдыру жүйесі түрінің нұсқауларын орындаңыз.
Ескертпе:
Жабдықтың қашықтан басқару құралдары болуы мүмкін. Қашықтан
басқару құралдарының орны мен жұмысын жабдық нұсқаулығынан қараңыз.
ReadyStart
®
Жүйе
1.
Қозғалтқыш майын тексеріңіз. Май
деңгейін тексеру
бөлімін қараңыз.
2.
Бар болса, жабдықты басқару жетегі ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
3.
Жабдықталған болса, жанармай беруді жабу клапанын (A, суреті 8) OPEN
(АШЫҚ) күйіне жылжытыңыз.
4.
Жабдықталған болса, дроссельді басқару құралын (B, суреті 8) FAST
(ЖЫЛДАМ) күйіне жылжытыңыз. Қозғалтқышты FAST (ЖЫЛДАМ) күйінде
жұмыс істетіңіз.
5.
Жабдықталған болса, тоқтату ауыстырып-қосқышын (D, суреті 9) ON
(ҚОСУЛЫ) күйіне басыңыз.
6.
Өнім қозғалтқышты тоқтату иінтірегімен (C, суреті 10) жабдықталған болса,
қозғалтқышты тоқтату иінтірегін тұтқаға тіреп ұстаңыз.
7.
Айналдырып оталдыру, бар болса:
Оталдыру сымының тұтқасын мықтап
ұстаңыз (G, суреті 8) Оталдыру сымын кедергі сезілгенше ақырын тартып,
одан кейін шапшаң тартып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ
Оталдыру сымы жылдам кері тартылған (кері тарту) кезде қолыңыз
қозғалтқышқа қарай тартылып, сымды жіберуге үлгермейсіз. Бұның салдарынан
сүйектеріңіз сынуы не шатынауы мүмкін, қол-аяғыңызды ауыртып алуыңыз я
сіңірлеріңіз созылуы мүмкін. Қозғалтқышты оталдырған кезде кері соққының
алдын алу үшін іске қосқыш сым арқанды кедергі сезілгенше баяу тартыңыз да,
одан кейін шапшаң тартып қалыңыз.
8.
Айналдырып оталдыру, бар болса:
Электрмен оталдыру қосқышын ON/
START (Қосу/оталдыру) күйіне бұраңыз.
ХАБАРЛАМА
Стартердің қызмет мерзімін созу үшін қысқа оталдыру
айналымдарын қолданыңыз (ең көбі бес секунд). Оталдыру айналымдары
арасында бір минут күтіңіз.
Ескертпе:
Қозғалтқыш бірнеше қайта әрекеттен кейін оталмаса, жергілікті
дилерге хабарласыңыз немесе
BRIGGSandSTRATTON.com
қоңырау соғыңыз
1-800-233-3723
(АҚШ-та).
Дроссель жүйесі
1.
Қозғалтқыш майын тексеріңіз. Май
деңгейін тексеру
бөлімін қараңыз.
2.
Бар болса, жабдықты басқару жетегі ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
3.
Жабдықталған болса, жанармай беруді жабу клапанын (A, суреті 8) OPEN
(АШЫҚ) күйіне жылжытыңыз.
Содержание 080000
Страница 2: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n 2 BRIGGSandSTRATTON com 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ...
Страница 3: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n 3 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ...
Страница 271: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n ...
Страница 272: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n ...