Not for
Reproduction
131
3.
Май деңгейін өлшейтін өзекті орнатып бекітіңіз (A, суреті15).
4.
Май өзегін шығарып алып, май деңгейін тексеріңіз. Дұрыс май деңгейі өзектің
толық белгісінің (B, суреті 15) үстіңгі жағында болуы тиіс.
5.
Май деңгейін өлшейтін өзекті қайта орнатып бекітіңіз (A, суреті 15).
6.
Оталдыру білтесінің сымын (D, суреті 14) оталдыру білтесіне (Е) жалғаңыз.
Ауа сүзгісіне қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның булары өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс қатты күйіктерге немесе өлімге әкелуі мүмкін.
• Ауа тазалағыш жинағы (бар болса) немесе ауа сүзгісі (егер бар болса)
(бар болса) алынған кезде қозғалтқышты оталдыруға және жұмыс істетуге
болмайды.
ХАБАРЛАМА
Сүзгіні тазалау үшін қысымдалған ауа немесе еріткіштерді
қолдануға болмайды. Қысымдалған ауа сүзгіні зақымдауы мүмкін, ал еріткіштер
сүзгіні ерітеді.
Қызмет көрсету талаптары бойынша
Техникалық қызмет көрсету жоспарын
қараңыз.
Әр түрлі модельдерде поролон немесе қағаз сүзгі қолданылады. Кейбір
модельдерде жуып, қайта қолдануға болатын қосымша алдын ала тазалау құралы
болуы мүмкін. Осы нұсқаулықтағы суреттер мен қозғалтқышқа орнатылған түрін
салыстырып, тиісінше қызмет көрсетіңіз.
Поролон ауа сүзгісі
Суретті қараңыз: 17
1.
Қақпақты ашыңыз (B, суреті 17).
2.
Поролон элементін шығарып алыңыз (С, суреті 17).
3.
Поролон элементін (C, суреті 17) сұйық жуғыш зат пен суда жуыңыз. Поролон
элементін таза шүберекке салып, құрғағанша сығыңыз.
4.
Поролон элементін (C, суреті 17) таза қозғалтқыш майымен қанықтырыңыз.
Артық қозғалтқыш майын шығару үшін поролон элементін таза шүберекке
салып, сығыңыз.
5.
Поролон элементін орнатыңыз (C, суреті 17).
6.
Қақпақты жабыңыз (B, суреті 17).
Қағаз ауа сүзгісі
Суретті қараңыз: 18
1.
Қақпақты ашыңыз (B, сурет 18).
2.
Сүзгіні шығарып алыңыз (C, сурет 18).
3.
Жабдықталған болса, сүзгіден алдын ала тазалау құралын (E, сурет 18)
алыңыз. Қалдықтарды сілкіп тастау үшін сүзгіні қатты бетке ақырын қағып
алыңыз. Сүзгі тым кір болса, жаңа сүзгімен алмастырыңыз.
4.
Алдын ала тазалау құралын сұйық жуғыш зат қосылған сумен жуыңыз.
Содан кейін оны ауада мұқият кептіріңіз. Алдын ала тазалау құралын
майлауға
болмайды
.
5.
Жабдықталған болса, құрғақ алдын ала тазалау құралын сүзгіде
құрастырыңыз.
6.
Сүзгіні орнатыңыз (C, сурет 18).
7.
Қақпақты жабыңыз (B, сурет 18).
Салқындату жүйесіне қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жылу бөледі. Қозғалтқыш бөлшектері,
әсіресе бәсеңдеткіш қатты қызып кетеді.
Оған тисеңіз, қатты күйіп қалуыңыз мүмкін.
Жанғыш қалдықтар, мысалы жапырақтар, шөп, бұтақтар, т.б. тұтануы
мүмкін.
• Бәсеңдеткішке, қозғалтқыш цилиндріне және тілімшелерге тимес бұрын, олар
салқындағанша күтіңіз.
• Бәсеңдеткіш пен цилиндр маңынан жиналған қалдықтарды алып тастаңыз.
ХАБАРЛАМА
Қозғалтқышты тазалау үшін су қолдануға болмайды. Су
жанармай жүйесін кірлетуі мүмкін. Қозғалтқышты щеткамен немесе құрғақ
шүберекпен тазалаңыз.
Бұл қозғалтқышты ауамен салқындатылады. Кір не қалдықтар ауа ағынына кедергі
жасап, қозғалтқыштың қызып кетуіне себеп болуы мүмкін. Оның салдарынан
қозғалтқыш өнімділігі төмендеп, қызмет мерзімі қысқарады.
1.
Ауа кіретін торды қалдықтардан тазарту үшін щетка немесе құрғақ шүберек
қолданыңыз.
2.
Жалғауларды, серіппелерді және басқару құралдарын таза ұстаңыз.
3.
Бәсеңдеткіш (бар болса) маңындағы және артындағы аумақты жанғыш
қалдықтардан таза ұстаңыз.
4.
Маймен салқындату қалақшалары (бар болса) кір мен қалдықтардан таза
екеніне көз жеткізіңіз.
Уақыт өте цилиндр тәрізді салқындатқыш қалақшаларда жиналып, қозғалтқыштың
қызып кетуіне себеп болуы мүмкін. Бұл қалдықтарды қозғалтқышты жартылай
бөлшектемей кетіру мүмкін емес. Ауамен салқындату жүйесін
Техникалық
қызмет көрсету жоспарында ұсынылғандай Briggs & Stratton
компаниясының өкілетті қызмет көрсетушісіне тексертіп, тазалатыңыз.
Сақтау
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету мүмкін.
Жанармайды немесе багінде жанармай бар жабдықты сақтаған кезде
• Пештерден, каминдерден, су қыздырғыштарынан немесе тұтату көздері бар
басқа құрылғылардан аулақ сақтаңыз, себебі олар жанармай буын тұтатуы
мүмкін.
Жанармай жүйесі
Суретті қараңыз: 19, 20
Ескертпе:
Кейбір үлгілерде тік сақтауға арналған жанармай багы болады, ал бұл
техникалық қызмет көрсету немесе сақтау үшін қозғалтқышты еңкейтуге мүмкіндік
береді (С, Сурет 19). Жанармай багы жанармай деңгейі индикаторының (D) түбінен
асырып толтырылған жағдайда тік күйде сақтамаңыз. Қосымша нұсқауларды
жабдық нұсқаулығынан қараңыз.
Қозғалтқышты түзу қойып сақтаңыз (әдеттегі жұмыс істейтін күйінде). Жанармай
багына (A, Сурет 20) жанармай құйыңыз. Жанармайдың кеңеюі үшін жанармай
багы мойнынан (B) асырып толтырмаңыз.
Жанармай сақтау сұйыққоймасында 30 күннен аса сақталса, ескіруі мүмкін.
Сұйыққоймаға жанармай құйған сайын өндіруші нұсқауларында белгіленгендей
жанармайға жанармай тұрақтандырғышын қосыңыз. Бұл жанармайдың
балғындығын сақтайды және жанармайға қатысты мәселелер мен жанармай
жүйесіндегі ластануды азайтады.
Нұсқаулар бойынша жанармай тұрақтандырғышы қосылған кезде жанармайды
қозғалтқыштан ағызып жіберу қажет емес. Сақтау алдында жанармай мен
тұрақтандырғыштың жанармай жүйесінде жылжуы үшін қозғалтқышты 2 минутқа
ҚОСЫҢЫЗ.
Қозғалтқыш майы
Қозғалтқыш әлі жылы болған кезде қозғалтқыш майын ауыстырыңыз. Май
ауыстыру
бөлімін қараңыз.
Just Check & Add™
үлгілері үшін майды ауыстыру
керек емес.
Ақаулықтарды жою
Көмек алу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз немесе
BRIGGSandSTRATTON.com
мекенжайына өтіңіз, я болмаса
1-800-233-3723
нөміріне қоңырау шалыңыз (АҚШ-та).
Сипаттамалар
Модель: 80000
Көлемі
7.63 ci (125 cc)
Диаметрі
2.362дюйм (60 мм)
Мікбас қимылы
1.75дюйм (44,45 мм)
Сыятын май көлемі
15унция (,44 л)
Оталдыру білтесінің аралығы
.020дюйм (,51 мм)
Оталдыру білтесінің бұрау моменті
180фунт-дюйм (20 Нм)
Содержание 080000
Страница 2: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n 2 BRIGGSandSTRATTON com 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ...
Страница 3: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n 3 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ...
Страница 271: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n ...
Страница 272: ...N o t f o r R e p r o d u c t i o n ...