xFUME
®
PRO/xFUME
®
COMPACT
8 Утилизациялау
KK
-
95
8 Утилизациялау
9 Кепілдік
Бұл өнім ABICOR BINZEL түпнұсқа бұйымы болып табылады.
Alexander Binzel Schweisstechnik GmbH & Co. KG компаниясы
бұйымның мінсіз өндірілгеніне кепілдік береді және аталған өнімді
жеткізген кезде техника күйіне және қолданыстағы ережелерге сәйкес
өнімнің зауытта өндірілгені және оның жұмысы үшін кепілдік беруді өз
міндетіне алады. Егер ABICOR BINZEL компаниясы өніміндегі анықталған
ақау үшін жауапты болса, ABICOR BINZEL компаниясы өз шешімі
бойынша өзінің есебінен ақауды жоюға немесе өнімді алмастыруға
міндетті. Кепілдік күші тек өндірістегі ақауларға таралады, алайда
қалыпты тозу, артық жүктеме не қате қолданыстан пайда болған
зақымдарды қамтымайды. Кепілдік мерзімі жалпы мәміле шарттарында
белгіленеді. Белгілі бір өнімдер бойынша ерекше жағдайлар бөлек
реттеледі. Түпнұсқа ABICOR BINZEL бөлшектеріне жатпайтын қосалқы
және ауысатын бөлшектер пайдаланылған жағдайда және
пайдаланушы немесе үшінші тұлға тарапынан өнімді жөндеу бойынша
лайықсыз әрекеттер орындалған жағдайда кепілдік күші жойылады.
Ауысатын бөлшектер әдетте кепілдікке жатпайды. Оған қоса
ABICOR BINZEL компаниясы біздің өнімдерді пайдаланудан пайда
болған зақымдар үшін жауапкершілік көтермейді. Кепілдік және қызмет
көрсету бойынша сұрақтарды өндірушіге немесе еншілес
компанияларымызға бағыттауға болады. Бұл туралы ақпаратты
интернеттен www.binzel-abicor.com веб-сайтынан табуға болады.
Осы таңбамен белгіленген құрылғылар “Жарамсыз электрлік және электрондық жабдықтар” 2012/19/EU Еуропалық
директивасына сәйкес келеді.
► Электрлік құрылғыларды тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
► Электрлік құрылғыларды тиісті утилизациялау алдында бөлшектеңіз.
► Электр құрылғыларының компоненттерін бөлек жинап, орау материалын экологиялық таза түрде қайта өңдеуге жіберіңіз.
► Жергілікті ережелерді, заңдарды, нұсқамаларды, нормалар мен нұсқауларды орындаңыз.
► Жарамсыз электрлік құрылғыларды жинау және қайтару туралы ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына
хабарласыңыз.