Not for
Reproduction
133
2
Қосалқы қуат көзінің орнына негізгі қуат көзі ретінде қолданылатын
жабдықтағы қозғалтқыштарға немесе коммерциялық мақсатта 25 миля/
сағат жылдамдығынан асатын фургондарда қолданылатын резервтік
генераторларға, жарыстарда немесе коммерциялық не жалға берілетін
тректерде қолданылатын қозғалтқыштарға кепілдік берілмейді.
3
Резервтік генераторларда орнатылған Vanguard: 24 ай тұтынушылық
пайдалану, коммерциялық мақсатта пайдалануға кепілдік берілмейді. 2017
жылдың шілдесіне дейін өндірілген коммерциялық серия, 24 ай тұтынушылық
пайдалану, 24 ай коммерциялық пайдалану.
4
Австралияда – біздің тауарларымыз Австралияның тұтынушылар
заңына сәйкес есептен шығарылмайтын кепілдікпен қамтылады. Ірі ақаулық
байқалса, тауарды ауыстырып алуға не ақшасын қайтарып алуға және басқа
болжалды шығын не залал үшін өтемақы алуға құқығыңыз бар. Сондай-
ақ, тауарлардың сапасы орынды болмаса және ақаулық ірі ақаулыққа
ұласпаса, тауарларды жөндетуге не ауыстырып алуға құқығыңыз болады.
Кепілдік бойынша қызмет алу үшін BRIGGSandSTRATTON.COM сайтындағы
қызмет көрсетушілерді табу картасынан, 1300 274 447 нөміріне қоңырау
шалу, [email protected] мекенжайына электрондық
хат жіберу немесе Briggs & Stratton Australia Pty Ltd, 1 Moorebank Avenue,
Moorebank, NSW, Австралия, 2170 мекенжайына хат жазу арқылы ең жақын
Өкілетті қызмет көрсетушіні табыңыз.
Кепілдік мерзімі бірінші бөлшек сауда орны немесе коммерциялық тұтынушы
алғаш сатып алған күннен басталады. «Жеке мақсатта қолдану» бөлшек сауда
тұтынушысының үйінде жеке қолданған жағдайын білдіреді. «Коммерциялық
мақсатта қолдану» басқа барлық мақсатта қолдануды, соның ішінде коммерциялық
мақсатта, кіріс әкелу не жалға беруді білдіреді. Коммерциялық қолдануда
болғаннан кейін осы кепілдік шарттарына сәйкес қозғалтқыш коммерциялық
мақсатта қолданылған деп есептеледі.
Сатып алғаныңызды дәлелдейтін құжатты сақтаңыз. Кепілдік бойынша
қызмет көрсету кезінде алғашқы сатып алу күнінің дәлелін көрсетпесеңіз,
кепілдік мерзімі өнімді өндіру күнінен бастап есептеледі. Briggs & Stratton
өнімдеріне кепілдік бойынша қызмет көрсеткізу үшін өнімді тіркеудің қажеті
жоқ.
Кепілдік туралы мәлімет
Бұл шектеулі кепілдік тек қозғалтқышқа қатысты материал және/немесе өндіру
мәселелерін қамтиды, ал қозғалтқыш орнатылатын жабдықты ауыстыруды не
оның ақшасын қайтарып беруді қамтымайды. Күнделікті техникалық қызмет
көрсету, бейімдеу, реттеу немесе қалыпты тозу осы кепілдікке кірмейді. Сондай-
ақ, қозғалтқыш өзгертілген не түрлендірілген немесе қозғалтқыштың сериялық
нөмірі өшірілген не жойылған болса, кепілдік қолданылмайды. Бұл кепілдік мына
себептерге байланысты туындаған қозғалтқыш зақымын немесе жұмыс істеу
мәселелерін қамтымайды:
1.
Briggs & Stratton компаниясы шығармаған, түпнұсқа емес бөлшектерді
қолдану;
2.
Қозғалтқышты аз мөлшердегі, кірленген не санаты жарамсыз маймен
қолдану;
3.
Кірленген немесе ескірген жанармай, мөлшері 10% астам этанол қосылған
бензин қолдану немесе Briggs & Stratton компаниясы қолданылуын
жобаламаған/арнап шығармаған сұйытылған көмірсутек газы не табиғи газ
сияқты балама жанармайларды қолдану;
4.
Ауа тазалағышына дұрыс техникалық қызмет көрсетпеу немесе қайта
құрастыру салдарынан қозғалтқышқа енген кір;
5.
Айналмалы көгалшапқыштың кесетін жүзімен затқа тию, бос немесе дұрыс
орнатылмаған жүз адаптерлері, қалақты дөңгелектер не иінді білікке
жалғанған басқа құралдар, V тәріздес белдіктің шамадан тыс қатты болуы;
6.
Briggs & Stratton жеткізбеген муфта, беріліс, жабдықты басқару құралдары
сияқты қатысты бөлшектер не түйіндер;
7.
Салқындату қалақтарын не сермерді бітейтін шабылған шөп, кір және
қалдықтар не кеміргіш ұяларының болуына байланысты немесе жеткіліксіз
желдетумен қозғалтқышты қолдану нәтижесіндегі қызып кету;
8.
Шамадан артық жылдамдықпен жұмыс істеуге, қозғалтқыштың бос
орнатылуына, жүздердің не қалақты дөңгелектердің бос не теңестірілмеген
болуына немесе жабдықтың құрамдас бөліктері иінді білікке дұрыс
бекітілмегеніне байланысты шамадан артық дірілдеу;
9.
Жабдықты дұрыс қолданбау, жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетпеу,
тасымалдамау, ұстамау, сақтамау не қозғалтқышты дұрыс орнатпау.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету жұмыстарын тек Briggs & Stratton
компаниясының Өкілетті қызмет көрсету дилерлері атқара алады.
BRIGGSandSTRATTON.COM сайтындағы дилерлерді табу картасынан немесе
1-800-233-3723 нөміріне қоңырау шалу арқылы (АҚШ-та) ең жақын Өкілетті
қызмет көрсету дилерін табыңыз.
80004537 (F нұсқасы)
Содержание 080000
Страница 2: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n 2 BRIGGSandSTRATTON com 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ...
Страница 3: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n 3 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ...
Страница 271: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n ...
Страница 272: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n ...